ТЕГІН ЖЕР НЕГЕ ҚЫМБАТ?

ТЕГІН ЖЕР НЕГЕ ҚЫМБАТ?

Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ жеріміз бола тұра, басыбайлы баспанаға әлі де зәруміз. Қала тұрмақ, ауылдың өзінде жеке үй салайын деген мақсатпен жер кезегіне тіркелсең, жылдап күтуге мәжбүрсің. Ал ебі барлар екі асап, бір емес, бірнешеуіне ие болып алған. Жер сатуды кәсіпке айналдырғандар да жетеді. Атасының құнын сұрап, бағаны аспандатып тұрған – солар. «Алаш айнасы» осы мәселеге алаңдайды.
Мысалы, Атырау қаласы мен әуежайдың арасын жалғап тұрған «Нұрсая» ықшамауданынан он сотық жер алғыңыз келсе, иесіне 50-60 мың долларды шытырлатып санап бересіз. Облыс орталығына тиіп тұрса да, әлі күнге табиғи газ тартылмай, суды құдықтан ішіп отырған «Жұлдыз» ықшамауданының өзінен 30-40 мың долларға жер тапсаңыз, қуана беріңіз. Ал Жайық жағасына жақын маңдағы жердің бағасы тіпті қымбат. Сіз банктің есігін қайта-қайта қағып жүріп алған несиеңізге әйтеуір іздегеніңізді тапқаныңызға мәзсіз, бірақ алған жеріңізге Қожанасырдың қиялындағыдай шалжиып барып жата кетпесіңіз анық. Үй салудың азабы тағы бар.
«Бармақ басты, көз қыстымен» заңсыз жер беру фактілері Атырауда аз кездескен жоқ. Өткен жылдың өзінде облыстағы аумақтық жер инспекциясы сот органдарына алпысқа жуық талап-арыз жолдады. Олардың 37-сі қанағаттандырылып, 410 га жер телімі мемлекетке қайтарылды. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлердің маңынан заңсыз берілген жерлердің кері алынып, орындарына балалар ойнайтын алаңдар салынғаны - құптарлық іс.
Аумақтық жер инспекциясының бастығы Ғибрат Сүлейменовтен білген мәліметке сүйенсек, былтыр осы салада 1800 заң бұзушылық анықталыпты. Жер алған соң, оны уақытында игеру керек. Ал біз баяғы әдетімізге басып, созып жүріп аламыз. «Жылан жылы облыс бойынша тұрғын үй құрылысы үшін беріліп, пайдаға асырылмай тұрған 2007 құжат инспекцияға келіп түсті, - дейді Ғ.Сүлейменов, - Жеке сектордан бөлек, ауылшаруашылығы мақсатында берілген жер телімдері босқа тұрған фактілер көп. Мысалы, Махамбет ауданында 204 жер пайдаланушы алған жерлерін пайдаға асырмай отыр. Бұл- 15 567 мың гектар жер бос жатыр деген сөз». Олардың  бір бөліктеріне инспекция тарапынан ескерту берілсе, енді біріне кері қайтаруға нұсқама жіберілген. Жер телімдерін мәжбүрлеп тартып алу үшін сот органдарына талап-арыздар жіберілген жайттар да бар.
Кәсіпкер Нұрлыгүл Дүйсеноваға өткен жылы шеберхана салу үшін Атырау-Еркінқала тас жолының бойынан жер телімі бөлінген еді. Бірақ, жерді белгісіз біреу қоршап алған. Ал ол белгісіздің аты-жөнін тіпті құзырлы мекемелердің өздері білмей дал. Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып қойған Нұрлыгүл енді не істерін білмей әлек болып жүр. Осы мәселе бойынша Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне арызданған, ондағылар кәсіпкердің құжаттары дұрыс рәсімделгенін, көмектесетіндерін айтып шығарып салыпты.
Жеке тұрғын үй үшін жер телімін бөлу мұнайлы аймақта уақытша тоқтатылған еді. Енді ғана сең қозғалды, биыл 2002-2005 жылдары кезекке тұрғандар жермен қамтамасыз етіледі. Бүгінде қала бойынша 57 мың адам жер кезегінде тұр. Ал жалпы еліміз бойынша бұл кезекте тұрғандар саны 1 млн 300 мың адамды құрайды екен. Айтпақшы, ендігі жерде жер салығына байланысты тәртіптер қатая түспек. Облыстық салық департаментінің басшысы Айгүл Рзағұлова енді нысан құрылысын салуға алынған жер телімі уақытында пайдаланылмаса, жер салығы он есе қымбат төленетінін айтады.
Өткен жылы жер мәселесі Парламентте қаралғанда депутат Камал Бұрхановтың: «Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған, 17 миллион ғана халқы бар елдің азаматтарына он сотық жерді беруді қиындатып жіберуі күлкілі жағдай, тіпті күлкілі емес, күйік» деп еді. Амал не...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста