Таксиді тақымдайтын мемлекеттік тізгін қажет

Таксиді тақымдайтын мемлекеттік тізгін қажет

«Елімізде такси қызметін пайдаланушылар легі жылдан-жылға артып келе жатқандықтан, қазақстандық таксилер жұмысын халықаралық талапқа сай еткені жөн»... Бұл мәселені біздің сөз еткенімізге біраз уақыт болды. Өткенде көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ мырзаның өзі елдегі осы саладағы қызмет түрін жандандыру қажеттігін, бұл сала қызметінде халықаралық талапқа сай меженің төмендігін сөз еткен-ді.
Негізінде, халықаралық талапқа сай такси қызметіне қойылатын міндеттемелер: қырағылық және сыпайылық; көліктің қауіпсіз болуы; тазалығы; техникалық байқаудан өтуі; сондай-ақ таксистің кем дегенде бес жыл көлік жүргізген тәжірибесінің болуы; тұрғындардың такси қызметіне тапсырыстарын қабылдайтын диспетчер қызметінің болуы; көлікте таксометрдің орнатылуы және көліктердің түсі бірдей болуы қажет... Міне, халықаралық талап такси қызметіне осындай міндеттемелер жүктейді. Алайда біздегі бұл қызмет түрінің сапасы да, қызмет құны да бір-бірімен үйлесімділік таппай жататыны жасырын емес...
«Пролетка» таксилер көбейді
Жалпы, бұқара көп шоғырланған Алматы қаласы бойынша сөз етер болсақ, мұндағы такси қызметінің орташа құны 800-1000 теңгенің аралығында. Қызметтің жұмысы күндізгі және түнгі болып бөлінеді. Ең қолайлы уақыт таңғы 7-ден басталып, 12-ге дейін жалғасады. Таксистердің кептеліс саналатын уақыты күндізгі сағат 12 мен 14 сағат арасы болса, кешкісін 17 сағат пен 19-ға дейін. Бір қызығы, қазірде такси қыз­метінің өзгеше атаулары кеңінен тарап та үлгерді Мәселен, «тачка», «мотор», «зеленый огонек», «тачанка», «пролетка» тәрізді атауларды тұрғындар біздегі такси қызметінің сапасына қарай атап жүргені жасырын емес. Тұрғындар бүгінде такси көліктерінің ішкі және сыртқы ластығынан, баратын жерге жолақысын тым қымбаттатып айтатынынан, жолаушыны апара жатып, жолда тұрған адамды алып кететінінен әбден запы болған. Тіпті таксилерді телефон соғып шақыр­ғанда, уақытында келмейтіні, тым асығыс жүр­гендіктен, жолаушының мазасы кететіндігі, жолаушы ірі ақша беріп тұрса, өзінде ұсақ ақша жоқ екендігін айтып, жолаушының өзін ақшаны ұсатып келуге жұмсауы тым әбестік екендігі халықаралық талапта «тайға таңба басқандай» етіп көрсетілген. «Әйтсе де біздегі қызметтің бұл түрі мұндай олқылықтарды түзеуге ынты-шынтымен тырысып жүрген жоқ» деседі ма­мандар.
Бағдат ТЕЛТАЕВ, техника ғылы­мы­ның докторы, профессор:
– Такси қызметі орташа қауіпті жұ­мыстардың қатарына жатады. Бірақ біздегі осы қызмет түрінде жұ­мыс істей­тін таксистер мұның жауап­кершілігін сезіне бермейді. Біздің қаламызда жүрген жүрістері тым асығыс «пролетка» таксилер көбейіп кетті. Ал мұның арты жол көлігі оқиғаларының орын алуына және басқа апатты жағдайларға апа­рып соқтырып жатады. Сон­дық­тан біз­дегі таксистердің қызмет көрсету дең­гейіне бақылау қажет. Таксистердің өміріне зиян жасап, ауыр  қылмыстардың да болып жататыны айдан анық, үнемі жол үстінде қырағылықта отыратын так­систердің көздері нашарлап, жүйке жүйесі ауруына шалдығу қаупі тағы бар. Демек, бұл қызмет түріне барғысы келе­тін мамандар арнайы сынақтардан өткені жөн.

Арзан такси қайда бар?
Білесіздер, былтыр бұл қызмет түрі 200 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін так­сис­тердің қызметіне жүгінгеніміз үшін 500-700 теңге төлеп келсек, былтырдан бері орташа есеппен 800-1000 теңге төлеп жүр­міз. Қазірде өздеріне тұтынушы жинап алу үшін бұл кәсіп түрімен шұғылданып жүрген филиалдар түрлі жарнамалар жасау­ға тым құштар. Мысалы, 158, 555, 390-67-67 нөмірлеріне қоңырау шал­са­ңыз, олар сол сәтте-ақ өздері жайлы жар­на­ма­ларын жайып салады. Айналып кел­генде, қызметіне жүгінсеңіз, көңіліңіз ор­тайып, қаптаған жарнаманың сылдыр сөз екендігіне көз жеткізесіз... Мысалы, сол жарнамалардың бір парасы былай тізбектеледі: бізге қоңырау шалу тегін; такси бағасы арзан – 400 теңге; жолау­шы­ның жайсыз сезінбеуіне кепілдік береміз; әр шақырымына 70 теңге (есептей беріңіз, шақырымына 70 теңге болғанда ақыр соңында кем дегенде 100-1500 теңгеңізді қақ­шып алады); чектік қызмет ету; авто-бала күтушіміз бар; ішімдік ішпеген жүр­гі­зуші (!) (мас күйінде жолаушы таситын таксистердің барын осы жарнама растай түсе ме қалай?!) Тізе берсек, мұндай жар­на­малардан көз тұнады...  Ал елдегі такси құнының қымбаттығын сөз етсек, олар бірден жанар-жағармайдың қымбаттығын; қосалқы бөлшектердің, көлікті жөндетудің қымбаттығын сылтауратады. Айтуларынша, қазірде техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, жөндеу, жанар-жағармай қым­бат болғандықтан, такси бизнесімен айналысып отырғандарға ауырлық түсуде. Сондықтан болашақта арзан такси қыз­метіне жүгіну-жүгінбеуіміз екіталай... Такси бизнесімен айналысатын филиалдар осы­лай деп мұң шақса, таксистердің де айтар базынасы жоқ емес. Айталық, таксист бір ауданда жүріп, күніне 10 мың теңге тапса, оның 1200 теңгесін диспетчер қызметіне береді, жанар-жағармайына қосымша беруі тиіс, тағы басқа қосалқы шығындарын есептегенде таксистердің қолында тапқан 10 мыңның 25 пайызы қалады. Сондықтан да таксистер «барынша асығыс, үлгерімді жылдамдатуға тырысамыз» деседі.
«Жолшыбай такси» жөн екен...
Сонымен, бұл салада арзан әрі сапалы қызмет түріне жүгінудің ауылы әлі де алыстау екені мәлім болған тәрізді... Тіпті қайсыбір сарапшылар бұл салада қала ішін­дегі жолаушы тасымалынан, қала­ара­лық тасымалдың өнімді әрі табысты екенін алға тартуда.
Үсен АМАНБАЕВ, экономист-ғалым:
– Таксистердің өз арасында қала­ара­лық жолаушы тасымалы «жолшыбай такси» аталып кеткен. Деректерге жүгін­сек, нақ қазір осы «жолшыбай такси­лер­дің» тапқан табысы да, істеген ісі де қомақты. Бір айта кетерлігі, бұл так­сис­тер арнайы салық төлемейді. Олардың өзіндік орнатып алған кезегі бар. Сол кезек арқылы жолаушыларын толтырып алады да, діттеген жеріне жеткізіп салады. Ал оларды арнайы бақылап оты­ратын диспетчерлер мүлде жоқ. Түсімдері айтарлықтай... Сондықтан, менің ойымша, осы жолшыбай такси қызметіне арнайы салық төлеуді енгізу қажет. Олар да арнайы тіркеуден өтіп, лицензия алып, түскен табысының 5 пайызын немесе 7 пайызын салық ретін­де төлеп отырса бір реттілік орнай­тын еді. Сондай-ақ әлеуметтік такси желісін дамыта алсақ, осы арқылы халыққа дүкеннен азық-түлігін уақы­тын­да әкеліп беретін жүйені жетілдіре алсақ, сондай-ақ мүгедектерге қызмет көрсететін таксилердің жұмысы алға басса оң болар еді... Жалпы, такси қыз­метіне жүгіну кезінде баршылықтың белгісі болса, қазірде бұл – заман қажеттілігі. Алматы тұрғындарының үш­тен екісі қазір осы қызмет түріне жүгінеді. Сондықтан осы салаға бақы­лауды күшейткен жөн.

Қалай десек те, келешекте біздің бұл қызмет түріне жүгіну қарқынымыз арта беретіні рас. Қазір Алматы қаласы бойын­ша такси бизнесімен айналысатын 20 шақ­ты арнайы филиал бар. «Олардың сапында осы бизнес түрін тек өз пайдасына ғана жаратып, қара басының қамы үшін халық­тың қалтасына түсіп отырғандар да бар». Ендеше, мамандар сөз еткендей, бұл сала­дағы арнайы салық түрі, қызмет көрсету сапасы, қызмет құны белгілі бір өлшеммен үй­лесімділік табуы тиіс. Бір сөзбен айт­қанда, біздегі такси бизнесін тақымдап уыс­та ұстап отыратын мемлекеттік тізгін керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста