Табыс теңсіздігі мен халық денсаулығының арасында қандай байланыс бар?

Табыс теңсіздігі мен халық денсаулығының арасында қандай байланыс бар?

Экономистер, әлеуметтанушылар мен эпидемиологтар табыс және табысты бөлудегі теңсіздік пен денсаулықтың арасындағы байланысты түсіндіретін бірнеше гипотезаларды айтқан. Табыстың денсаулыққа әсері туралы идеяны С.Престон еңбектерінен байқаймыз. С.Престон аз табыс табатын адамдардың денсаулығының нашарлауы көп табыс табатындарға қарағанда жоғары болады деген тұжырым жасаған. Бай адамнан кедей адамға берілген доллардың денсаулыққа әсерін салыстырмалы түрде қарағанда, кедей адамның денсаулығының жақсаруына әсер етуі, бай адамның денсаулығынының төмендеуіне қарағанда көбірек болады. Осыдан барып елдің орташа денсаулығының жоғарлауы орын алады. Бұл тұжырым абсолютті табыс гипотезасы деп аталады. Бұл гипотезаға сәйкес әр индивидтің денсаулығы тек өзінің ғана табыс деңгейіне байланысты болып табылады. Егер орташа табыс деңгейі бірдей екі елді салыстыратын болсақ, табысты бөлудегі теңсіздік орнаған елге қарағанда, табысты бөлудегі тепе-теңдік орнаған елде денсаулығы мықты адамдар көбірек болады. А.Дитонның айтуы бойынша бай елден кедей елге табыстың қайта бөлінуі әлемдегі орташа денсаулықты жақсартады екен.
Абсолютті депривация немесе кедейлік гипотезасы жоғарыда айтылған гипотезаға өте ұқсас. Индивидтің қаншалықты табысы төмен болса, сәйкесінше көптеген кедейлікпен байланысты факторлардың: азық-түліктің жетіспеушілігі, медициналық қызметтің төмендігі, физиологиялық тәуекелдер әсерінің нәтижесінде, соншалықты оның денсаулығы да төмен болады. Осы гипотезаға сәйкес бай адамнан кедей адамға берілген доллар кедей адамның денсаулығының жақсаруына ықпал етеді де елдің орташа денсаулығы жоғарылайды.
Табыстылыққа қатысты гипотезаға сәйкес тұрғын халық денсаулығы индивидтің қоғамдағы табысының орташа көрсеткішімен сипатталады. Егер елде бай адамдар мен кедей адамдардың табыстарында көп айырмашылық болса, онда елдегі орташа табыс деңгейі көтеріледі де, бағалардың сонымен қоса медициналық қызмет құнының өсуі орын алады, кедей қоғамның медициналық қызметті пайдалану мүмкіндігі азаяды, нәтижесінде тұрғын халық денсаулығы төмендейді.
Табыс теңсіздігі гипотезасы. Р.Вилкинсонның пікірі бойынша табыс теңсіздігі – «денсаулықтың айтарлықтай күшті детерминантты» және «заманауи қоғамның өмір сүру сапасын айтарлықтай тежейтін фактор».
Табыс теңсіздігі мен денсаулықтың арасындағы байланысты анықтайтын үш концепция бар:
1. Жеке табыстың концепциясы;
2. Қоғамның психоәлеуметтік концепциясы;
3. Неоматериалдық концепция.

Р.Вилкинсон адамдар өзінің әлеуметтік жағдайын қоғамдағы басқа адамдармен, яғни ауқаттырақ адамдардың әлеуметтік жағдайымен салыстырады деп тұжырымдайды. Әлеуметтік теңсіздік жоғары болған сайын кедей халық өздерінің әлеуметтік дәрежесінің төмен екенін түсінеді. Бұл стресс тудырады, соның нәтижесінде адамдар жүрек-қан тамыры ауруына шалдығады, депрессияға ұшырайды, сонан соң алкогольді ішімдік ішіп көлік жол апаттарын тудыруы мүмкін және т.б. Осылайша табыс теңсіздігі кедей халықтың денсаулығы нашарлауының себебі болып табылады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша табысы, әлеуметтік-экономикалық статусы жоғары адамдардың басқаларға қарағанда денсаулықтары жақсырақ болады. Дәлірек айтсақ, бұндай зерттеуді испан ғалымдары бірнеше жыл бойы планетамыздың әр жерінде жүргізген. Яғни, адамдардың жеке табыстары денсаулыққа оң әсер етеді. Сонымен қатар білімділік деңгейінің де денсаулыққа оң әсері байқалған. Мысалы, статистикалық деректерден білім деңгейі жоғары адамдардың мүгедек болып қалу және қатерлі ауруларға шалдығу тәуекелділігі мен ықтималдылығы басқаларға қарағанда төмен болғандығы байқалған. Адамдардың өзін қорғау мінез құлқы да білімнің нәтижесінде қалыптасады. Зерттеу барысында аурулардың 30 %-дан астамы отбасындағы келеңсіз жағдайлардан болғаны байқалған. Әдетте бірқатар мәселелер ақшаның жетіспеушілігінен пайда болады. Адамдардың дұрыс тамақтануы, медициналық тексерілуі, емделуі және денсаулыққа қолайлы жағдайы жоғары табыс болғанда ғана қамтамасыз етіледі. Қызмет дәрежесі жоғары болған сайын, жұмыс орны мен жағдайы қолайлырақ болып келеді. Ауыр жұмыстар істеп табыс табатын адамдардың денсаулығының нашарлайтыны түсінікті жайт. Сол себепті жоғарыда қарастырылған табыс деңгейі, білім деңгейі, жұмыс жасау жағдайы өзара байланысты және әдетте қатар жүреді. Олардың барлығы адам денсаулығына тура әсерін тигізеді.

Ләззат Сейітқазықызы Спанкулова,
Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Седеп Тохтамуратқызы Мыржакыпова
Экономика ғылымдарының докторы,
профессор,
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста