Шуаш сасыған шәркей – майтабандылыққа төте жол...

Шуаш сасыған шәркей – майтабандылыққа төте жол...

Бүгінде әскерге шақыртылған жігіттердің үштен бірі майтабан дертінен зардап шегеді екен. Дәрігерлер осылай дейді. Дені сау, зіңгіттей жігіттердің бір қарағанда ешқандай дерт мазаламайтын сықылды. Ал түптеп келгенде ешуақытта жазылмайтын майтабан ауруынан азап шегетіні белгілі болып шығады. Оның түпкі мәнісіне үңілсек, дерттің дендеуін бала шақтан іздеген жөн сияқты. Дерматолог дәрігерлер бүгінде түрлі тері ауруларының соның ішінде аллергиялық дерматит дертінің тым ушығып кеткенін айтып дабыл қағуда. Оның басым бөлігі қытайдан әкелінген аяқ киімдерге барып тіреледі.
Расында бүгінде еліміздегі аяқ киім нарығын қытай тауарлары басып алғаны белгілі. Қытайдың әлемдік аяқ киім нарығындағы үлесі 60 пайызды құрап отыр. Әлем бойынша шығарылатын 10 миллиард жұп аяқ киімнің 6 миллиардын кытай кәсыпорындары өндіреді екен. Отандастарымыздың аяғындағы шәркейлердің 75 пайызы тағы да сол қысық көзділердің тауарлары. Сан жағынан дес бермегенімен сапаға келгенде сүрінетін аспанасты елінің тауарлары жайлы айтыла айтыла жақ талды бүгінде. Дәрігерлер дәл осы аяқ киімдерді тұтынғандардың 75 пайызы жалпақ табандылық дертіне ұшырайтынын айтады. Мұнымен ғана шектелмей 12 түрлі дауасы жоқ дертке душар ету қаупі бар. Әртүрлі химиялық қоспалар қосылған жасанды теріден тігілген етіктер буын, аллергиялық аурулар мен ісік ауруларын қоздыратын көрінеді. Ісік ауруының асқынуына қытай өнімдерінде молынан кездесетін формальдегид қоспасы себеп болуда. Ал иісі мүңкіген шуаш ауруының негізгі көзі тағы да сол қытай аяқ киімі. Бұрын мұндай дерт бірді-екілі адамдарда ғана кездессе, бүгінде «заманауи» аурулардың қатарына қосылып, екінің бірі шалдығуда. Ауа «экологиясына» әсер ететін мұндай иісті кез-келген қытай тауарынан байқауға болады. Аяғының иісінен ыңғайсызданып, көпшілік жиылған жерлерге баруға ыңғайсызданатындар да бар. Аяқ киіммен қоса ауру сатып алғандар бүгінде дерматологтардың алдын бермей жүр...Кішкене бала кезден аяқ киімнің кесірінен майтабандылыққа ұшырату үшін әдейі ойластырылған шара ма деген де қауіп ұялайды кейде. Бүгінгі бала ертеңгі отан қорғаушы жауынгер болуы тиіс. Жанды жерімізден ұстаған «жау» қарусыз «жаулап алуды» көздеп отырмағай. ... Мамандардың беретін кеңесі: балаларды жас кезінен бұл дертке ұшырамау үшін ақшаны аямай мықты да сапалы аяқ киім таңдау қажет. Қандай да бір ауытқу пайда болған жағдайда дәрігерге көрсетіп, ортопедиялық аяқ киім пайдалана тұрған да дұрыс... Өткен жылы дерматология, косметология жә­не эстетикалық медицина ма­ман­дарының елімізде өткізген ІІ Еуразиялық конгресінде дерматологиялық аурулар кеңінен талқыға түсті. Осы басқосуда елімізде соңғы кездері өршіп кеткен дерттер, олармен күресудің, алдын алудың жолдары кеңінен талқыланды. «Елімізде бұрынғы кезде псориаз, қабыршақты теміреткі секілді жұқпалы тері аурулары көп кездесетін. Қазіргі кезде бұл аурулар түрі айтарлықтай төмендегенімен, орто­пе­дия­лық дермотит ауруы бірінші орынға шықты. Жалпы бұл дерт аллергия ауруымен тікелей байланысты. Көп жағдайда әрқилы деңгейдегі қы­шы­ма түрінде шығып жатады. Өте қатты қы­шитындықтан, науқастардың көбі пси­хи­калық ауытқуларға ұшырап жатады», – деген-ді Алматыдағы Дәрігерлердің білімін же­тілдіру институтының профессоры Зей­неп Есенқарина. Дәрігерлердің айтуынша «Күміс медальді» екінші орында тұрғаны – саңы­рау­құ­лақ­ты аурулар. Бүгінде бұл өте күрделі мәселеге айналып отыр. Соңғы әлетте тіптен кеңінен етек жайып барады. Мамандар мұның әлеуметтік жағдайларға байланысты болуы да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Расында бүгінде «Распродажа» деп үлкен етіп жазылған бутиктерде арзанқол қытай өнімдері сықасып тұр. 1 мың теңгеге тәпішке, 2,5-3 мың теңгеге етік алуға болады. Қайдағы батпанқұйрық дерсіз, бір екі кигеннен кейін қақырап түсіп қалатын өнімдер. Бағасына сапасы сай. Осы өнімдердің бәрі де ауру тарататын ошақ десек қателеспеспіз. Дәл осыдан дерт тапқандардың дені тиісті орындарға шағына бермейді. Әрі «баяғы жартастың» кебін киетініне сенімді болған соң да қолды бір ақ сілтейді. Расында көп жағдайда бізде тұтынушылардың құқығы қорғала бермейтіні рас…Қара базарды жаулап алған қытайский аяқ киімдерінің сапасын тексеру, қажетті құжаттамаларын талап еткенмен шара көрілу жағы кемшін екенін ешкім де жоққа шығармайды. Сәйкестік сертификатын талап еткенмен оны көрсете қоятындай сатушылардың көбінде жоқ та. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өткен жылы тексеру барысында Түркияның «Лотто» өндіріс орны шығарған аяқ киімнің адам ағзасына аса қауіпті қоспалары барын анықтаған болатын. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 317 -бабы бойынша, айыппұл салынған. Ескертуге есі кірмегендерге мәселен, жеке тұлғаға 5-10 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл төлесе, жеке кәсіпкер 20-30 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаға 80-100 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ресми емес дерек көздерінің мәліметіне құлақ ассақ қара базардағы аяқ киімдердің 90 пайызының сәйкестік құжаттары жоқ.көрінеді. Облыстардағы тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің мамандары көбіне тұтынушының құқығын қорғау қиынға түсетінін айтады. Ең әуелі олар фискалды чек талап етсін дейді. Қара базардағы сатушылардың ешқайсысы да мұндай чек бермейді. Куәгерінің де сөзі өте бермейді. Осылайша дәрменсіз күйде. Сондықтан да ақшаға аяқ киіммен қоса ауру да сатып алмас үшін арнайы дүкендерден сапалы аяқ киім сатып алған дұрыс деп кеңес береді. Алайда мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Сол себептен арзанқол қытай тауарына жүгіреді. Айналып келгенде көп зардап шегетін де өздері... Сонда тұтынушының құқығын кім қорғайды? Және қашан?
Дәрігер... дейді

Перизат Абдрашева, дәрігер-дерматолог:
Көбіне аспан асты елінен асып келген аяқ киімдер анатомиялық өлшемдерге сай келе бермейді. Аяққа ыңғайлы емес. Соның кесірінен жай табандылық, буын аурулары, варикоз пайда болады. Бір жұққан соң қайтып жазылмайтын шуаш иісті аурулар да осы аяқ киімнен пайда болады.

Тұтынушы... дейді

Айман Ескелдиева, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Былтыр «Бекжан» базарынан аяқ киім сатып алдым. Кигеннен кейін бір-екі күннен соң аяғым қыши бастады. Кейде тіпті қатты қасығандықтан сары суы шығып кететін. Аяғымды жара қаптап, шіріп кетуге шақ қалды. Содан қаладағы тері-венерологиялық ауруханасына барып, дерматологқа қаралдым. Дәрігер «саңырауқұлақ» деп диагноз қойды. Аяқ киімді 3 мың теңгеге алып едім, емделуге 10 мың теңгем кетті. Сөйтіп дәрі жазып берген. Әлгіні қолдансам одан сайын қозып барады. Басқа дәрігерге қаралдым, ол аллергиялық дерматит деп диагноз қойып басқа дәрі жазып берді. Ал аяқ киімді лақтырып тастауға кеңес берді. Содан кейін қытай аяқ киімін кисем аяғым бұрынғыдай қыши береді. Аузым күйген соң қазір тек түріктің бутиктерінен алатын болдым... Осылайша ақшамыз желге ұшып, оған қоса ауру тауып, оны емдетуге тағы шығындалып жатамыз. Тұтынушылардың құқығын кім қорғайды сонда?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста