"Стартап-тур- 2015" халықаралық шараға айналады

"Стартап-тур- 2015" халықаралық шараға айналады

Алғаш рет рет ресейлік «Стартап-тур -2015» Ресей аумағынан тыс жерде, биылғы жылдың 19-20 наурызында Қазақстанда Almaty Management University (ALMAUniversity) алаңында өтеді. Алматы қаласы – «Стартап-тур-2015» жобасын өткізуде Ростов, Томск, Нижний Новгород, Қазан және Екатеринбургтен кейінгі алтыншы қала болып отыр.

Жоба туралы Ресей үкіметі төрағасының орынбасары, Аркадий Дворкович,
- Бүкілресейлік «Стартап-тур – 2015» Ресей аумағынан асып, Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде жалғасуы – біздің жобаның логикалық дамуының көрінісі. Еуразиялық экономикалық интеграция және бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселелерінде инновациялық кеңістік те аса маңызды интеграциялық үрдістердің бірі. XXI ғасырда прогресс тек жоғары технологиялардың даму негізінде ғана жүзеге асады. Сондықтан бұл салада инновациялық технологияларды бірлесе дамытып, оларды ЕЭК және әлемдік нарыққа шығаратын ғалымдарымыздың, жобалаушылар, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету арқылы бір-бірімізге көп нәрсе бере аламыз. «Стартап-тур- 2015» Ресей, Қазақстан және Белоруссиядағы инновациялық қауымдастықтар арасында тұрақты байланыс қалыптастырып, бұл бағыттағы маңызды қадам бола алады. Келер жылы өтетін «Стартап-тур-2016» жобасына Армения мен Қырғызстан да атсалысатынына сенемін,-деді.
Биыл төртінші рет өткізілетін ресейлік «Стартап-турдың» мақсаты – жоғары технологиялы нарыққа қажетті инновациялық шешімдер іздеу және жас жобалаушылардың даму стратегиясын жоспарлауына көмектесу. «Стартап-турдың» алға қойған мақсаттарының бірі – инновациялармен қандай да бір байланысы барлардың бәрі қосылатын, яғни ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, ЖОО студенттері мен оқытушылары, шағын, орта және ірі жоғары технологиялық бизнес өкілдері, тәуекелшіл инвесторлар, билік органдарының өкілдері кіретін инновациялық қауымдастықтар қалыптастыру.
Екі күндік «Стартап-тур» бағдарламасының негізгі бөлігі мынадай бағыттар бойынша конкурс негізінде іріктеуге арналады:
• Ақпараттық технологиялар;
• Биологиялық және медициналық технологиялар;
• Энергоүнемдеуші технологиялар;
• Өнеркәсіптік технологиялар және материалдар;
• Балаларға арналған инновациялар.
Іріктеуге кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлғалар, яғни шағын инновациялық компаниялар, ғылыми ұжымдар, ғалымдар, студенттер, кәсіпкерлер қатыса алады. Идеядан дайын өнімге дейінгі кез келген сатыдағы жобалар қарастырылады. «Стартап-тур» қатысушыларына өз жобаларын сарапшылар алдында және жобаға қызығушылық білдіретін инвесторлар алдында қорғауға мүмкіндік беріледі.
Көрсетілген әр бағыт бойынша үш жеңімпаз анықталып, оларға Стартап-тур серіктестері мен қосалқы ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар беріледі, сонымен қатар Ресейде өтетін аса ірі стартаптар конференциясына Startup Village (Мәскеу, 2-3 маусым, 2015 ж, «Сколково» инновациялық орталығы) шақырылады.
Сондай-ақ «Стартап-тур» бағдарламасына инновациялық жобаларды жүзеге асыру саласының жетекші мамандарының шеберлік сабақтары, семинарлар мен тренингтер кіреді.

Анықтамалық ақпарат

Іс-шара Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өтеді. Қосалқы ұйымдастырушылар: Ұлттық инновациялық кластер - Almaty Tech Garden және Almaty Management University. Ұйымдастыру жөнінде серіктестер және ақпараттық қолдау көрсетуші: Алматы бизнес ассоциациясы, Қазақстанның Жас кәсіпкерлер клубы, ҚР Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі, DAMU, КАЗКА Қазақстандық кәсіпкерлер ассоциациясы.

Жоғары технология саласындағы жобаларды жүзеге асыратын Ресейдегі перспективалы инновациялық жобаларды іздестіру, жаңадан бастаған стартап-командаларды дамыту - «Сколково» қорының Жастар ісі жөніндегі федералды агенттік, Ғылыми-техникалық саладағы кәсіпорынның шағын түрлерін дамытуды қолдау қоры, Ресей аймақтарының инновациялық ассоциациясы, Стратегиялық бастамалар агенттігі, РОСНАНО, РВК және Балалар тауарлары индустриясы ассоциациясы өкілдерімен бірлесе жүзеге асыратын аса ауқымды жобасы.

2015 жылдан бастап «Стартап-тур» халықаралық мәртебеге ие болды: ресейлік 10 қаладан басқа роуд-шоуға Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы қосылды.

Аймақтық іс-шаралар Ресей Экономикалық даму министрлігі, Ресей Байланыс және коммуникация министрлігі, Ресей Білім және ғылым министрлігі, Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі, Еуразия экономикалық комиссиясы, сондай-ақ, Ростов, Томск, Нижегород, Свердловск, Красноярск және Мәскеу облыстарының, Санкт-Петербург, Приморск өлкесінің және Татарстан мен Башқортстан Республикаларының үкімет әкімшіліктерінің қолдауымен өткізіледі. Іс-шаралардың іскерлік серіктестері: Сколковск ғылым және технологиялар институты (Сколтех), Сколково Робоорталығы, РОССЕТИ, INTEL, АВТОВАЗ, РТИ, СБЕРБАНК, EMC, SAP, CISCO компаниялары.
Rst.startupvillage.ru

«Сколково» қоры
Жобаларды дамыту және жаңа технологияларды коммерциялизациялау орталығы «Сколково» қоры — Ресей үкіметі 2010 жылы қыркүйекте құрған бейкоммерциялық ұйым. Қордың мақсаты – Ресейдің заманауи қолданбалы зерттеулер саласындағы ресурстарды мобилизациялау, технологиялық дамудың негізгі бес бағыты бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау, олар: энергетика және энергоүнемдеушілік, ғарыш, биомедицина, ядролық және компьютерлік технологиялар.

Жоба Сколковск ғылым және технология институтын (Сколтех), бизнес-инкубатор, технологиялар жеткізу және коммерцияландыру орталығын, шетелдік компаниялар өкілдіктерін және R&D-орталықтарды, тұрғын-үй ғимараттары мен әлеуметтік инфрақұрылымдарды қамтиды және осындай тиімді режимді Ресейдің басқа инновациялық аймақтарына таратуды көздейді.
«Сколково» инновациялық орталығының қызметі оның резиденттеріне айрықша экономикалық жағдай жасайтын арнайы заң бойынша реттеледі.
www.sk.ru

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста