Сіздер айтпасаңыздар, білмейтін еді: Министр пияз бағасына журналистерді кінәлады ма?

Сіздер айтпасаңыздар, білмейтін еді: Министр пияз бағасына журналистерді кінәлады ма?

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 
 
 
«Сіз осы лауазымға келген бетте бағаны тұрақтандыру бойынша керемет жоспар құрамын, кейін бәрін бөлісемін деген болатынсыз. Бірақ тұрақтанған бағаны көріп тұрған жоқпыз. Соңғы екі апта бойы Премьер-министр инфляциямен күресуге қайта-қайта тапсырма беріп жатыр. Қашан нәтиже болады?» деп сұрады БАҚ өкілдері ведомство басшысынан. 

Менің сізге айтқаным: «Маған үш апта уақыт беріңіздер. Біз бір шешім қабылдаймыз» дедім. Сол шешім қабылдап, жұмысты атқарып жатырмыз. Әкімшіліктер өздерінің қорында 100 млрд қаражат жинады. Соның 25 млрд-ы қазір отандық қант зауыттарына толығымен қамтамасыз етуге бағытталды. Қант мәселесін шештік. Жақында Ақсу қант зауыты іске қосылады. Ол деген өте үлкен мәселе. Тұралап қалған зауыттың жаңартудан өтіп, қолдануға берілуі – үлкен көмек. Екінші мәселе, біздер жаңа айналым схемасын енгіздік. Оның маңызы: тура қаражатты отандық ауыл шаруашылығын өндірушілерге аудару. Соны аударған әкімшіліктер қазір пайдасын көріп отыр. Себебі былтыр қазан, қараша айында тауарларды жинадық. Тауарларды желтоқсан, қаңтар айында шығарыңыздар дегенге көнбедік. Өйткені қазір ең маңызды айлар: ақпан, наурыз, сәуір. Соған (қорды – ред.) жинадық. Қазір тауар толығымен жеткілікті, 185 мың тонна бар. Қазір броньды алып тастаумен айналысудамыз, - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ министр пияз бағасы төңірегіндегі халық арасындағы әңгімеге журналистердің де қатысы барын айтты. 

Мен сізбен келіспеймін. Баға қазіргі уақытта тұрақтанды. Әрине, сіздер айтпасаңыздар, пияз мәселесін адам білмейтін еді. Бірақ БАҚ-тың сондай күші бар. Пияз деген жетеді. Экспортты жауып тастадық. Пияз деген Қазақстанда жеткілікті. Баға – 130 теңге. Астанада «Магнум» дүкеніндегі баға сондай. Кеше «Магнум» өзі тексеріс жүргізіп, тауарды кезек-кезекпен қайта-қайта алып, базар арқылы сатып жатқан 19 кісіні анықтады. Ол деген дұрыс емес қой. Біз осы тауарды халыққа арзандатып, 130 теңгеден сатып жатырмыз. Одан кейін сапасы төмен деген әңгіме басталды. Барып тексердік. Сапасы жақсы. Әрине, арасында кесілгені, езілгені болады. Картопта да сондайы кездеседі. Әрбір әкімдікке индикациялық баға бердік. Осындай бағамен сатасыз деп. Биыл инфляцияның деңгейі 9,5 пайыздан аспайды. Соған байланысты Статистика бюросымен бірігіп бағаның индикаторларын жасадық. Дұрыстап айналым схемасы арқылы алған әкімшілік шығын көрмейді. Кезінде пиязды қорларға салып 45-50 теңгеден алуға болатын еді. Картоп 60-70 теңгеден болды. Делдалдар арқылы алып жатқандарға әрине қиын, - деді вице-премьер. 
«Пияздың қымбаттауына журналистер кінәлі ме?» деген сауалға: «Олай айтқан жоқпын. Бос жарнама жасамасаңыздар. Пияз жеткілікті, ешқандай даурығудың қажеті жоқ» деп ескертті министр.

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста