Шіркін, болсам ғарышкер, Тоқтар менен Талғаттай!

Шіркін, болсам ғарышкер, Тоқтар менен Талғаттай!

Қазақ баласының осындай арманы тұсаулы екенін бертінге дейін талай маман айтып келді. Өйткені елімізде ғарышкерлерді дайындайтын арнайы оқу орны жоқ. Ал ЖОО-лардағы аспан әлемі саласын зерттейтін жекелей факультеттердің мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан әлемде бірегей ғарыш айлағын ұстап отырған еліміз үшін бұл үлкен сын екені белгілі. Әсіресе Ресей қауқары әбден таусылған Байқоңырды тастап, өздерінде заманауи ғарыш айлағын құрып жатқан сәтте... Алайда «ештен кеш жақсы» демекші, қоғамда жиі көтеріліп отырған бұл мәселе шешімі біртіндеп жүзеге асырыла бастауы бізді қуантады.
Аталған бағыттағы оң өзгерістің бірі – 2007 жылы «Қазақ Ғарыш» агенттігінің құры­луы. Ресми құзырлы ведомство еліміздің ға­рыш саласын дамытуға бай­ла­нысты арнайы бағдарлама әзірлеп, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыруға бірден кірісіп те кеткен. Бағдарламада басымдық берілген басты мақсат – кәсіби білікті мамандар даяр­лау.  Бүгіндері «Болашақ» халықаралық бағдар­ламасына сәйкес, Ресей, АҚШ, Ұлы­британия, Франция, Германия, Нидерланды, Канада және Қы­тай­да тоғыз мамандық бойынша 58 қазақ­стандық студент білім алуда. Байқоңыр қаласындағы «Восход» Мәскеу авиация институтының филиалында 205 Қазақстан азаматы оқып жатыр. Ғарыш мамандарын даярлауға еліміздің бес жоғары оқу орны жұмылдырылса, соның ішінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уни­вер­ситеті осы аптада Париждің Ле Бурже авиасалонында С.А.Лавочкин атындағы «РосКосмос» ғылыми өндірістік бір­лес­тігімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша екі тарап ғылыми-зерттеу қызметі, халықаралық ынты­мақ­тас­тықты кеңейту, әлемдік және ғарыш кеңестігі бойынша ғылыми педа­го­гикалық маман­дарды даярлауға барлық күш-жігерін жұмыл­дыруға уағдаласты. Жалпы, бұл арада Франция мен Ресей ғарыш саласын меңге­руде әлемде озық көрсеткішке ие мемлекеттер екенін баса айта кетелік. Осы жағынан алған­да, сарап­шы­лар «елімізде атқарылып жатқан іс-шаралар таяу болашақта өз нәтижесін беріп, қазақтың кәсіби білікті мамандары санының артуы арқасында ғарыш саласын дамытуда өзге елден біздің де қалыс қалмауымыз тиіс» деп ой түйеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста