Шаурма шатақ, лаваш лаң болып тұр...

Шаурма шатақ, лаваш лаң болып тұр...

Қарық қылмаған нарық заманының басталар тұсы яғни, 90-шы жылдары елімізге ағылған импортный сағыз шайнап, юпи ішіп қарық боп қалған едік. «Сникерс», «Албени, «Баунтиді»  тіске басқанымыз да осы тұс. Одан кейін небір қағазы жылтыраған импортный заттардың астында қалдық. Тіпті дастарханымызды да жаулап алды. Ас әзірлейтін асқатық майыңыз, шұжығыңыз Ресейдікі, жеміс-жидектің басым бөлігі Қытай мен өзбектікі, тұздықтардың неше атасы Грузиядан жеткізіледі. Кленкаға тыққан шұжықты тамсанып жеуші едік, шетелдікі деп. Сөйтсек осы шұбатылған шұжығыңыздың арғы атасы қазақтікі екен ғой. Ішекке тығылған қазы осы шұжығыңыздың түпкі атасы болып саналады. Бірақ оны әлем алдында мойындату қиынның қиыны әрине. Ал бүгінде жұрттың бәрі тамсанып жейтін лаваш, шаурма дегеніңіз де түбі қазақтікі деп айтуға толық негіз бар. Бұл туралы «Алаш айнасы» ой толғайды.

Өйткені туралған етті орайтын қатырма нан бұрын әжелеріміз қазанға қақтап пісіретін жұқпа нанның көшірмесі. Оны әлдеқандай етіп түріктікі дейміз. Енді әлем асханасында ұқсастықтар бола беретіні сөзсіз. Бірақ дегенмен де атамзаманнан бері қазақтың асқазанын алдарқатып келе жатқан ауқаттарды шетелдікі деп таңсық көретінімізге жол болсын?! Бүгінде жылдам дайындалатын Қытай кеспесі нағыз еріншек келіншектерге таптырмас олжа болғаны рас. Қарны ашып, қабағы түйіліп келген еріне тез-тез дайындай қояды. Студенттердің «беш пакет» деп атайтын осы асын кейінірек ресейліктер де жасап шығара бастады. Бірақ осы кеспенің екі порциясын ішсең де асқазанға жұғым болмайтыны рас. Оның үстіне ащы дәмдеуіштер асқазанды қыжылдатып мазаны алатыны тағы бар. Тіпті бір студент шашының сиреп таздануын осы беш пакеттен көретінін таныстарының бәріне айтып аталмыш асты мүлдем татып алмауға шақырып жүр. Расында кім білген, тез-тез дайындалатын, хош иісі мұрын жаратын кеспенің кесірі бар шығар, кім білген? Ал осы кеспенің де, беш пакеттің де арғы атасын атам қазақ осыдан пәленбай жыл емес-ау, пәленбай ғасыр бұрын ойлап тауып қойған. Әлгі қазанжаппа, оны кей жерлерде жұқпа нан деп әртүрлі атайды. Қамырды домалақ етіп жұп-жұқа жайып, оны қазанға қақпақылдап пісіріп алып кептіріп қояды. Соны кесеге жұлмалап турап (сол себептен де болар, оны кейде жұлма көже деп те атайды) үстіне қайнатылған сары май, аздап тұз, айран қосып, үстіне ыстық су құяды. Хош иісін айтыңыз. Нағыз қарын тойдырар һәм нәрлі тағам деп осыны айт. Осы жұқпа көжемізді қытайлар мәдениетті түрде ұрлап алып, көшірме жасап, өз бидайымызды өзімізге қуырып беріп отыр. Ал түріктің асы саналатын лаваш, шаурманың арғы атасы да біздің ел.

Жұқпа нан жасаудың шеберлері апа-әжелерімізге жиендік жасап жүр. Бүгінде Шымқалада аттам аяқ басқан сайын шаурма, лаваш сататын сауда нүктелері көп. Жеңіл дайындалатын осы тағам түрінің саудасы қыз-қыз қайнап жатыр. Гамбургер, чизбургерлеріңізді бүгінде жолда қалдыратын болған. Тіпті осы дәмді тағам түрін дайындайтын арнайы желілік жүйе де қолға алынған. Бір атаумен аталатын сауда нүктелері қаланың әр тарабында бар.  Расында қазақтың қара қазанына пісірлетін жұқпа нанды әлдеқандай етіп лаваш атандырып, арасына ет салып дәмдеуіштерін араластырған осы бір тағамға құмбылдар көп. Оның қалай дайындалатынына бас қатырып жатқандарды және таппайсыз. Базарларда, кір-кір асханаларда, ашық күн көзінде тұрып дайындалатын тағам қайбір санитарлық талапқа сай болсын?! Әрине, пісірілгеннен кейін күн көзінде сағаттап тұратын ет асқазанға түскен соң тыныш жатсын ба? Ал асқазан тапқаныңның бәрін тыға беретін «сиқырлы қойма» емес. Оның да тағам қорытудан шаршайтын, жүрісінен жаңылатын кездері болады. Әсіресе жоғары калориялы әрі тазалық тән емес осындай тағам түрлерін тоғытқанда «мінез» көрсететіні  бар. Асқазан жарасы, гастрит деген дерттер осыдан пайда болады.  Медицина мекемелерінің статистикасына үңілсек базарларда сатылып жатқан еттің 25 пайызы санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келмейтін көрінеді. Егер етті тиісті дәрежеде қайнатып не қуырмаған жағдайда гельминт жұқтыру қаупі өте жоғары. Ал әлгіндей «импортный» тағамдардың дәл осы еттерден дайындалмасына ешкім де кепілдік бермейді. Бүгінде орта және кіші кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мораторий жарияланып осы кәсіп иелерінің жағасы жайлауда жүр.  Негізінде көше бойлай орналасқан сауда нүктелерінде лавашы мен шаурмасының саудасын шалқытып жүргендер осы кіші кәсіпкерлер. Енді олар да кәсібін дөңгелетуге берілген жеңілдікті артығымен пайдаланып тым тайраңдап кетпей нанын адалдап жесе болады ғой.

Бірақ өкіметтің өстіп «басынан сипап» отырғанын керісінше түсініп тазалық нормаларын тіптен назардан тыс қалдырғаны таңқалдырады. Ал кәсіпкердің тазалыққа қатысты барлық талаптарды сақтап, не сақтамай отырғанын тексеретін тиісті органдар прокуратураның рұқсатымен ғана тексеріс жүргізуге құқы бар. Яғни, жоспарлы түрде және жоспарсыз тексерістері бар. жоспарлысы белгілі енді. Ал қандай да бір шикілік шығып, тазалық сақтамаған не болмаса басқалай олқылықтар орын ала қалса азаматтардың арыздануымен ғана тексере алады. Ал тазалықтың жоқ екенін көре тұра, шаурманың арасынан шыбын шықса да оны алып тастап, жей беретіндер өкінішке орай бар. Санитарлық-эпидемиологиялық стансаларға барып арыздануға қазекемнің уақыты жоқ. Уақыты емес ау құлқы жоқ. Әлгі тиісті органдарға арызды телефонмен қабылдамайды. Ғаламтор арқылы да. Оны қолмен жазып, өзіңіз апарып тапсыруға тиіссіз. Иістеніп кеткен ет, ашыған сәбіз салат, майонездің бүлінген екенін білсе де, соның салдарынан асқазаны ауырса да дәрісін ішіп алып жүре беретіндер бар.

Егер арызданбаса өзгелердің де өміріне қауіп төнетіні қаперіне кірмейді. Бүгінде мал етінен бруцеллез жұқтырып жатқандар көп. Ал шаурма мен лавашты көбіне тауық етінен емес, мал етінен жасайтыны белгілі. кәсіпкер қосатын етін адалдап сойылған малдікін пайдаланса жақсы. Ал бағасы өте арзан арам өлген малдыкі емес екеніне ешкім де кепілдік бере алмайды. Бүгінде аурудан, не арам өлген малдың етін шұжық цехтары сатып алатыны жасырын емес. Тиісті талаптардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік мекемелердің  аяқ қолы матаулы.  Былтыр Шымкенттің қақ ортасында орналасқан «Лаваш Орталығы» жабылған болатын. Бірнеше ай бойы жұмысын жалғастырып келген орталықты тексерген прокуратура қызметкерлерінің өзі жағасын ұстап таң қалған-тын. Онда тағамдарды сақтайтын мұздатқыш деген атымен болмаған. Тіпті ет турайтын үстел де жоқ екен. Тағамды кәдімгі жерге дайындаған. Сасыған иісі мүңкіген асхананы шыбын-шіркей басып қалған. Бұл тірлікті өз көзімен көрген адам екінші мәрте лавашы құрысын деп безіп қашары сөзсіз. Антисанитарлық жағдайдағы асхана-сымақтар бір бұл ғана емес... 

Бүгінде Ресейде де шаурма саудасының дәурені жүріп тұр.  Ондағылар оның құрамына сиыр, шошқа, қой етін қосса, Түркия, Ливан сияқты мұсылман елдерінде қой мен түйе етін, ал Израйльде балапан мен түйеқұс етін пайдаланады. «Көше тағамдары» деген қосалқы аты бар мұндай дәмдерден әрине пайда жоқ, асқазан ауруларының бәрі осындай тез дайындалатын тағамдардан пайда болады. Бұқараға дұрыс тамақтану үшін үгіт жүргізу қажет, ал кәсіпкерлерді жөнге салатын бап қажет. Оңтүстік өзге өңірлерге қарағанда бай асхана мәзірімен озық тұр. Бағасы да өзге аймақтарға қарағанда арзанырақ. «Дәмді қақпанға» түсіп қалмау үшін кәсіпкерлердің пайдасына жұмыс істеп жатқан жұмсақ заңды қатайту қажет деп есептейтіндер көп...

Шаурма-қауіп
Шаурмада 120 грамм май болады. Негізі күнделікті тағам құрамында май 70-80 грамнан аспауы тиіс. Оны күнделікті тұтынған жағдайда салмақ қосу қаупі бар. Жүрек қан тамыр ауруларының асықынып, тіпті ішек инфекциясын жұқтыру қаупі тым жоғары. Медиктер шаурманы асқазан ішек жолында ауру барлар, семіруге бейім адамдарға жемеуге кеңес береді. Үш жасқа дейінгі балалар да бас тартқаны дұрыс. Ал емшектегі баласы бар аналарға мүлдем болмайды. Бауыры ауыратындар да алыс жүргені жөн
.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста