Сауда жасау мәдениетін білеміз бе?

Сауда жасау мәдениетін білеміз бе?

Жалпы, біз осы заманға сай сауда жасай аламыз ба? Саудаласу турасында не білеміз? Көптеген елдерде нақ осы сауда жасау мәдениетіне қатысты арнайы ұстаным да бар екен.

Мәселен, бұл ретте жапон халқы «Кез келген сауда жасап тұрған адам эмоцияға берілмеуі тиіс. Дүкенге барғанда дүкен сатушыларының амал-айласын және маркетингтік жүрістерді бақылап тұру керек. Сондай-ақ сауда жасауға қомақты қаржымен барудың да қажеті жоқ» деген қағиданы ұстанатын көрінеді. Ал біз ше? Бізде бұл үрдіс керісінше емес пе? Біздің қаракөз қазақтарымыздың басым бөлігі ақшаны қалтаға басып алып, базар аралауға, дүкенге барса, жалақысының кем дегенде 20 пайызын сол дүкенге қалдырып кетуге бейіл. «Осыдан барып елде айлықтан айлыққа әрең жететіндердің қарасы көбейіп келеді. Біз ақшаны тіршілік етудің бір құралы деп есептер болсақ, қолымыздағы қаржыны үнемдей білуді үйренгеніміз абзал» дейді сарапшылар. Ал оны қалай үнемдейміз? Ол үшін біз, ең алдымен, бірінші кезекте сауатты сауда жасай алуымыз керек екен.

Сауатты сауда дегеніміз не?
Нақ осы сауатты саудаға қатысты қаржы әлемінде мынадай ұстанымдар да бар:
• Бірінші – жоспарсыз сауда жасаудан сақтану үшін әмиянға көп ақша салып жүрудің қажеті жоқ. Бұл – үнемділікке бастайтын алғашқы жол.
•  Екінші – жалақы алған күні дүкендерге, әсіресе киім дүкендеріне, базарға барудан бас тарта тұрыңыз. Себебі сіз қолыңызға тиген ақшаның буымен ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюыңыз мүмкін.
• Үшінші – қолыңызға қаржы тиген соң, алдымен үйіңізге қажетті азық-түліктің легін жазып, тізіп алыңыз. Сосын азық-түлік алуға барғанда әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние.
• Бұдан соң күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге есептеп жазып отырыңыз. Бұл да шығыс пен кірісті есептеуге, үнемдеуге таптырмайтын тәсіл.

«Міне, осы қағидаларды меңгерген адам сауда жасауда ұтылмайды» деседі мамандар.
 
Маркетингтік жүрісті білеміз бе?
Сауда жасауда біз білуге міндетті тағы бір жайт, бұл – маркетингтік жүріс. Яғни қандай да бір сауда жасайтын адам алатын тауарының өзіне қаншалықты қажеттілігін тереңірек білгені дұрыс. Мысалы, дүкеннен шығар тұста өндірушілер мен дүкен иелері сыйлықтарды қайсыбір тауарларға қосып сатады. Мұның бәрі эмоциялық факторда есеп айырысу арқылы шешіледі. Сөз жоқ, жұрттың көбі сыйлық алғысы келеді. Осы сыйлық үшін сізге қажеті жоқ, керегі аса шамалы тауардың құнын төлеу керек болуы да мүмкін. Осындай сәтте жарнамалық акциялар мен бағасы төмендетілген науқандарға аса сақ қараңыз. Бұл турасында мамандар «кез келген адам сауда жасап, жоспар бойынша аяқтаған соң, не тындырғанына салқынқандылықпен бір үңіліп көріп, сараптау жасау қажеттігін» алға тартады. Жалпы, маркетингтік жүріс дегенде, алдымен, жоспарланбаған шығыс жасаған себепті жазып отыру керек. Сондай-ақ өзіңіздің көңіліңіз толған жағдайларға талдау жасауды жалғастыра берген жөн.

P.S. Саудаласуға қатысты біз тілдескен қаржыгерлердің дені «соңғы уақытта «ақша жоқ» деген сөз тіркесін жиі естуге тура келеді. Ақша, әрине, бәрінде де бар, бірақ, неге екені белгісіз, әйтеуір ешкімге жетпей жатады. Ақшаның жетіспеушілігі еңбекақысы төмен адамдарда ғана емес, жалақылары әжептәуір адамдарда да кездесіп жатады. Сондықтан бізге заманға сай үнемдеуді үйренген абзал. Үнемделген теңге де таза еңбекпен келеді. Негізінде, еңбектеніп тапқаннан гөрі үнемдеген әлдеқайда жеңіл болады» деседі.
Ендеше, бұл ретте біздің де айтарымыз, көңіліңіз тоқ, ақшаңыз үнемді болсын десеңіз, кез келген саудаға араласарда сауатты болғаныңыз абзал...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста