Сапасыз жүк көлігі – жол мен елдің соры

Сапасыз жүк көлігі – жол мен елдің соры

Тақтайдай тас жолда жөн-жосықсыз жөңкілген жүк кө­лік­тері жүгенделеді деген үміт тұтанғалы азғана уақыт болды. Оның өзі шекемізге тиіп ба­рып қабылданған шешім еді. Жол апатын айтпағанда, мил­лиард­таған теңгеге жөндел­ген жолдардың тас-талқанын шығарған жүк көліктері енді айылын жиса жөн. Әсіресе қытайлық жүк көліктері. Кө­лік және коммуникация ми­нистр­лігі жария еткен деректер жыл сайын еліміз жол жөндеуге 100 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсайтынын көрсетіп отыр. Сонда жыл сайын 100 млрд тең­ге желге ұшып жатыр. Жүк көлігінің кесірін айтып, аттандап атқа қонғаннан-ақ бұл іс дереу шешімін қажет еткен-ді. Бірақ далаға миллиардты шашып барып, соңынан митың әрекетке көшетін жайбасарлығымыз кө­лең­кедей қыр соңымыздан қал­май жүр. Сол миллиард теңге әлеу­еті кем әлеуметке бұйырса, әлеуметтің ішіне жақпайтын ба еді?..
Маусымның ортасында Парламент Сена­тында аталған мәселені депутаттар қол­дағаны аян. Содан қытай жүк көліктері­не біршама шектеу қойылғаны белгілі. Ша­ма-шарқына қарамай, жүкті асыра тиеп алып, апатқа ұшырайтындар да осы­лар екені бүгін ешкімге құпия емес. Оған қоса, күре жолдардың тас-талқаны шығу­да. Жыл сайын Қазақстандағы жолдар орта есеппен 100 миллиард теңге көлемін­дегі жөндеуді қажет етеді екен. Халық қа­лау­лылары қолдау көрсеткен бұл шешім бо­йынша ендігі жерде 10 тоннадан асатын жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады. Мұны бұзғандарға 1000 айлық есептік көр­­­сет­кіш көлемінде айыппұл салынады. Одан түс­кен ақша жолдарды жөндеуге жұм­са­ла­тын болып шешім қабылданған еді.
Жүк көлігі дегенде, алдымен аузымызға қы­тайдың жүк көлігі ілінуі тегін емес. Қол­да бар деректерге сүйенсек, бүгінде еліміз­де 500 мыңға жуық жүк көлігі жүк таситын кө­рінеді. Оның 18 мыңнан астамы – қытай­лық ауыр салмақты жүк көлігі. Олар күре жолмен жүйткитін 400-ден астам карьер бар екен. Ал карьерлерден қанша жүк тасы­малданып жатқанын бүгінге дейін ешкім келілеп өлшеп келген жоқ. Мұндай жүк өлшейтін арнаулы құрылғы орындар елімізде санаулы екені де жасырын емес. Содан жол да жарамсыз. Апат та көбейді. Ендігі жерде бұлай болмайды. Нақтырақ айтқанда, рұқсат етілген жүктен асыра жүк алғаны үшін айыппұл ұлғайты­лады және 200 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін арттырылады деп мәлімдеген-ді құзыр­лы орындар.
«Біз бұл норманы жайдан-жай енгізген жоқпыз. Қазіргі кезде айыппұлдың көлемі осы заңбұзушылықты тоқтатуға жетпей отыр. Еуро-4 стандарты бойынша олар сертификат алмаған. Сертификатқа сай емес. Сондықтан Үкімет қабылдаған қаулы негізінде оларға шетелден әкелуіне тыйым салынады», – деген еді ҚР Көлік және ком­му­никация министрлігі Көліктік ба­қылау комитетінің төрағасы Қайрат Әбсаттаров.
Жалпы, Көлік және коммуникация ми­нистр­лігінің мәліметінше, қазақстандық жолдардың жартысы 8 тонналық жүкке арналған. Ол жолдар үш қабаттан тұрады, 1985 жылға дейін салынған. Ал мұндай жолдардың бір шақырымының құны – 55 миллион теңге. 2005 жылдан бастап жолдардың қайта күрделі жөндеуден өткені мәлім. Ол жолдар сонда 13 тонналық жүкке бағытталды. Бұл жолдың бір шақырымының құны – 200 миллион теңге. Қазіргі таңда республикалық автокөлік жолдарының ұзындығы 23 500 шақырымды құрайды екен. Оның 19 633 шақырымы 8 тонналық жүкке арналған. 1981 шақырымы – 10 тонналық, 1886 ша­қы­рымы – 13 тонналық. Ал бұл көлік­тер­дің 8-10 тоннамен шектеліп жүрмегенін жұрт жақсы біледі. Сонда жүкті асыра тие­ген көліктердің қанша шығынға батыра­ты­нын есептеу үшін математикаға аса жүйрік болу­дың қажеті шамалы. Шыны керек, осы күні сонау жылдары миллиондарға жасал­ған жолдың «миы» шығуға айналған.
Әсірекөрсеқызарлығымыз, әлде әңгү­дік­тігіміз бе, кім білген? Әйтеуір, Қытайдың жүк көлігін сатып алуда кейінгі жылдары Ор­та­лық Азияда алдымызға жан салмап­пыз. Кейбір деректер 2012 жылы Синь­цзян­нан 25 мың жүк көлігі өткенін айтады. Ол алдыңғы, 2011 жылғымен салыстыр­ған­да 50 пайызға жуық артық болса керек. Қытайлықтар да жүк көлігін импорттауда қазақтар көш бастап тұр депті. Құны арзан, жүк көтергіші жоғары саналған ол көліктердің сапасыздығын білсе де, әзірге оны сатып алудан тыйылар емес.
Арман СЕЙІТОВ, жүк көлігі бар жүргізуші:
– Қытайдың жүк көлігінің жүк кө­терім­­дігі үлкен. Сонымен қатар бағасы да қол­жетім­ді. Сондықтан осындай көлік алып, нәпақа айыруды жөн көр­дім. Сапасы бұ­рын­ғы көліктердей емес екені де рас. Жөн­деуі де қалтаны қағып түседі. Бірақ біраз қаражат шығарып алдық. Содан соң тастай салатын арзан дүние емес.

Оның салдары кісі өліміне де әкеліп жатыр. Тас жол бойындағы бірқатар қай­ғы­лы апаттар осы көліктердің кесірінен орын алғаны әмбеге аян. Айталық, был­тыр­ғы жылы «Астана-Қарағанды» тас жолындағы қайғылы оқиға. Тамыз айының ортасында Астанадан 30 шақырым жерде жүк көлігі жолаушылар автобусын соғып, 16 адам көз жұмды. Одан кейін де Алма­ты­да қытайлық жүк көлігімен жүргізуші 13 көлікті жол апатына ұшыратқанын естіген­біз. Бұдан бұрын да Алматының қақ ор­тасын­да жол апатына ұрындырған да қытай­лық жүк көліктері болатын. Бұл – мысалдардың бір парасы ғана. Жіпке тізе берсек, жетіп-артылады. 10 тонналық жолды 20-40 тонналық жүк көліктерінің жаншып, асфальтын шұрық-тесік еткені туралы бұрыннан да айтылған-ды. Оның көлік апатына әкеліп соғуы да жиі жазыл­ды. Бірақ тиянақты шешім үшін біраз жыл­дың мұғдары керек болыпты.
Енді кешеуілдеп қабылданған шешім­нің кештетіп жеткен бақыттың баяндысын­дай болуын тілеу ғана қалып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста