Шамның жарығы жақсы, қалдығын қайтеміз?

Жердің асты мен үстінде таусылмайтын қазба жоқ. Энерготапшылықтың ащы дәмін өзге елдер әлдеқашан сезінді. Қазба байлықтың түгесілуін күтпеген Еуропа балама қуат көздерін пайдаланып отыр. Өнегесі озық мемле­кет­терден жақсыны үйре­ну­ге талпыныс бізде де бар.
Өткен жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңды қабылдап қойдық. Онда балама қуат көз­дерін табу мәселесімен қатар, «қуатқа қо­ма­ғай» Ильичтің шамдарынан біртіндеп «құ­тылудың» жайы да қарастырылған. Былтырғы шілдеден бастап 100 ваттық шам­дарды пайдалануға тыйым салынды. Биылғы қаңтардан бері 75 ваттық шам­дарды қолданбайтын болсақ, алдағы жы­лы 25 ваттық шамдарды өндіру, саудалау заңға қайшы болмақ. Оларды қуат үнем­дегіш шамдар алмастыруда. Бастама жақ­сы. Дегенмен құрамында адам ағзасына аса қауіпті элемент-сынабы бар шамды за­лалсыздандыру мәселесі Қазақстанда ше­шімін таппай тұр. Істен шыққан мұндай шамдарды бізде ашық қоқыс жәшіктеріне лақтыра салады. Ол қоқыс жәшігінде тез сы­нады. Сөйтіп, сынған шамнан аққан сы­нап ауаға тарайды. Шетелдерде люминес­цент­ті шамдарды тастауға арналған ар­найы жәшіктерді кез келген жерден табуға болады екен. Қолданыстан шыққан шам­дарды тұрғындар мен мекемелер арнайы кәсіпорындарға тапсырады да, орнына өз бағасынан әлдеқайда арзан осындай шам сатып ала алады. Мәселен, Польшада қа­жет­сіз электр шамдарын, соның ішінде сы­на­бы бар шамдарды жинап әкететін ар­найы көліктер ай сайын көшелерді аралап жүреді. Германияда жылына 90 млн дана сынапты шам қайта өңделеді. Қажетсіз шам­ды өткізгеніңіз үшін аз да болса тиын-тебен аласыз. Ал Тәжікстанда сатылатын қуат үнемдегіш шамдардың қорабында «Қо­қысқа тастамаңыз, арнайы қосынға өт­кізіңіз!» деген ескерту жазылады екен. Бізде мұның бірі де жоқ.
Жансұлу ҚАДАРОВА, №4 Орал қалалық емханасының терапевт дәрігері:
– Қуат үнемдеуші шамды пайдалану экономикалық жағынан тиімді болғаны­мен, ұқыпсыздық салдарынан қоршаған ортаға, адам денсаулығына тигізетін ай­тарлықтай зияны бар. Сынап қауіптілігі жөнінен І санатқа жатады. Сондай-ақ сырт­қы ортада табиғи ылғалмен (жаң­быр, қар) қосылуы нәтижесінде пайда бо­латын сынап буының зияны да шаш-етектен. Бұл бумен тыныс алған адамның бауыры, бүйрегі, жүйке жүйесі, ас қоры­ту, көру жүйесі зақымданады. Буын ауруы­на шалдығады.

Заң қабылданғанымен Жайық өңірінде құрамында сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды салатын арнайы контейнерлер атымен жоқ. Бірақ облыстық табиғатты пай­далануды реттеу басқармасы маман­да­рының айтуынша, мұндай шамдарды қа­былдайтын жергілікті кәсіпорындар анықталған.
Фариза СҰЛТАШЕВА, БҚО табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы:
– Облыс көлемінде шамдарды жи­наумен шұғылданатын арнайы кәсіп­орын­дар бар. Олар: Орал қаласы бо­йын­ша «Мұстафин» ЖК, «Уралвторма» ЖШС, «Жол пайдалану кәсіпорны» ме­ке­месі, Ақсай қаласы бойынша «Регион­ГазПроект» ЖШС, «ГринАксай» ЖШС. Жыл сайын бюджеттен құрамында сы­нап бар шамдар мен құрылғыларды за­лалсыздандыруға 4 миллион теңге қар­жы бөлінеді. Бұл қаржыға 30-35 мың дана пайдаланылған сынапты шам мен құрылғы жиналып, залал­сызданды­ры­ла­ды. 2012 жылы «Талап» АҚ, 2013 жы­лы «MolBol» ЖШС мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бұл жұмысты жүр­гі­зуді мойындарына алды. Жұмыс бары­сында бюджеттік мекемелерден пайда­ланылған құрамында сынап бар шамдар мен құрылғылар жиналып, залалсыз­дандырылады. Биыл осы жұмыс шеңбе­рінде тұрғындардан 1000 дана сынапты шамды жинап, залал­сыздандыру жос­пар­лануда.

Осы жерде егер арнайы контейнерлер болмаса, сынапты шамды тұрғындар қай­да тапсырады деген сауал туындайды. Бір-екі шам үшін ешкім арнайы мекемені ізде­месі тағы анық. Оралдағы сынапты шам­дар­ды қабылдаумен айналысатын «Мұс­та­фин» ЖК басшысы Абай Мұстафин: «Біз­ге 100-ден аса шам жиналды деп ха­бар­ласса, өзіміз көлікпен барып, қабылдап аламыз», – дейді. «Алайда істен шыққан қауіпті шамдарды тек заңды тұлғалар ғана тапсырады. Ал жеке тұрғындар арасында ондай жоқ», – дейді ол. Кәсіпкер тұрғын­дар­ды ынталандыру үшін олардан қабыл­да­натын шамдарға белгілі көлемде өтем­ақы төлеу мәселесі шешілгенін жөн са­найды. Қазір кәсіпкерлік залалсызданды­рылатын шамдарды қабылдағаны үшін тұр­ғындардан әр шам үшін 150 теңге ша­масында ақы алады және шамдарды те­міржолмен Астана қаласына апарып, за­лалсыздандыруға тапсырады. Сол се­беп­ті тұрғындарға қолданыстан шыққан шамды тапсырғаннан гөрі, қоқыс жәшігіне тастай салған тиімді көрінетіні жасырын емес.
Бұл тұрғыда Қазақстанның барлық облыстары Астанадан үлгі алса, қане. Елордада биылғы жылдың 1 тамызынан бастап сынапты жарық шамдарын жинай­тын арнайы контейнерлер орнатылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 100 контейнер, атап айтқанда, Есіл ауда­нында – 50, Алматы мен Сарыарқа аудан­да­рында 25 контейнерден қойылған. Ат­алмыш құрылғылар сызықтық, шағын, шиыршықты шамдардың барлық түрлерін, сондай-ақ батареялар мен термометр­лерді жинауға арналған. Бір контейнердің сыйымдылығы 70 шамды құрайды. Ол тол­ғаннан кейін заттар типіне қарай бөлі­неді және арнайы қондырғыда қайта өң­де­леді. Жұмыс циклы барысында шамдар үгітіліп, ауа сынап буларынан тазартылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста