Салық мәдениеті неге қалыптаспай жатыр?

Салық мәдениеті неге қалыптаспай жатыр?

Ел экономикасының жариялылығы, бухгалтерлік есептердегі айқындылық мәселесі жаңа Салық кодексі талқысы барысында басты назарда ұсталғаны белгілі. Осыған сәйкес жалған кәсіпкерлікпен айналысушыларды анықтау үшін, сондай-ақ қаржы көздерінің жұмсалу арналарының ашықтығын қамтамасыз етуде Салық комитетімен қосымша құн салығы бойынша есепке тіркеу процесі жүзеге асырылуда. Дегенмен аталған процесс осы айдың аяғында, яғни 30 қарашада аяқталады.

Яғни уақыт аз қалды. Ал қандай да бір себептермен тіркеліп үлгермей қалғандар 1 қаңтардан бастап Салық комитетіндегі есептен алынып тасталады. Бұл дегеніңіз – келесі жылы кейбір компаниялардың бухгалтерлік есебін қосымша құн салығынсыз жасауына тура келеді деген сөз. Сондықтан «осы есепке алу процесі мерзімін ұзартуға бола ма немесе оның басқа да шешімдері бар ма?» деген сауалдармен мамандарға хабарласқан едік.

Экономикалық және сыбайлас қылмыспен күрес агенттігінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында жалған кәсіпкерлікпен айналысушы 52 қылмыс тіркелген. Осындай қылмыс бойынша бюджетке 10,1 миллиард теңге шығын келтірілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылы мемлекетке келтірілген залал көлемінен бір де емес, екі де емес, 13 (!) есе артық екенін көрсетеді. Осы дәйектің өзі мәселенің қаншалықты өзекті екенін байқатса керек. Сол себепті Салық кодексін қайтадан қарауда жалған кәсіпкерлік мәселесіне баса назар аударылды.

Бұл арадағы тағы бір мәселе – Салық органында қосымша құн салығын төлеушілер мәліметінің соңғысы 2002 жылы тіркелгендігінде болып тұр. Яғни 2002 мен 2009 жылдар аралығында көптеген салық төлеушінің бұл реттегі көрсеткіштері өзгергені айқын. Сондықтан салық төлеушілер мәліметі кешенін жаңарту қажеттілігі тағы бар.

Қалай дегенмен де құқықтық құжаттарына немесе тағы басқа себептерге байланысты 30 қарашаға дейін қосымша құн салығы бойынша есепке тіркеліп үлгермеуі мүмкін кейбір компаниялардың болашағы алаңдатары сөзсіз. Сондықтан «осы процесс мерзімі ұзартылуы мүмкін бе, мұндай жайтты қалай шешуге болады?» деп Салық төлеушілер қауымдастығының Алматыдағы бөліміне хабарласқан едік.

Салтанат ЭЛШАТОВА, Қазақстанның Салық төлеушілер қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры:
– Біз қосымша құн салығы бойынша есепке тұру керектігін барлық ақпарат құралдары арқылы баршаны құлағдар етіп келеміз. Ол процесс 1 шілде мен 30 қараша аралығын қамтиды. Міне, осы уақыт аралығында тіркеуден өтпегендердің 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша құн салығы бойынша түзілген есептен алынып тасталады. Яғни олар сол кезеңнен бастап кез келген қызмет түрінде қосымша құн салығын көрсете алмайды.

Ал аталған процесс мерзімін ұзарту туралы әзірге мәселе қозғалған емес. Белгілі бір себептерге байланысты тіркеуден өте алмай жатқан компаниялар немесе кәсіпкерлер болса, олар міндетті түрде бізге хабарласуы керек.

Олардың мәселесін заңдық жағынан жан-жақты талқылап, Қаржы министрлігіне жөнелтеміз. Мұндай жағдайда оларға қандай да бір кешірім болуы мүмкін.

Ал осындай адамдардың қатары көбейіп жатса, тіпті министрлік есепке тіркеу мерзімін ұзартып қалуы да ықтимал. Бірақ ондай жаппай шағым бізге келіп түскен жоқ. Тек бір компания белгілі бір себептерге байланысты осы уақыт аралығында тіркеуден өте алмайтындарын айтып, бізге заңгерін жіберген екен. Өзара ақылдаса отырып, құжаттарды реттеуде ол компанияның мәселесін шешіп, тіркеуден өткіздік. Яғни кез келген кәсіпкер өз мәселесімен бізге хабарласуына, ал біз оны белгілі бір деңгейде шешуге атсалысуға дайынбыз, – дейді.

Қалай дегенмен де бұл қазаққа тән қасиет пе, әлде басқа да себептері бар ма, әйтеуір, «жау жағадан алғанда» орнымыздан әрең қозғалатынымыз анық. Осыны Салық комитетіндегілер де жақсы біліп отыр. Осыны ескерген олар шұғыл шаралар да қабылдауда. Мәселен, Астана қаласының Салық департаменті салық төлеушілерді тіркеуге алу үшін жұмыс кестесін ұзартуға да барған екен.

Жалпы, осы жайттың өзі еліміздегі салық мәдениетінің төмендігін байқатады. Мәселен, дамыған елдерде салық төлемеген адамға ұры ретінде қарап, оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баршаға қарабет етіп көрсетіп, масқаралайды. Ал бізге таяу орналасқан Балтық жағалауы елдерінде бастауыш сыныптарда салықты не үшін төлеу керектігі жөнінде арнайы сабақ өткізіледі екен. Міне, осындай көлемді шараларға біздің қоғамда да қажеттілік бар секілді. Осы жайтты ескеріп жатса, өкілетті органдардың құлағына алтын сырға!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста