Қызылордада қызыл мияны өңдейтін зауыт салынады

Қызылордада қызыл мияны өңдейтін зауыт салынады

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жаңашыл жоба жүзеге аспақшы. Үстіміздегі жылдың соңына дейін ауданда қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылады деп күтілуде. Жақында аталмыш өндіріс ошағының іргесі қаланды.
Сыр өңірінде мия өсімдігі молынан кездеседі. Бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік Қызылорда облысы­ның барлық аймағынан табылады. Ол маусым-шілде айларында гүлдейді, жемісі тамызда толықтай пісіп-жетіледі. Маман­дар­дың айтуынша, оның тамырында гли­ко­зид, сахароза, эфир майы, органикалық қыш­қыл­дар, минерал тұздары көп кезде­седі. Бұл дүниелер өзімізде әзірге кеңінен қол­данысқа ие бола қоймағанымен, шет­елдерде медицина, темекі және тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Бізде мия өсімдігінің жапырағы мен сабағын мал азығы ретінде пайдаланудан әріге аса алмай отырмыз.
Игі бастаманы жергілікті «БИС-групп» ЖШС қолға алып отыр. Серіктестік дирек­торы Ділдәхан Ахметовтің айтуынша, бұл жоба еліміздің индустриалды-инновация­лық бағдарламасына енгізілген. Алдағы уа­қыт­та өнім толықтай экспортқа шыға­рыл­мақшы. Мамандар зауыттан шыға­рыла­тын қызыл мия тамырының ерітіндісі­нен бөлек, 1200 түрлі медициналық пре­паратқа қажетті шикізат дайындайтын болады. Әлемдік нарықта қызыл мия та­мырына Германия, АҚШ, Түркия, Жапония елдері ерекше сұраныс танытып отыр. Осы зауыт толық қуатында іске қосылғанда 320 адам жұмыспен қамтылады.
Кәсіпорын тек қызыл мия  тамырын өңдеп қана қоймай, сұранысқа қажетті 2000  гектар жерге қызыл мия егеді. Өн­діріс орны жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейді. Мамандар қазір Қызылорда облысында 80 мың гектар алқапта қызыл мия қорының бар екенін мәлім етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста