Қызылордада құс фабрикасы салынады

Қызылордада құс фабрикасы салынады

«Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарының хабарлауынша, Сыр өңірінде жаңадан құс фабрикасы салынатын болды. Оның жылдық қуаты 6 мың тоннаға жуық.
Бұрын мұндай кәсіпорын Қызылорда қаласында жұмыс жасаған. Алайда бертін келе бұл өндіріс орнының аяғын тұсау салынып, банкроттық жағдайды басынан өткізді. Содан бері жергілікті тұрғындар құс етін сырттан тасымалдауға мәжбүр болып отыр.
Қызылордалық жұртшылықты қуаныш­қа бөлеген жағымды жаңалық аталмыш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен K-Group LTD ЖШС-нің біріккен жо­басы болып табылады. Азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынатын игілікті істің жалпы құны – 4 млрд теңге.
Құс фабрикасы ауылдық жерде бой көтереді. Оған Жаңақорған ауданы «Қара­төбе» ауылдық округінен 500 гектар жер бөлініп отыр. Бұл жерде келешекте еуропалық үлгідегі құрал-жабдықтар бойынша жұмыс атқарылып, тұтынушы талғамына сай өнім өндіруге мән берілмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста