Қыстың көзі қырауда жылусыз қалған оңай ма?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Өткен жылғы ақпан айында Кентауда жылу қазандықтары бірінен соң бірі істен шығып, 30 градус аязда жұрттың жылусыз қалғаны әлі есімізде. Содан ба, осы күзде  төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко алдағы қыста  Кентаудағы жылу маусымы май жаққандай өтеді деп уәде берген-тұғын. Шынында да, әзірге ол жақ тыныш.
Әлбетте, етек-жеңін қымтап, сақадай-сай отырған қалада  (оның үстіне, «жа­рыл­ғыш бір шұңқырға екі рет түспейді» деген де бар емес пе) ондай оқиға қайталана қой­мас. Есесіне, өткен мейрам күндері ал­ма­тылықтар біршама әбіржіп қалды.
Жылу желісіндегі ірі апаттың салда­ры­нан 20 градус суықта оңтүстік астананың 22 мыңға жуық тұрғыны,  бес балабақша, сегіз мектеп, екі емхана жылусыз қалды. Рас, бір тәулікке жетер-жетпес мерзімде апат салдары жойылып, жылу берілді.
Бір қызығы, құбыр жарылған аумақта жаз бойы жөндеу жұмыстары жүріп, құбыр ауыс­тырылып жатқан.  Ал 1986 жылы тө­селіп, әбден тозығы жеткен мына құбырға ке­зек жетпей қалыпты. Мұның алдында қа­­ланың тағы бір басында құбыр жа­ры­лып, он шақты үйді су басып, тоғыз адам­ның ыстық  суға күйіп қалғаны және бар. Қа­рап отырсақ,  қыстың ішінде жылу же­лі­сінің сыр беруі  жыл сайын қайта­ла­натын «дәс­түрге» айналып барады. Қа­қа­ған қыс­тың ішінде құбырды «жаратын» бір ға­­на себеп бар. Оны «Алматы Жылу» хол­дин­­гінің директоры Михаил Коржов та, қа­­ла әкімі Ахметжан Есімов те жа­сыр­май­ды.
Михаил КОРЖОВ, «Алматы Жылу» холдингінің директоры:
– Алматыдағы жылу желісінің 60 пайызының тозығы жетіп тұр. Бірақ осы жылдан бастап жылу желісінде жөндеу жұмыстарын қаржыландыру жағы біршама ұлғайтылды. Ал келесі жылдан бастап қалада тағы да құбыр ауыс­ты­руға кірісеміз.

Алматыдағы жылу желісінің ұзындығы 1230 шақырымнан асады. Ал құбыр же­лі­сінің жарамдылығы –  орта есеппен 25 жыл. Тозған 60 пайызды азайту үшін жыл сайын жылу желісінде 45  шақырым құ­быр­ды ауыстыру қажет. 2012 жылғы жос­пар бойынша 17 873, 30 м желі ауыс­ты­ры­лады деп жоспарланған. Осы мақ­сатта республикалық және қала бюд­же­тінен 6 млрд 950 млн теңге бөлінген.
Ресми дерек осындай. Сонда жыл сайын қаладағы жылу желісінің 45 ша­қы­рымы ауыстырылса, тозығы жеткен 60 па­йызды (738 шақырым) жаңартуға 16 жыл­дай уақыт керек екен. Ал оны жа­ңартып біткенде қалған 40 пайызы да то­зып үлгереді. Сондықтан жылу желісі сияқ­ты маңызды мәселеде «тасбақа аяң» сая­­сатын ұстану – қала тұрғындары үшін тү­­сініксіз жайт. Тіпті су және жылу желісіне ар­­налған арнайы трассаның са­лын­байтыны да көңілге қонбайды. Әлде апат бол­ған сайын асфальтты қопарып, құбыр­ды ауыстырған арзанға  түсе ме?
Құбыр ауыстыруға байланысты екінші бір түйткіл бар. Соңғы жылдары қалып­тас­қан дағды бойынша, құбыр ауыстыру жұ­мыстары жаз шыға емес, шілденің орта­сынан ауған кезде ырғалып-жырғалып әрең бас­талады. Содан жөндеу жұмыстары со­нау қара күзге дейін созылады. Бұл – қа­ланың біраз бөлігі күздің қара суығында ыс­тық сусыз отырады деген сөз. Биыл тіпті жылу маусымы да кешіктірілгені белгілі. Мамандардың айтуынша, мұның себебі – тендерде. Себебі құбыр алмастыру жұ­мы­сын тендерде жеңіске жеткен мердігер кә­сіп­орын жүргізеді. Ал белгісіз се­беп­тер­мен тендердің өтуі кешіге береді. Одан кейін қаржы түскенше жөндеу жұ­мыс­тары тағы тежеледі. Сондықтан құбыр  тө­сеу шар­уасында түбегейлі өзгеріс бол­ма­йын­ша, әлгіндей түйіндерді шешу мүмкін емес.
Жалғыз Алматы емес, Риддер қа­ла­сында да 16-сынан 17-сіне қараған түні «Рид­дер-ТЭЦ»-тегі алтыншы қазандық іс­тен шықты. Мұндайда жұрттың электр жы­лыт­қыштарына жармасатыны белгілі. Со­ның салдарынан жалп етіп жарық өшеді. Кей­бір үйлерге екі тәулікке дейін жарық бе­рілмеді. ХХІ ғасырда, ел аман, жұрт ты­нышта жылусыз, майшаммен отыр­ған­дарды көзге елестетудің өзі қиын.
Ал, шындығында, жылу маусымы баста­лар­да коммуналдық шаруашылыққа жа­уапты мекемелер  «100 пайыз дайынбыз» деп есеп берген болатын.  
Сөйтсе де, күзде Президент Әкімшілігі инспек­торларының, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі,  Төтенше жағ­дайлар министрлігі жүргізген тек­се­ру­лер­ден кейін жағдайдың соншалықты мәз емес екендігі анықталғанын да еске тү­сіруге болады. 
Биылғы маусымда сол баяғы Кентау, Те­­міртау және Семейдің қыс ішінде жы­лусыз қалуы мүмкін екендігі ескертілді. Со­нымен бірге қатерлі аймақтар қатарында Қы­зылорда, Арқалық,  Алматы және Ар­қалық аталған болатын.   Бүкіл ел бойынша жы­лу желісінің ұзындығы екі құбырмен есептегенде 11,7 мың шақырымды құ­райды. Оның 3,8 мың шақырымы немесе 32,6 пайызы – коммуналдық меншікте, 7,9 мың шақырымы немесе 67,4 пайызы – жеке меншіктің иелігінде. Осы жылу желісінің 63 пайызы жөндеуді қажет етеді. Желінің тозуы салдарынан жылу қуатының 17,5 пайызы немесе 11,6 млн Гкал жылу далаға кететін көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста