Қымбат үй сатушылар көбейген

Қымбат үй сатушылар көбейген

Осыдан екі жыл бұрын – пандемия басталып, елде қатаң локдаун орнаған кезде тойханалар жаппай сатылымға шығарылған болатын. (Ол туралы кезінде «Замана» газетінде жазылды). Ал енді жылжымайтын мүлік нарығында бай-бағландардың қымбат  та зәулім сарайларының сатылымы көбейіп жатыр.
«Үй іздеуге арналған танымал сайттағы мәлімет бойынша, Қазақстан бойынша құны 1 миллиард теңгеден асатын 160-қа жуық зәулім сарайлар мен қымбат пәтерлер сатылып жатыр», – деп жазады «Экспресс К». Хабарландырудың көбі қаңтардың соңында, ал жартысынан көбі тіпті соңғы күндері жарияланған.

Ең қымбат мүліктің бірі елордамызда орналасқан екен. Мысалы, VIP-қалашығындағы 10-бөлмелі, 1400 шаршы метрлік үй 2,6 миллиард теңге тұрады.

«Үй елорданың сол жағалауындағы экологиясы таза аудандардың бірінде, Президент саябағына жақын жерде, жаңа әкімшілік орталықта тұр. Сарай орналасқан қалашықтың аумағы толық қоршалған. Кіреберісте күзет, жан-жағында бейнебақылау жүйесі тұр», – делінген сату туралы хабарландыруда.

Ал «депутаттар қалашығы» атанып кеткен ауданда сатылып жатқан 3 қабатты, 7 бөлмелі үй 2,5 миллиард теңге тұрады.

Қымбат та, жайлы зәулім үйлер Алматыда да жоқшылық емес екен. Мысалы, тау бөктерінде орналасқан 750 және 250 шаршы метр екі резиденцияның құны 2,5 миллиард теңге. Бұл зәулім үйдің да сипаттамасы керемет: «Үш қабатты үй 1 гектар жерде орналасқан. Үйде жұмыс кабинеті, қысқы зал, монша, ашық бассейн бар. Сарай Іле Алатауы қорығымен шектеседі. Сондықтан айналасында қарағай орманы мен өзен бар. Жолдары асфальт, су мен жылу орталыққа қосылған», – деп көрсетілген.

Қымбат үйлер мен зәулім сарайлардың сатылымға көптеп шыға бастауының себебі неде екен?

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста