Қорғасын өндірісі дамып келеді

Елімізде кеңінен қолданылатын қорғасын бүгінде үлкен сұранысқа ие. Тіпті оның қолданылмайтын жері жоқ десе де болғандай. Бағалы металдың рентген сәулесін өткізбейтін артықшылығының арқасында оны медициналық құрал-жабдықтар жасауға кеңінен пайдаланады. Аккумулятор мен электрокабельдер жасап шығаруда да таптырмайды. Әскери салаға да ең қажеттісі – осы қорғасын.
Бүгінде табиғат байлығының мол қо­ры еліміздің үш өңірінде — оңтүстiктегі Қа­ра­тауда, Шығыс Қазақстан және Қара­ғанды облыстарында бар. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде қорғасынның мол қоры бары — тек Қазақстан ғана. Әлемдегі қорғасын өндіретін ірі елдер — АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстiк Кореямен тайталаса алмаса да, ішкі на­рық­ты толық қамтуға қауқары жетеді. Қа­зіргі таңда еліміздегі екі өндіріс орны – Өскемендегi қорғасын-мырыш комбинаты мен Шымкент қорғасын зауыты сұранысты қанағаттандырып отыр.
Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға таптырмайтын таза металдың қоры 30-жылдары-ақ белгілі болған. Геолог ға­лым­дар Ащысай полиметалл кенiшiндегі мол қорды анықтаған соң, Шымкент қор­ғасын зауыты салынды. Ұлы Отан соғысы жылдары жауға атылған әр он оқтың то­ғызы осы қорғасын зауытын­да да­йын­далған екен. Қарқынды жұмыс істе­ген зауыт тоқырау жылдары жүрісі­нен жаңыла бастаған-тын. Алып кәсіп­орын­ды сақтап қалудың өзі оңайға соққан жоқ. Әу баста зауытқа иелік етуді қолға алған «Оңтүстiк полиметалл ӨК» АҚ істі ілгерілетуге бар күшін салған еді. Алайда бір тоқтап, бір іс­ке қосылып, жұмысшыларының жала­қы­сын төлей алмай, әбігерге түсті. Кейіннен «Қазақмыс» корпорациясымен келiс­сөз жүргiзiлдi. Сөй­тiп, зауыт дүние-мүл­кiнiң 70 пайызына ие­лiк ету құқығы «А-мега трей­динг» ЖШС-ға жүктелдi. Осы­лай­ша, тамыры суалып бара жатқан өнді­ріске қайтадан жан біте бастады. Бүгінде кәсіп­орын «С-1» маркалы жоғары сапалы қорғасын өндiруде. Отандық өнім әлем­дегi ең таза өнiмдердiң эталоны ретiнде Лондон биржасында сақтаулы. Әрі әрдайым үлкен сұранысқа ие. Сапа мәсе­лесі әрдайым бірінші орында тұрады. Сұра­нысқа ие металдан бөлек, мұнда металды висмут, доре балқымасын, рений және мыс өнiмдерiн дайындаумен айналысады. Бұл өнiмдердiң барлығы да мемлекеттiк стандартқа сай.
Дүйсенғали БАЙҚУАТОВ, «А-мега трейдинг» ЖШС директоры:
– Бірде іске қосылып, бірде тоқтап, толық қалпында жұмыс істемеген зауытты жөндеу, қалпына келтіру жұмыс­тарына да біршама уақыт кетті. Нәтиже де жаман емес. Жылдың екінші жартысына дейін 8626,9 тонна қорғасын өндіріп, 42,56 тонна висмут, 23 тонна қорғасын прокатын, 34,6 тонна  қорғасын құбырларын, 309,9 тонна  штейндегi мыс, 9 тоннадан астам алтын, күмiс өнiмдерiн дайындап, сатуға шығардық.
Кезінде қорғасын зауыты аймағында тұратын тұрғындар оның зияндылығы туралы шу шығарып, әбігерге түсіретін. Бүгін­де бұл мәселе біршама шешімін тапты. Зауыт­тағы арнайы зертхана шаң-тозаңды анық­тайтын арнаулы бөлiм ашқан. Қор­шаған ортаға зиянды қалдықтар ұш­пас үшін өн­дiрiсте қолданылатын тозаң тұтқыш сүз­гiлер түгелдей ауыстырылып, заманауи құрылғыларға қол жеткізілді. Оған зауыт үлкен қаражат жұмсап отыр. Дегенмен қорғасын зауытының қор­шаған ортаға зияндылығы еш уақытта да күн тәртібінен түспейтін тәрізді. Былтыр Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарапынан үш рет тексеру жүргізілді. Министрлік өкілдері­нің айтуынша, қорға­сын зауытынан шыққан зиянды түтін енді қала тұрғындарының денсаулығына өз зардабын тигізбейтін болады. Өйткені кәсіпорында орнатыл­ған жаңа сүзгішті қондырғылар қаланы қорғасын шаңынан қорғайды. Алайда министрліктегілер бұл өндіріс қала тұрғындары үшін толығымен қауіпсіз деп айтуға әлі ерте деп санайды. Қазіргі таңда комиссияның анықтамасы бойынша белгіленген сегіз тапсырманың жетеуі орындалған.

Қорғасын
Өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Қорғасын бос күйінде – көкшіл-сұр түсті, жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады. Қорғасын – өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл. Ол атмосфералық коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялық аппаратуралар (әсіресе күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель, оқ, бытыра дайындауда, радиоактивті сәулелерден қорғануда, медицинада кең қолданылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста