24 сәуірден бастап "Қорғас" ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кіріседі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іnbusiness.kz тілшісі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды", - делінген хабарламада.