Қордай ауданының 5 ауылын газдандыру жұмыстары басталды
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, Қордай ауданының 5 елді мекеніне газ жеткізетін құбырларды тарту жұмыстарын бастады. Бұл - Аухатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масаншы және Каракемер ауылдары. Аталған жұмыстар Республика Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай жүргізіліп отыр.
Жобаға сәйкес, 73 шақырымдық жоғары қысымды газ құбырлары тартылады. Оның 42 шақырымы "ҚазТрансГаз" АҚ инвестициялық бағдарламасы есебінен салынады. Осы жұмыспен бірге газ мамандары "Қордай" автоматты газ тарату стансасын да қайта жабдықтауды бастады, бұл стансаның өткізу қабілетін арттыру үшін жасалып отыр. Жобаның қалған бөлігі бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Осы жобаны іске асыру - жалпы саны 50 мың тұрғыны бар 5 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етеді. Бұл жоба көгілдір отынға 5 282 тұрғын үй мен 274 әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік нысандарды қосуға мүмкіндік береді.
Жеткізуші газ құбырларын төсеу жұмыстарын аяқтау жоба бойынша биылғы 25 желтоқсанға дейін жоспарланған. Бірақ, мердігер ұйымдар жұмысты осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтаумыз деген міндеттеме алып отыр.
Сонымен қатар, болашақта бұл жоба тағы 12 елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда аудандағы газдандырылған елді мекендер саны 29-ға жетеді. Ауданда барлығы 41 елді мекен бар, яғни бұл сан барлық елді мекендер санының 70% құрамақ.