Қазақтың мұнайы әлеуеттілігімен ерекшеленеді

Қазақтың мұнайы әлеуеттілігімен ерекшеленеді

Әлемдегі аяқ астынан туындап жатқан сан алуан құбылыс көптеген елдердің энергетикалық саясатын өзгертуге мәжбүрлегені айқын. Мәселен, Еуропадағы экономикалық күйзеліс, Иран мұнайына салынған санкциялар, Сирия мен Ливия елдерінде болған толқулардан кейін мұнай мен газды тұтынушы ірі державалардың басым бөлігі саяси-экономикалық жағдайы тұрақты орынды таңдау қажеттігін түсінді.
Сондықтан шетелдік алып компаниялар Қазақстан секілді көмірсутек  қоры мол мемлекеттерге деген қызығушылықты арттырып отыр. Ендеше, Астанада кеше басталған KAZENERGY VII Еуразиялық форумының маңызы зор болмақ. Осындай алқалы жиын арқылы Қазақстан әлемдік қауымдастыққа еліміздің мұнай-газ саласындағы мол әлеуетін тағы бір мәрте паш етпек.
Бензин өндірісі үш есе артады
Еуразиялық форум жұмысын Премьер-министр Серік Ахметов ашқан болатын. Үкімет басшысы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі бағытына қысқаша шолу жасаған  еді. Серік Нығметұлының сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда алда тұрған басты мақсат-міндеттердің бірі – отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту. Себебі осындай жаңғырту жұмысының арқасында ғана жоғары экологиялық талаптарға сай келетін мұнай өнімдерін шығаруға, оны елде кеңінен тұтынуға болады. «Мемлекет басшысы бізге Атырау зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу міндетін жүктеді. Осы жобаны іске асырудың арқасында жоғары сапалы бензинді өндіру көлемін үш есе арттыруға мүмкіндік бар», – дейді Серік Ахметов. Аталмыш маңызды жұмысқа «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жа­уапты еді. Соған орай, компания елі­міздегі отандық үш мұнай өңдеу зауытын жаңарту бағдарламасына 6 млрд теңгеден астам қаржы құйып, өз мойнына алған міндетті 2015 жылға дейін орындап шығуды жос­парлап отыр. Компания басшыларының сөзіне сенсек, межелеген мерзімде Қазақ­станда шығарылатын отынның сапасы «Еуро-4» және «Еуро-5» стандарттарына сәйкес көтеріліп, өндірілетін бензиннің көлемі жылына 19,5 тоннаға жетеді.
Мұнай өндіру көлемі өседі
Мәжіліс барысында мәртебелі мей­ман­дар алдында «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясының басқарма төрағасы Ләз­зат Қиынов Қазақстанда өндірілетін мұнай-газдың жалпы көлемі туралы айтса, мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев оны таратудың негізгі тетіктерін ашып көр­сеткен еді. Бақсақ, мұнайлы Қазақстанның да­му қарқыны «қара алтынның» арқа­сында алдағы уақытта да ұлғая түсетін тә­різді.  Мәселен, ұлттық компания басшысы Ләз­зат Қиыновтың сөзіне қарағанда, 2022 жылға дейін елімізде мұнай-газ конденсатын өндіру көлемі 1,6 есе артады.
Ал министр Мыңбаевтың сөзіне сен­сек, Қашаған жобасы бойынша ком­мер­циялық өнім өндіру жұмысы 2013 жылы қаңтар-маусым айларында бас­та­лады. Бұл ретте Мұнай мен газ министрлігінің басшысы жобаның екінші кезеңі бойынша кейбір өзгерістер болып қалу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.  Осыған байла­нысты бүгінде министрлік консорциумның тиісті ұсыныстарын күтіп отырған тәрізді. Ал Теңіз кені бойынша арнайы даму бағдарламасы акцио­нер­лердің қарауында жатыр екен. Ал қазақ мұнайының тағы бір көзірі – Қарашығанақ жобасы болса, оның ауқымы болашақта кеңейтіледі. Министр­дің сөзіне қарағанда, жоба бойынша Ре­сей­мен тиісті келіссөздер жүргізілуде.
Қазақстандық мұнайды тасымалдаудың негізгі тетіктеріне тоқталатын болсақ, Қытай мен Еуропа елдері алдағы уақытта да Қазақстанның негізгі тұтынушысы болып қала бермек. Осыған байланысты мұнай құбырлары арқылы жеткізілетін шикізаттың көлемі арта түсуі әбден ықтимал. Мәселен, ағымдағы жылы Каспий құбыры арқылы 29 млн мұнай тасымалданса, 2015 жылға дейін бұл көрсеткіш 52 млн тоннаға дейін өседі. «Қазақстан - Қытай» бағытында жеткізілетін өнімнің көлемі бүгінде 11 млн тоннаны құрап отыр. Алдағы уақытта шығыстағы көршімізге ағылатын мұнайды 20 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста