Қазақстанға ең көп инвестиция құйған қай мемлекеттер
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд долларды құрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР үкіметінің мәліметінше, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7% көп (23,8 млрд доллар). Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 млрд доллар болған.
Елімізге тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:
- Нидерланд – 8,33 млрд доллар (өсім – 19,7%),
- АҚШ – 5,1 млрд доллар (+81,9%),
- Швейцария – 2,8 млрд доллар (+2,4%),
- Бельгия – 1,56 млрд доллар (+46%),
- Ресей – 1,52 млрд доллар (-19,7%),
- Оңтүстік Корея – 1,48 млрд доллар (+84,8%),
- Қытай – 1,43 млрд доллар (-22,5%),
- Франция – 770,2 млн доллар (+27,4%),
- Ұлыбритания – 661 млн доллар (-35,7%),
- Германия – 469,5 млн доллар (+45,4%)
Инвестициялар ең көп тартылған салалар:
- тау-кен өнеркәсібі – 12,1 млрд доллар (+25%),
- өңдеу өнеркәсібі – 5,6 млрд доллар (+3%),
- көтерме және бөлшек сауда – 5,08 млрд доллар (+36%),
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1,1 млрд доллар (өсім – 2,1 есе),
- көлік және қоймалау – 1,1 млрд доллар (+14%),
- құрылыс – 698 млн доллар (-3%),
- қаржылық және сақтандыру қызметі – 650 млн доллар (-60%),
- электрмен жабдықтау және газ беру – 635,6 млн доллар (өсім – 2,8 есе).
Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:
- Атырау облысы – 8,2 млрд доллар (+48%),
- Алматы – 7,57 млрд доллар (+11%),
- Астана – 2,25 млрд доллар (өсім – 2 есе),
- ШҚО – 2,2 млрд доллар (+3%),
- БҚО – 1,12 млрд доллар (+7%),
- Алматы облысы – 698,2 млн доллар (+47%),
- Ақмола облысы – 376,3 млн доллар (өсім – 6,3 есе),
- Қызылорда облысы – 336,5 млн доллар (+36%),
- СҚО – 105,7 млн доллар (өсім – 3 есе),
- Жамбыл облысы – 62 млн доллар (өсім – 3 есе).