Қазақстандықтарға арналған 5 пайыздық ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Қазақстандықтарға арналған 5 пайыздық ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Енді баспанасыз жүрген қазақстандықтарға 5 пайызбен ипотека беру бағдарламасы іске қосылмақ. Алайда бұл тек моноқалалардың тұрғындарына қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бастапқы жарна 10 пайыз, жылдық ставкасы 5 пайыздан аспайтын жеңілдетілген ипотека беруді тапсырған. Қазір жауаптылар бағдарламаның барлық шартын дайындап жатыр. Жеңілдетілген ипотека іске асса онсыз да жыл сайын қымбаттап келе жатқан тұрғын үйдің бағасы тағы да көтерілуі мүмкін, дейді мамандар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Отбасы банкін басқарушы Бәйтерек холдингінің мәліметінше алғашқы жарна 10 пайыз, жылдық ставкасы 5 пайыздан көп болмайды. Несие 20 жылға дейін беріледі. Қазір мамандар ипотеканың шарттары мен параметрлерін мемлекеттік мекемелермен келісіп жатыр. Бір анығы жыл сайын жеңілдетілген ипотекаға 11 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Сегіз жылдан бері үй сатумен айналысып келе жатқан Руслан Тұрысбеков бұл бағдарлама іске асатын болса тұрғын үй нарығында қымбатшылық болады дейді. Мысалы, былтыр 18 миллионнан сатылған бір бөлмелі пәтерлер 23 миллионға дейін барады.

“Былтырғы 18 млн тұратын үйлер 22-23 млн-ға дейін шарықтайды. Неліктен? Өйткені сұраныс көп болған сайын әрине бұл сұраныстың есебінен пәтер иелері оларды қымбаттау сатады. Астана, Алматы және Шымкент қалалары ғана емес қой. Бұл жерде моноқалалардың ішінде салып соның ішінде берсе әрине сол жақсы еді”, – дейді риэлторлық компанияның директоры Руслан Тұрысбеков.

Алайда кейбір сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. Айта кетейік, Krisha.kz сарапшыларының мәліметінше қазірдің өзінде барлық қалада тұрғын үй қымбаттаған. Мысалы, Ақтауда былтыр 7-8 миллионға бағаланған баспана қазір 11 миллион. Баға 41-пайызға көтерілген. Ақтөбе мен Қызылордада 35 пайызға, яғни бір жылда 2-2,5 миллион теңге қосылған. Алматы да осы шамалас: 1 бөлмелі пәтер былтыр 17 миллионнан сатылса қазір 23 миллион сұрап тұр.

Екі бөлмелілер 32, үш бөлмелілер 41 миллионға жеткен. Қостанайда 10 миллион теңгеге бағаланған пәтерлер қазір 13 миллионға көтерілген. Барлық қалада осыған ұқсас баға. Тек, Көкшетау мен Петропавлде ғана пәтер бағасы 15 пайызға көтерілген.

Ал, жаңадан іске қосылатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама Қазақстандағы 26 моноқаланың тек дамуы төмен деген он қаланың тұрғындарына ғана қатысты. Ол қалалар: Алтай, Курчатов, Серебрянск, Қаратау, Қаражал, Арқалық, Жітіқара, Жаңаөзен, Құлсары мен Ақсай қаласы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста