Қазақстанды әлемдік қаржы институттары қолдап отыр

Қазақстанды әлемдік қаржы институттары қолдап отыр

Елбасы индустрияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Жиынға сондай-ақ Премьер-министр К.Мәсімов, Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев, Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы А.Құлсейітов және бірқатар халықаралық сарапшылар қатысты.
Қазақстан Президенті әлемдік нарық жүйесіндегі қиындықтарға назар аударды, соған байланысты отандық экономиканы дамыту амалдарын да қайта қараған жөн екендігін айтты.
– Біз Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңін аяқтадық. Оның барысында пайдалы тәжірибе жинақталды, кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл ретте белгілі бір табыстарға жеттік деп санаймын. Қазір бағдарлама қайта қаралды, келесі жылдан басталатын екінші бесжылдық инновацияға орайластырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Батыс елдері арасындағы текетіреске байланысты дағдарысты ахуал жағдайында Қазақстан сақтық шараларын қабылдауға шешім қабылдағанын атап өтті.
 – Менің жаңа Жолдауымда экономика өсімін қамтамасыз етуге, жұмыс орын­дарын құруға қомақты мемлекеттік қара­жат салу жайы қарастырылған. Бұл сон­дай-ақ елдің қаржылық жүйесін нығайтуға мүмкіндік беріп, шағын және орта бизнес­тің әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Осы бағыттардың барлығы бойынша іс-қимыл бағдарламаларын белгілеп, қаржы ресурстарын бөлдік. Бұл қадамдарымызды бізбен өзара іс-қимыл туралы уағдалас­тыққа қол жеткізген әлемдік қаржы институттары қолдап отыр. Салыстырмалы түрде халқының саны аз Қазақстан үшін экономикаға бір мезгілде 20 миллиардтан астам доллар салу айтарлықтай нәтиже беруі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сыртқы экономи­калық жағдайлардың да өзгергендігіне, отандық бизнеске соның аясында жұмыс істеуге тура келетініне тоқталды.  
– Қазақстан Еуропалық одақпен кеңей­тілген серіктестік және ынтымақ­тастық туралы келісімнің жобасы бойын­ша келіс­сөздерді аяқтады. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің соңғы сатысында тұрмыз. Келесі жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусьтің экономикалық одағы жұмысын бастайды. Біздің мақ­сатымыз тек қана прагматикалық болып саналады, өйт­кені Ресей – 7,5 шақырым ортақ шекарамыз бар ең басты серіктесіміз. Қазақстан құрлықтың ортасында орналас­қандықтан, теңізге шығатын жолы жоқ. Сол себепті де кедендік кедергілерді жоя­тын, жүктерімізді сыртқы нарықтарға бө­гет­сіз шығаратын Кеден одағы біз үшін маңызды мәнге ие, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.
 Халықаралық сарапшылар жаһандық экономикадағы соңғы үрдістер, дамыған және дамушы елдер саясатындағы жаңа трендтер жөніндегі пікірлерін ортаға сал­ды, сондай-ақ Қазақстанды индустриялан­дырудың бірінші кезеңінің қорытын­дылары мен келесі кезеңінің перспек­тиваларын байыптады.
 Олар Қазақстанның халықаралық экономикадағы сын-қатерлерге сай дұрыс жолдар таба алатынына сенім білдірді, өйткені біздің елде қажетті тәжірибе және адам ресурсы бар. Сонымен қатар жүр­гізіліп жатқан индустрияландыруды ескерсек, республикамыздың Қытай мен Ресей секілді алып нарық ортасында ор­на­ласуы келешектегі даму үшін зор мүм­кін­діктер ашады.
Aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста