Қазақстанда косметика өндірісі қашан дамиды?

Қазақстанда косметика өндірісі қашан дамиды?

Бүгінде бетім қисық деп айнаға өкпелеудің қажеті шамалы. Әжімді әдіптеп, әдеміленудің нешетүрлі жолдары бар. Оған ең алдымен косметика атты сұлулық қаруының көмекке келетіні белгілі. Косметика өнімдері еліміздегі ең өтімді тауарлардың бірінен саналады. Қазақстандық нәзікжандылар қолданатын опа-далаптар мен иіссулардың 90 пайызы шетелден әкелінеді. Бірақ олардың бағасы отандық өнімдерден 10 есе қымбат. Әзірге Қазақстан ірі косметикалық-парфюмерлік компаниялар үшін үлкен жәрмеңке алаңы ғана болып тұр.
Еліміздегі косметика рыногында франциялық, италиялық, ресейлік компаниялар үлкен сұранысқа ие. Ірі қалаларымызда алдына Эйфель мұнарасын орнатқан француз сауда үйлері менмұндалайды. Одан бөлек шетелдік косметика өнімдерінің жарнамалары жер жаһанды жаулап алған. «Oriflame», «Avon» мен «Mary Key» компанияларының өнімдері нарығымызға дендей енгеніне де неше жыл. Желілік маркетинг арқылы жұмыс істейтін бұл компаниялардың өнімдерін тұтынбаған әйел заты кемде-кем болар. Әрі ақша тауып, әрі әсемдік заттарын насихаттап жүргендер жетерлік әлі де. Орта Азия бойынша 100 мыңға жуық консультанты бар «Oriflame» компаниясының өнімі қолжетімді де. Сапасы жақсы басқа компаниялардың өнімдерін негізінен қалтасы тоқ ханымдар ғана пайдалана алады. Сондай-ақ, елімізде 60-тан астам сауда желісін ашқан «Еурокосметикс» компаниясының бір жылғы кіріс көлемі 25 миллион доллардан асып жығылады екен. Мақсатымыз шетелдік косметика компанияларын насихаттау емес, неге бізде де осы істі қолға алмасқа деп ой тастау. Оған мүмкіндігіміз жетерлік. Мемлекет қоржынын қомақтыландыруға әжептеуір үлес қосатын қаншама қаржы бөтеннің қазанына құйылып жатыр. Еліміздегі жалғыз ғана «Үркер Косметикке» қарап уһілеудің де қажеті шамалы. Косметикалық компания деп аталғанымен оның әзірге балаларға арналған «Утя» шампуні мен кремін шығарудан басқа, қанатын кеңге жая алмай келеді... Сондай-ақ, әрлеуші заттар шығаратын бір ғана "Биотон" зертханасы бар. Одан басқа еліміздегі әсемдік әлеміндегі нарықта «өлі тыныштық» десек те болады.
Шетелдік әсемдік заттардың пайдасы қаншалықты?
Қытайдың арзанқол косметика өнімдері қолданыстан шыққалы қашан? Қазір көзіқарақты қаракөздеріміз қымбат та болса, сапасына қарап алатын болған. Бірақ, бір әттеген-айы, шетелдік бояуларда сақтау мерзімі көрсетілмейді. Неге екені белгісіз олардың кедендегі кермеден қалай өткізілетіндігі де белгісіз. Бұл да болса түйінін тарқатуды қажет ететін мәселе. Әрі косметологтар шетелдік косметика өнімдерінің біздің табиғатымызға келе бермейтінін айтып дабыл қағуда. Алайда оған алаңдап жатқан адам жоқ. Мәселен, әжімге арналған, теріні қоректендіретін кремдер әсер етпеуі мүмкін. Өйткені шетелдік өнімдер қаншама табиғи таза өнімдерден жасалған дегенмен де біздің табиғатымызға сай келмеуі мүмкін. Әрі бізде экологияның ушығып тұрғаны да әмбеге аян. Сондықтан да сұлулық өнімдерін сатып аларда пайдасы бар ма, жоқ па дегенді екшеп алған да дұрыс. Әрбір қыз-келіншек бояуларды қолданбас бұрын қораптарда жазылған ақпараттан құлағдар болғаны абзал, әрине. Бірақ көптеген заттарда қазақшасын былай қойғанда, өзімізге түсініктілеу орыс тілінде жазылған нұсқаулығы да жоқ.
Өнім өзімізде де бар...
Қолымызға түскен «Қымыз» деп аталатын шашқа арналған шайғышқа қарап қуанып кеткеніміз-ай. Өзіміздің өнім болар деп. Сыртқы қорабына ыдысқа құйылған қымыздың суретін салып қойыпты. Алайда үміт ақталмады. Белоруссияның «Эксклюзивкосметик» компаниясы шығарыпты. Осындайда ойға қаласың, бұрынғы ата-бабаларымыз қымызды бетті әрлеуші ретінде пайдаланды емес пе? Көркем әдебиеттерден байдың бәйбішелері мен қыздары қымызбен жуынған дегенді оқыдық қой. Енді жоғары технология дамыған заманда қолымыздағыны ұқсата алмай отырғанымыз. Оңтүстік өңіріндегі Сарыағаш ауданында гектарлап роза гүлін өсіретін шаруалар бар. Ол өнімдердің біршамасын сатып, қалған роза гүлдерінің жапырақтарын Ташкентке тонналап өткізетін көрінеді. Естуімізше ол жақта иіссу жасап шығарады екен... Косметика өнімдерін жасап шығаруға бізде барлық өнімдер жеткілікті. Сұлулықтың астанасы Париждей бүкіл әлемді өз өнімдерімізбен жаулап алмасақ та, тек өз елімізді толық қамтуға мүмкіндігіміз мол емес пе? Қолда барды ұқсата білсек біраз тірлік тындыруға болады. Тек құлық болса болғаны...
Сұлулық қанша тұрады?
Алда жаз маусымы. Сұлулыққа жаны іңкәр жандардың косметикалық өнімдерге лап қоятын да осы кез. Косметика нарығындағы сауданының көрігі қызатын да осы тұс. Базардағы опа-далапты місе тұтпайтындар фирмалық өнімдерді ғана пайдаланады. Иіссуларымен атағы шыққан француздық өнімдердің өтімділігі де орасан. Кіп-кішкене құтыдағы иіссуының өзі кемі 50 доллар, арысы тіпті 200-300 доллардан да асып жығылады. Мұндай өнімдердің эксклюзивті түрін Франциядан арнайы алдыратындар да баршылық. Бір шөкімінің өзі бір аптаға жететін иіссудың бағасы қымбат болуы заңды да. Одан беріде опа-далаптардың бағасы да оңай емес. 2-3 мыңнан бастап сатылап өсе береді. Одан кейін кірпікке сүйкейтін тушь, қабақты әрлейтін түрлі-түсті бояулардың өзі де арзан тұрмайды. Ең қарапайым деген қыз-келіншектің өзі кем дегенде 15-20 мың теңгесін сұлулық үшін құрбандыққа шалады... Осыған қарап қаншама қаржының өз еліміздің қоржынын қомпайтуға үлес қосатын еді-ау деп ішің ашығаннан басқа амал жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста