Қазақстанда 18-ге толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады
Қазақстан бойынша туристік пакет аясындағы рейстер 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін болып бекітілді. Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті заң жобасы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мұндай шара ішкі туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр.
"Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған, туристік өнімнің құрамына кіретін кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері субсидияланады", - деп хабарланды мәдениет және спорт министрлігінен.
Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін туроператорлардан субсидияға өтініш түспеген.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу