Қазақстан осы "мұнай қарғысына" ұшырағаннан сау ма?

Халық бензин тапшылығынан шаршады. Бұл шынайы дефицит пе? Жоқ, әлде қолдан жасалып отырған шара ма? Соңғы уақытта бағасына жұрт қарамайтын болды. Жанар-жағар май болса болды. Дегенмен, шенеуніктердің «үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары аяқталса» деген әләйулайынан да үміттенетіндер жоқ емес. Төртінші зауыттың әңгімесі де алысқа бармағаны есте. Алайда кеше, Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының отырысында үш мұнай зауыты күрделі жөндеуден өтсе елімізде бензин профициті, яғни жанар-жағар май молшылығы туып, ол проблемаға ұласады, шығынға батамыз деген қауіп айтылып, төбеден жай түскендей болдық. Депутат та, біз де аң-таңбыз. Тек шенеуніктер мен мұнайгаз саласы басшылары қаперсіз, ендеше бір саусағы ішке бүгулі ме дейміз.
Шыны керек, бір қарағанда, парадокс – бензин тапшылығын шешеміз деп үш мұнай зауытын жаңғыртуға қыруар қаржы бөліп, сол жұмысқа білек сыбана кіріскеннен кейін жарты жолда кібіртіктеп жатқанымыз түсініксіз. Бас кезінде неге ойламадық? Төртінші зауыт салынады деген әңгіме Елбасының аузымен айтылып, кейінен одан тайқып шықтық. Бұл халықты алдау ма, әлде мұнай-газ саласындағы басшылардың сауатсыз саясаты? Әлде, министрлердің жиі ауысуы сол саясатқа кері әсерін тигізді ме? Жоқ, соңғы жылдары еліміздің мұнай-газ саласындағы саясатына екі адам – Ұзақбай Қарабалин мен Сауат Мыңбаев жауапты болды. Екеуінің портфель алмасуы да аталмыш саясатқа қатты әсер ете қоймағаны сөзсіз. Артынан мемлекеттік мекмелер қысқартылып, мұнай-газ саласы Школьник мырза басқаратын энергетика министрлігіне ауысқан-тын. Енді, жаңа басшысының командасы бұған дейін айтылмай келген бензиннің болашағына қатысты шындықты жайып салуды жөн көргендей. Ал оны кім істеу керек? Әрине, Қарабалин мен Мыңбаевтар. Алайда депутаттардың алдына олардың тек біреуі ғана келді. Қарабалин мырза өзі келсе, Мыңбаев өз орынбасарын жіберген екен. Мұнай-газ мәселесіне қатысты түсініксіз жағдайды түсіндіру міндеті де сол орынбасарға жүктелді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшысының орынбасары Данияр Тиесовтың сөзіне қарағанда, бүгінде халықтың демографиялық орналасауына көп мәселе байланысты. «Мәселен, Атырау мұнай зауытын алайықшы, Батыс Қазақстанда халықтың саны көп емес. Сондықтан менің айтқан сөзім құлаққа оғаштау естілсе де барлық үш зауытты жаңғыртып алғаннан кейін біз мұнай өнімдерінің профицитіне тап боламыз. Оны бір жаққа сату қажет болады», - дейді Тиесов мырза. Айтпақшы төртінші мұнай зауытынан бас тартудың арғы жағында да осы проблема жатқан тәрізді. Сөйтіп, Қазақстан мұнай өнімдерін сататын нарыққа шыға алмайтын түрі бар. Ал төртінші зауыттың орнына Шымкент мұнай зауытының қуатын арттыру жоспарланған. Неге Шымкент? Өйткені ол жақта халық тығыз, бензинге сұраныс та жоғары болып тұр. Сосын, ең бастысы – елдің экспортына бірден бір оңтайлы бағыт теріскейдегі Ресей де, шығыстағы Қытай да емес - нақ оңтүстік. Соның ішінде Орталық Азия елдері мен Ауғанстан.
«Енді, артық мұнай өнімерін экспорттаймыз десек, Ресей де, Қытай да бізді күтіп отырған жоқ. Батыста Әзірбайжан мен Иран бар дейміз. Алайда оларға өздерінің мұнайы да жетіп артылады. Бізде бір-ақ жол бар. Ол – Орталық Азия елдері мен Ауғанстан», - деп атап көрсетті ҚазМұнайГаздың өкілі. Дегенмен, парадокс бұнымен бітпейді. Қазір дефицит, ертең профицит болса, одан біраз жыл өткеннен кейін мұнай қорлары түгелісе бастайды. Ұлттық компанияның болжамы бойынша 10-12 жылдан соң, Қазақстандағы мұнайдың 80 пайызы Теңіз, Қарашығанақ пен Қашағанда өндіріледі. Бұл дегеніміз, жаңа қорлар ашылмаса, жаңартылған мұнай өңдеу зауыттары шикізатсыз қалуы бек мүмкін. Сөйтіп, дефицитке қайтіп ораламыз. Бұл төртінші мұнай зауытының қажетсіздігін танытатын тағы бір фактор болып отыр.
Шыны керек, осыны естіген депутаттардың өздері өмірден түңіліп кете жаздады. «Тиесов мырза тұщымды бірдеңе ата ма деп ойлағанбыз. Бірақ сөздің шыны керек, оны естігеннен кейін өмір сүргің келмей кетеді екен. Ешбір позитив жоқ! 2016 жылда (мұнай өңдей зауыттарын жаңғыртққан кейін – авт.) не болады? Былай істейміз, мәселені осылайша шешеміз дегенді естімедік», - дейді депутат Рауан Шаекин. Депутаттың да басы қарапайым жұрт секілді қатып кеткен болуы керек, мәжілісмен бәрін ысырып қойып, алдымен жетіспейтін бензинді табу қажеттігін шорт кесті. «Ал 2016 жылғы мәселе 2016-да болады. Бұл - менің пікірім», - деді ол.
Депутаттар мен шенеуніктер бүгінгі таңда бензинді үнемдеу үшін көліктерді газға да көшіруді ұсынады. Алайда бұл жерде газ толтыру сатансаларының аздығы, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігі сияқты көптеген мәселелер бар. Халықтық коммунистер болса, еліміздің мұнай-газ саласындағы саясатын түбегейлі өзгерту керек деп санайды.
Бәлкім, алдағы уақытта Школьник мырза тағы бір тұщымды «ұсынысымен» көзге түсіп, мұнай өнімдерінің дефициттен профицитке, сосын профициттен қайтадан дефицитке түсу мәселесінің нақты шешімін тауып қалар. Бірақ қайдам, соңғы ұсынысынан кейін Школьник те журналистермен ұрсысып жүріп қашатынды шығарды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста