Қазақ көкөніс өсіруге неге құлықсыз?

Қазақ  көкөніс өсіруге неге құлықсыз?

«Осы біздің қазақ...» деп бастасаң, атқан оқтай болған сөзің өзіңе қайтып келеді. Ата-бабамыздан малмен көзін ашып, көк шалғынды өрісте бірге жусап, бірге өрген Алаш диқаншылық пен отырықшылыққа кейінірек барып едәуір көндіксе де, әлі де болса жер емген бақшашылар арасында қаракөздердің аз болуы ойлантады. Мұны күнделікті өмірдің өзі көрсетіп отыр...
Нанбасаңыз, дәл қазір қараша ха­лық қара құртша қаптап жүрген базарға барыңызшы. Әрине, басқа­сы­на емес, көкөніс пен жеміс-жидек са­татын жайма сөрелерді байқап қара­с­аңыз, өзіміздің қазақ­тардың қызанақ пен картопты, қы­рыққабат пен сәбізді сатып алып жатқанын кө­ресіз. Мұндайда ағзаға пайдалы, дә­ру­мендерге бай көкөністерді ал­ғанда не тұр дейтін де шығарсыз?.. Гәп – осында. Қа­зақтың ақшасы қал­та­сына сыймай жатқандығынан емес, көкөністер өзінің қоймасында бол­маған соң алып отырғаны көкейі­міз­ге кірер емес.
Қар көбесі сөгілген көктемнің таңы сібірлеп атар-атпастан көзін тырнап ашып оянған орыстар мен бас­қа да ұлт өкілдерінің автобуста не­месе жаяу саяжайларына кетіп бара жатқанын көзіміз жиі шалады. Тіпті сақал-шашы қуарып, 80-нің сеңгіріне шыққан кемпір-шалдардың да таяққа сүйенген қалпы, жаз бойы тыным таппай, тырбанып еңбек етіп жатқанын көріп, қызыға да, қызғана да қарайсың...
 Біздің қазақтың олардан қай же­рі кем деген беймаза ой да қылаң бермей қоймайды.  Осы арада дана хәкім Абайдың: «Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген – осы» деп. Енді қарап тұрсам, сарт­тың екпеген егіні жоқ, шығар­маған жемісі жоқ, саудагерінің жүр­меген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ», – деген қара сөздері еріксіз ой­ға оралады.
Яғни Абай да қазақтың жатып ішер еріншектігіне қынжылып, алмас қылыштай асыл сөздерінің тасқа ша­былғандай болғанын көреміз.
Тарихтың қатпары болып қалған ақ­таңдақ беттерге назар салсақ та, қа­зақ баласының осы бір бойкүйез ерін­шектігінен талай азапқа толы қиын­дықты бастан кешіргені еске тү­седі. Мәселен, 30-жылдары қаралы нәу­бет болып тиген  ашаршылықта мал-мүлкінен айырылған Алаштың жартысына жуығы қырылып қалғаны өшпестей болып санамызда сақталып қалғаны – ақиқат. Ал дәл сол шақта саяси салқынды қазақпен қатар көрген өзбектің аман қалуы осы бір сәтте қара жерден нәсібін таба біл­гендігінен болса керек. Статистиканың өзі бұл жағдайды көз алдымызға айқын көрсетіп отыр. Ашаршылыққа дейін өзбектердің саны қазақтардан жарты миллионға кем болса, қазір «өз ағамыз» 28 миллионға жетіп отыр. Бұл да көтерген көкейтесті мә­се­леге нақты дәлел болмақ.
Келмеске кетті деген кеңес заманының солақай саясатын солай қалдырсақ та, бүгін де өзбектің жылыжайы мен саяжай­ларынан шыққан көкөністері мен жеміс-жидегінің вагон-вагонымен келіп, қазақ нарығын билеп алғаны көзімізге сүйелдей болып көрініп тұрғаны жасырын емес.
Жомарт Нүркенов, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
Расында да, көкөніс өсіруге қаншама мол мүмкіндік болғанымен, өңіріміздегі халықтың тұтынатын көкөніс пен жеміс-жидектерінің жартысынан  астамы  Өзбекстан мен Қытайдан жеткізіледі. Ақмола облысы астықты аймақ саналғанымен, көкөніс өсіретін шаруашылықтар саны тым аз. Елбасының жүктеуімен астаналық  облыс атанған біздің өңір азық-түлік белдеуінің басым бөлігін атқаруға тиіс болғанымен, көкөніс пен жеміс-жидек тауарларын жеткізуде әлі де болса әттеген-ай дегізетін жайттар табылып тұр. 

 Ол өз алдына, ішкі нарықта да, ортамызда бірге жүрген орыстың кемпір-шалы да базарды толық билемесе де, шама-шарқынша қажетімізді өтеп, қалталарына тиын-тебен басып жатыр.  
Валентина Михайлова, саяжай иесі: 
– Саяжайда көкөніс өсіруді осыдан он жыл бұрын қолға алдым. Әрине, алғашқы бетте жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін күтіп-баптау қиындық тудырғанымен, кейінірек бұл істі тұтастай меңгеріп, кәсіби шеберге айналдым. Қазір азғантай ғана 10 сотық жердегі саяжайымнан өз отбасымды қамтамасыз етумен қатар, артылғанын сатып, тұрмысымды түзеуге де септігін тигізетін өнім аламын. Еңбек етсең, қара жер де барын аямайды ғой...

Иә, «ексең егін, ішерсің тегін» дегендей, қара жердің бабын тауып, пайдалана білгендер, пайдаға шаш етектен кенеліп жатыр. Ал жер үйі болса да, тіпті саяжайы тұрғанның өзінде көкөніс өсіруге мойны жар бермеген қазақтың, орта есеппен алсақ, алған жалақысының кем дегенде үштен бір бөлігі көкөніс алуға жұмсалады екен.
Бірақ әзірге  саусақпен санарлық болса да, бақша өсірумен айналысатын қазақ­тардың шыға бастауы көңіл қуантады.
Серік Махметов, саяжай иесі:
– Ауылда өскендіктен бе, көкөніс, жеміс-жидек өсірумен бала кезімнен бері айналысып келемін. Міне, қазір қалада тұрсам да, саяжай сатып алып, бірден сол жерге үй салып алдым.  Төрт жылдан бері бақша дақылдарының барлық түрін өсіріп келемін десем де болады. Өткен жылы ауа райы жайлы болды. Соның арқасында өзімнен артылып қалған тұздалған қияр мен қызанақтың 10 банкасын саттым.  Әрине, ол үшін жаз бойы талмай еңбек ету қажет.

Серіктің сөзін естігенде ішіміз жылып сала берді. Осындай қазақтар көп болса ғой деп тіледік іштей. Бірақ саяжай кооперативіне кіргенде бұл ойымыз сағымдай бұлдырап кетті.
Владимир Антонов, «Ауыл шаруашылығы әкімшілігі» саяжайлар кооперативінің төрағасы:
– Біздің кооператив құрамында 420 бақшашы бар. Жыл сайын қатарымыз толығып келеді. Әркім өз қал-қадерінше  өзіне қажетті жеміс-жидек пен көкөніс егіп жатыр. Дегенмен мұның ішінде қазақ бақшашыларының үлесі 10 пайызға да жетпейді.

Бұл сөз намысымызға тигенімен, құжаттағы нақты деректер дәл солай деп сөйлеп тұрған соң, үнсіз бармағымызды тістедік.
Иә, қалай дегенмен де, әттеген-ай дегізген жайтты ойсалар етсек, ойымыз­дағы орындала ма? Мемлекет үшін ма­ңызды саланың әлі де болса ақсап жатқаны өз алдына, қандастарымыздың қай жа­ғынан болса да ұтылып жатқаны алаңда­тады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста