Қараусыз қалған жайлауға қытай қоныстанып жүрмесін

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Егемендік алғаннан кейінгі өтпелі кезең тұсында еліміздің бүкіл аймақтарын жұмыссыздық жайлады. Әлеуеті жеткен ауыл тұрғындары отбасымен қалаға үдере көшті. Ал әлеуеті жетпей ауылда қалған отбасылардың жастары жұмыс іздеп, қалаға сабылды. Жұмыс тауып, жағдайын түзегендері біржолата қалада қалды. Ауылда адам, жайлауда мал азайды. Сөйтіп, бір кездегі жайлауда малы мыңғырған алтын бесік – ауылдар келешегі жоқ елді мекен болып шыға келді.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, өткен жылы еліміздегі ауылдар саны 7232 болған. Олардың ішінде 3750 ауыл әлеуеті жақсы деп танылса, 2500 ауылдың жағдайы орташа санатта. Ал мыңға жуық ауылға «келешегі жоқ» деген айдар тағылды. Үкімет әлеуеті жақсы және орташа деген ауылдарға қолдау көрсетеді. Ал «келешегі жоқ» деген мәртебеге ие болған ауылдар Қазақстанның географиялық картасынан мәңгіге өшетін болады. Өйткені, ондай ауылдарға білім, медицина, мәдениет ошақтарын, жол және басқа да инфроқұрылымдар салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан Үкімет бұдан былай ондай ауылдарға қаржы қарастырмайды. Ол ауылдардың тұрғындары келешегі кемелді елді мекендерге көшірілетін болады.
Алайда, редакцияға хабарласқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны «шекера маңындағы ауылдарды жоймай, керісінше, өркендеуіне жағдай жасау керек. Шекара маңындағы ауылдарды көшіру – шекараны қараусыз қалдыру деген сөз. Ал қараусыз қалған жайлауға Қытай шаруалары қоныстану қаупі бар» – дейді қарт шопан. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстан облысында 72 ауыл жойылған және халқының саны 50-ге жетпейтін тағы 80 ауыл келешегі жоқ деп танылып отырған көрінеді. Оның ішінде шекара маңындағы ауылдар да бар.
Мұқатай ЕРУБАЕВ, «Құрмет» орденінің иегері, қарт шопан:
– 80-ші жылдардың соңында бір ғана Тарбағатай совхозында 46000 бас ұсақ мал, 1000 жылқы, 1700-дей ірі қара, 110 бас түйе болатын. Жаз айларында жайлау бос қалмайтын. Соңынан совхоз тарап, малдың бәрі жекеменшіктің қолына өтті. Халықтың көбі үлеске алған малды баға алмай, сатқаны сатып, қалғаны қырылды. Сөйтіп мал басы күрт азайды. Баяғы жайлаудың бәрі бос, қараусыз қалды. Ауылда «бос қалған жайлауда жаз айында Қытай шаруалары мал жайып жүр» деген әңгіме айтылып жүр. Егер бұлай қараусыз қалдырсық, бірте-бірте қытайлықтар сол жерге қоныстанып алуы да мүмкін. Сондықтан шекара маңындағы ауылдарға жағдай жасап, мал санын көбейтіп, жайлауымызды қайта игеруіміз керек. Жастарды ауылға тартатын амалдарды ойластыру қажет. Көрші аудандар шекара маңындағы ауылдарға жағдай жасауды қолға алап жатқан көрінеді. Іргеміз аман болсын десек, өзге елдермен шекаралас барлық аудандар шекара маңындағы ауылдарды қайта жандандыруы керек.

Мұқатай ақсақалдың айтып отырғаны да рас. Облыстағы Қытаймен шекаралас Күршім ауданы шекара маңындағы ауылдарды жандандыруды қолға алыпты. Алайда басқа аудандарда мұндай шара қолға алынбаған.
Алтайбек СЕЙІТОВ, Күршім ауданының әкімі:
– Ауданымызда 11 шекара маңы ауылдар бар. Біз сол ауылдарды жандандыруға бағытталған бағдарлама жасадық. Алғашқы кезекте сол ауылдардың халқын сақтап қалу, сосын жастарды ауылға тартуды жоспарлап отырмыз. Бағдарлама негізінде тұрғын үйлер салып, тұрғындарға мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін тауарлық несиелер беру қарастырылып отыр. Ауылды көріктендіріп, бар жағдай жасалса, жастар ауылға келеді деп ойлаймын.

Әкімнің айтуынша, бағдарлама жобасы сараптамадан, ведоствоаралық келісімнен өткен. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасынан, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерінен қолдау тапқан көрінеді. Енді бағдарламаны жүзеге асыру ған қалған.  
Бүгінгі таңда бағдарлама десе күдікпен қарайтын жағдайға жеттік. Өйткені біздегі бағдарламалардың бәрі жақсы басталады да, соңы сыйырқұйымшықтанып кететіні бар. Ел іргесі аман, шекарамыз нық болсын десек, бұл бағдарлама баянсыз бағдарламалар қатарына қосылып кетпеуі тиіс. Ол үшін атқамінерлер алдымен қалтаның қамын емес, халықтың қамын ойлауы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста