Қайран - ауыл, келер күнің қандай болар екен?

 Қайран - ауыл, келер күнің қандай болар екен?

Ауыл десе... Жүректің нәзік иірімдері мен қылдары еріксіз тербеліп, тұтас денеңді балалық шақ баурайындағы қимас ойлар кезгендей болады. Құстай ұшып сол сәтте ақ ауылға жеткің келеді. Бірақ өкінішке орай алтын бесік атанған, талай марқасқалардың қанатын қомдатқан ауылдардың ыңыршағы айналып, ескі бөздей болып ыдырап барады. Малы барлар ғана әупірімдеп жандарын бақса, өзгесі тұрымтай тұсына кетіп, өскен ортасын күнкөрістің қамы үшін тастап кетуге мәжбүр болуда. Өркениеттен ада қалған ауылдардың басында одан басқа амал да қалмаған. Әсіресе, қазақы ауылдардың басына қара бұлт болып үйірілген бұл сормаңдай тірлік қайғыға батырып тұр. Бүгінгі тақырыбымыздың тұздығына ауылдағы қазіргі ахуалдың ойы мен шұңқырын «Алаш айнасы» сын садағына алған едік.
Жолдары шұрық тесік. Жұмыссыздықтан жабағы жүндері жығылып үрпиген үкідей жүдеу тірлік. Балалардың күлкісі де бұрынғыдай жарқын шықпайтын сияқты. Өйткені, ауылдағы жағдай өкінішке орай тәуір болмай тұр. Әсіресе, өзіміздің қазақы ауылдардың «болашағы бұлыңғыр ауылдардың» қатарына көптеп енуі жанды қиналтады. Ең алдымен бала санының аздығынан ауыл мектептері жабылуда. Мәселен Ақмола облысының өзінде тек соңғы бес жыл ішінде ғана 62 ауыл карта бетінен мүлдем сызылған. Көше бастаған ауылдардан білім ордаларының да жабылуы заңдылыққа айналғаны рас.
Өйткені бала саны аз мектептерге қаржы құйғанша ауылды жауып тынған әлдеқайда тыныш. Ал олардың тастап кеткен ауылдағы үйлері мен мал-мүлкінің де құны көк тиын. Өйткені, ауыл енді ит байласа тұрмайтын иесіз мекенге айналған. Тек үй салу үшін құрылыс материалдары ретінде алуы ғана бек мүмкін. Талай жылдардан бергі ауыл адамдары жерленген бейіттер де енді иесіз қалмақ. Бұл да қоғам үшін қасірет екені айтпаса да түсінікті.
Экономикалық жағынан тиімділігінде сөз жоқ. Алайда, атамекенінен жырақтап кетіп, ата жұртынан адасқан қаракөз қандастардың, қалаға барып қаңғыбастарға айналған халықтың жайын ойлаған жан бар ма? Жоқ шығар сірә. Түгін тартса майы шығар шұрайлы жері мен туған даласын тастап шыққан жұрт қалаға келіп дағдарған жайы бар. Өйткені, қаладағы жұмыссыздық пен баспананың жоқтығы ауылдан шығып қайыршыға айналған жұртқа жел болып тұр. Ал, сонда заңды түрде жойылып бара жатқан ауылдарға бұйырмаған қаражаттан әлдеқайда көп шығын шықпайды деп кім айта алады? Ал бұдан кейін ұрлық пен сұмдықтың, ауыр қылмыстардың көбеймесіне кім кепілдік бермек?
Тағы бірнеше ауылдар аудан әкімдіктерінде «қара тізімге» ілігіп болашағы жоқ ауыл ретінде қалған. Яғни, Үкіметтің есебінше бұл ауылдарға қаражат құюдың қажеті шамалы. Түптің түбінде бәрібір жойылып, тып-типыл болады.
Сараптап көрейікші. Қазақ ауылдарының қаңқасы болмаса халқының саны, да өркениеті де, тіпті мектептегі бала саны орыс аралас ауылдардан әлдеқайда төмен. Ең бір ойландырарлығы экономикалық жағынан келгенде де жағдайлары жайлы шылқып отырғанын санамалап бере алмайсың. Мәселен Бурабай ауданында дәл қазір таза қазақ ауылдары дейтін Мәдениет пен Абылай хан атты екі-ақ ауыл қалған. Қалғаны өзге ұлттармен аралас, немесе таза өзге ұлт өкілдері тұратын селолар. Мұндай көріністер өңірдің барлық аймағында жетіліп артылып тұр. Ал орыс аралас өзге ұлттар тұратын селолардың мұрттары да бұзылмаған. Мәдениет орындары мен мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары да жасалып қойылған. Қаражат мемлекеттік бюджеттен де кішігірім шаруашылық серіктестіктерінен де молынан бөлініп тұр. Жұмыс орындары да жетерлік.
Мұндай көрініс қазақ елінің өзге аймақтарын да алаңдатқан машақаты ауыр мәселеге айналған.
Жұрты ғана қалған ауылдардың қатары әлі де артатын түрі бар. Өйткені, болашағы жоқ ауылдардың саны жыл санап елдің әр түкпірінде де артып барады. Ресми деректерге жүгінсек 2013 жылдың соңында еліміздегі 7 мың ауылдың бір жарым мыңы болашағы жоқ ауыл деп танылған. Үкіметтен инфрақұрылымы мен дамуына, әлеуметтік жағдайына қарайланбағасын одан әрі қаңырап қалатыны рас. Ал, бір жағынан алсақ осы ауылдар елдің экономикасын көтеру .үшін салық төлеп жатыр емес пе? Ендеше олардың жайын Үкімет қарамауын қалай түсінуге болады? Неліктен өзге ұлт өкілдері мекендейтін ауылдар болашағы жоқ деп бекітіліп қойған «қара тізімге» кірмейді. Міне осы сияқты көкейді тесіп жүрген сауалдар шыбын жанды қоярға жер тапқызбайды.
Үкімет аталған мәселе бойынша «Жұмыспен қамту – 2020» бағдараламасын жасағаны белгілі. Аталған бағдарламаға сай еліміздегі болашағы жоқ ауылдарда тұратын 50 мың тұрғын қалалы аймақтарға көшуі тиіс. Жақсы, үйлер салынсын-ақ. Қалаға көшкенімен сол бағдарламамен үй алған босқан ауыл тұрғындары үйсіз-күйсіз қалғаны тағы бар. Жабылған ауылдар, қалада қаңғырған жұрт. Бұл Үкіметке тиімді ме?
Бәлкім өткен жолы Оңтүстік жұртын солтүстікке көшіру туралы идея осы мәселені түбегейлі шешуге шынымен де ықпал етер. Халықтың саны көбейсе ауылдардың бұлыңғыр болашағы ашылар ма еді?!.
Осы орайда мына бір көзімізбен көрген жайды да айтпасақ болмайтын шығар. Көкшетаудан 80 шақырым жерде орналасқан Бурабай ауданың орталығы Щучинск қаласында қазір бес бірдей колледж жұмыс істейді. Бәрінде бірдей қазіргі ел экономикасын көтеретін техникалық мамандар даярланады. Арнайы жатақхана мен шәкіртақы да бар. Бірақ оқитын бала жоқ. Өйткені, ауылдағы жағдайы жоғарыдағыдай. Осыған сәйкес мемлекеттен оңтүстік облыстарында тұратын балаларды осында оқу орнына тегін әкеліп 100 бала оқыту туралы бағдарлама да жасалыпты. Бірақ оқитын бала саны жыл сайын ұстаздардың бас ауруына айналған көрінеді. Бәлкім осы мәселе де жаңағы идеяның орындалуына сеп болар.
Иә, ауыл азып барды. Доп қуалап, көбелек пен балық аулап шауып жүретін балғын балалық шағымыз өткен өз ауылым да қазір болашағы жоқ ауыл деп танылыпты. Қайран - ауыл. Келер күн қалай болар екен?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста