Пойызға билет таба алмаған жандар үшін жаңа қызмет түрі пайда болды
Теміржол билеті бағасын шарықтатуға жол берген құзырлы министрлік жаңашылдықтар енгізіп жанталасып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері интернетте пойызға билет таба алмағандар үшін жаңа қызмет түрі пайда болғанын жеткізді.
"Bilet.railways.kz сайтында «күту парақшасы» қызметі айда болды. Егер сіз жоспарлаған пойызда бос орындар болмаса, жолаушы өзінің жеке мәліметтерін қалдыра алады.
Орын пайда болғанда жолаушының электронды поштасына немесе жеке кабинетіне хабарлама келеді", - деді бүгін баспасөз конференциясында ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.
Айта кетейік, желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында Қазақстанда пойыз билетіне тапшылық қатты сезіле бастады. Кей аралықтарда жолда жүру ақысы 55-60 мың теңгеге дейін көтеріліп кетті.