Пайдасы көп пісте шаруашылығының өрлеуіне не кедергі?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Шекілдетіп шемішке шағу мәдениетке сай келмесе де, тіл үйірер дәмділігінің алдында көбіміз осалдық танытатынымыз рас. Әсіресе қоғамдық орындарда қоқыстың көбеюіне шемішке атаулыға қарсы «майдан» аша алмай келе жатқанымыз анық. Дегенмен пісте атаулы бүгінде ең өтімді тауардың біріне айналғаны жасырын емес. Кейінірек әп-әдемі шытырлақ қағазға оралған шетелдік шемішкелер келіп, «стақандық» пістенің жолын кесті. Жұрт жапырлап иісі аңқыған «импортный пістенің» саудасын қыздырды.
Расында, бүгінде пісте нары­ғын­да ресейлік пістелердің асығы алшысынан түсіп тұр. Бізде де бұл салада жан кіріп, сең қозғалған. Деген­мен қазақы пістеге сауда сөре­сінің астыңғы бөлігінен ғана орын тиіп отыр. Бүгінде БҰҰ-ның есебі бойынша пісте өндірісінде Ре­сей бірінші орында тұр. Екінші орын­да – Украина. Үшінші орын­нан үмітіміз болғанмен, біздің бар­мақ шайнаулы. Оған әртүрлі ке­дергілер себеп. Күнбағысты өсі­ріп баптау мен оны пісте етіп қо­рап­тайтынға дейінгі жұмыста біраз шідері шешілуі тиіс шаруа­лар шаш етектен. Сұранысы мол әрі ең өтімді тауарлардың тізі­мін­де алғашқы орында тұрған ше­міш­ке шығарумен бүгінде еліміз­де ірі өндіріс орындары емес, ша­ғын цехтар ғана айналысады. Қазақстандық танымал пісте­лер­дің нарықта аз-маз өзіндік орны бар. «Солнышко», «Сипан» атты піс­телеріміз бүгінде еркін сауда­ла­нуда. Әрі алармандары да көп.
Дегенмен ресейлік пістелер отан­дық өнімнің жолын кес-кес­тей беретіні рас. «Семки», «Мар­тин» атауына ие болған шекілдеуік компаниялары тіпті өздерінің сай­тын ашып алған. Өнімдерінің жар­намасы жер жарады. Дел­дал­сыз тікелей сатып алуға жол ашып қойған. Табысы алысқа кеткен өнімнің, әрине, өндірісі өркендері сөзсіз. Ал бізде өндірісі аз, жар­на­масы тіптің жоқтың қасы. Сайтты айтпағанның өзінде... жуырда ресейлік «Семки» пістелерінің құ­ра­мында мырыш көп болған­дық­тан, сауда сөрелерінен алып тас­тау туралы мәселе төтесінен қойыл­­ған-тын. Алайда соған қарамастан, сө­реден жоғалудың орнына жам­бас­тап жатып алған­дай. Әлі сау­далануда.
Бұл ақпар туралы біреу естісе, екеу білмейді. Алармандар аз бол­ма­ғандықтан, оның отандық өнім­нің өтімділігіне кері әсерін тигізері анық енді. Әзірге өз қандастарымыз өн­ді­ріп жатқан шемішке атаулыдан ши шыға қой­ған жоқ. Бірақ алғашқыдай емес, дәмі өзгерді. Әлде аларман жүрегін жаулап алған соң, қулыққа көшті ме екен? Әйтеуір «Солнышко» пістесі ең алғаш шық­қан­да­ғы­дай емес, тұзы аз, таза қуырылмаған, құрт­тағаны көп. Сөйтіп, шемішкеге деген шексіз құмар­лыққа құрық салатыны бар. Тұты­ну­шыдан айырылып қалмас үшін сапалы да дәмді тауар ұсынудың орнына кейде мақ­таған тауарымызды даттауға тура келетін де кездері бар өстіп...
Шемішке шаруашылығымен айналы­са­тындар анау айтқандай көп емес еліміз­де. Көтерме бағамен қотара сататындар аз-маз пісте бизнесінің пайдасын көріп отыр. Оңтүстіктегі Бәйдібек ауданына қа­рас­ты Екпінді ауылында күнбағыс өсіріп, шай-пұлын ажыратып отырғандар бар­шылық. Күтім­ді көп қажет ететін күн­ба­ғыс­тың пай­дасы да аз емес. Ылғалды сүй­мей­тін пістені сақтау да оңай емес. Көп бей­неттен кейін көп күттірген пайда да өз аяғымен іздеп келеді. Әсіресе көтере сатып алушылар жетіп-артылады. Бүгінде пісте­нің базардағы нарқы келісіне 200-ден асып отыр. Ал көтерме саудада онда да ауыл-ауылды аралап жүріп сатып ала­тын­дар тіпті 80-90 теңгеден алады. Ал тұқымы көктемде тап­тырмай кетеді. Әрі бағаның да ұшатыны осы кез... Шекілдеуік шаруа­шы­лығын да­мы­­тып, шетелдік өнімді нарықтан сыпыра қуып шығуға болады-ақ. Оған тек майда-шүйде деп қарамай, нағыз пайданың көзі деп қарасақ қана көз­қарас өзгерер...
Әрине, күнбағыс шекілдеуік шемішке ретінде емес, көбіне сұйық май өндірісіне қолданылатыны рас. Әрі көбіне шетелден тасымалданатыны тағы бар. Мұны ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамыт­бе­ковтің өзі де мойындайды. «Сыртқы нарықта бұл тауар түріне деген сұраныс та, бағасы да жоғары, әрине, біздің өнді­ру­ші­лер қымбат бағаға сата алатын еді. Елімізде ТМД елдеріне қарағанда сұйық май бағасы төмен. Ең қымбат баға – Армения мен Әзірбайжанда. Соңғы жылдары күн­бағыс майының бағасы 30-50 пайызға өскен. Бірақ сарапшылар баға төмендейді деген болжам жасап отыр» дейді. Расында, Ресей мен Украина былтыр күнбағыс өн­ді­ру­де рекордтық көрсеткішті жаңартты десе де болады. Аталмыш екі ел ТМД-ны айтпа­ған­да, әлем бойынша да көшбасында тұр. Бұл өнімді өкіртіп өндірмесе де, біздің елімізде біраз ілгерілеушілік бар. Экономист Рахман Алшанов: «Сырттан жылына 70 мың тоннадан астам өсімдік майын әкелеміз. Ал рапс, күнбағыс өсірумен кеңінен айна­лы­сып, одан май өндіретін болсақ, қаншама қаржыны үнемдейтін едік. Есептеуім бойынша, бұл жағдайда 400 пайызға дейін тиімділікке қол жеткізуге болады», – деген еді. Бірақ ол пікір айтылған жерінде қалды. Салаға жауапты Ауыл шаруашылығы министр­лігінің кейде айтылған оңды пікірлерді құлаққа ілмейтіні өкінішті...
Бүгінде Шығыс, Батыс Қазақстан об­лыс­тарында, Павлодарда күнбағыс өсіру тиімді жолға қойылған. «Глубочанка» шаруа қожалығы жылына 5,2 мың тонна күн­бағыстан өнім алуда. Сондай-ақ шы­ғыс­тағы көптеген шаруашылық күн­бағыс өсіру­мен айналысады. Алайда осыдан біраз уақыт бұрын ауыл шаруашылығы ма­мандары «күнбағыс топырақ құнар­лы­лы­ғын құр­тады» деп байбалам салғаннан кейін бұл саланың аяғына тұсау салынды деуге де болады. Кейбір шаруашылықтар жыл аралатып, тіпті кейбірі үш жылда бір-ақ рет егетін болып отыр. Осындай кедер­гілерден кейін бұл мәселелердің шідері қай­­тіп ше­шілмек? Дұрысы – бұған ми­нистрлік тарапынан күнбағыс шаруа­шы­лығының көлеңкелі тұстарына күн түсуі тиіс сияқты. Сонда ғана шешімін табар, бәлкім?
Пернебек МАҚАШ, шаруа қожалығының төрағасы:
– Негізінде ұсақ шаруа көрінгенімен, өнімді өсіре алсаң, пайдасы да әжеп­теуір. Бүгінде шекілдеуікті жоғары тех­но­логия бойынша өңдеп шығаратын шағын өндіріс орындары көбейді ғой. Солар-ақ егіс басынан көтере сатып алып кетеді... Пайдасы болмаса өсіруші де, өңдеуші де, сатып алушы да болмас еді ғой. Өндіріс өркендеп жатыр ма, демек, сұраныс бар деген сөз.

Пістенің пайдасы
Шекілдеуік шемішкенің ағзаға тигізер пайдасы зор. Ол ағзаны май қышқылдарымен толықтырып отырады. Кептірілген пістеде оның құрамындағы барлық дәрумен сақталады. Ал қуырылғаннан кейін оның құрамындағы пайдалы заттардың 90 пайызы жойылып кетеді. Күнбағыс пістесі – тері жасушалары үшін таптырмас дәрумен. Өлі тері жасушаларын тірілтіп, оның жасаруына септігін тигізеді. Атеросклероз, инфаркт миокарды, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауырға пайдасы бар. Онда теңдесі жоқ аминқышқылдары бар. Ақ пістенің 100 грамында 540 ккал бар, ал қара пістеде – 580 ккал. Пістенің құрамында холестерин мүлде жоқ. Ақ пістеде – 34 пайыз, қара пістеде 20 пайыз белок бар. Көбіне оны ауыр тағам деп есептейді. Асқазанда қорытылуы жарты сағатты алады. Ал кәуаптың 3,5 сағатта әзер қорытылатынын ескерсек, бұл онша көп уақыт емес, әрине. Қара пісте магнийдің қоймасы деп саналады. Онда қара нанның құрамындағыдан да магний 6 есе көп. Ағзада мырыш жеткіліксіздігі болса, аяқ сіңірі тартылып, шаш түсе бастайтыны белгілі. Ал пістеде мырыш көп. Тәуліктік қажеттілігін бір стақан пісте алмастыра алады. Ағзада темір жетіспесе, қаназдық, созылмалы шаршау синдромы болатыны белгілі. Құрамында темірі көп ақ пісте соның бәрін қуып шығады. Ол – дәмді ғана емес, өте пайдалы тағам. Өсімдік майы мен А, D, Е дәрумендері мол. Дегенмен диетологтер артық салмақ пен семіздіктен зардап шегетіндерге пісте шағудан бас тартуын талап етеді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста