Отандық газ өндірушілер: Ресейдің арзан өнімін алудың қажеті жоқ

Отандық газ өндірушілер: Ресейдің арзан өнімін алудың қажеті жоқ

«Газ тапшылығынан құтыламыз деп Ресейдің арзан өнімін алудың қажеті жоқ». Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары қауымдастығының басшысы Рашид Жақсылықов осылай деді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шикізат тапшылығын болдырмау үшін өзіміздегі өндірісті дамыту керек. 

 

Газ өндірісіндегі түйткіл Қазіргі таңда Қазақстанда 28 миллиард куб газ өндіріледі. Оның 3 миллиардтан астамы өндірістің өз қажеттілігіне жұмсалса, қалғаны экспортқа шығарылады. Ал халық 17 миллиард куб газ тұтынады. Мамандар жылдың аяғында бұл сан 19 миллиардқа жетеді деп отыр.

 

Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары қауымдастығының басшысы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мемлекет екі факторды ескермей отыр. Күн артқан сайын газға сұраныс ұлғайып келеді. Оның үстіне Үкімет алған әлеуметтік жауапкерлік бар. Бұл барлық ауылды газбен қаматамасыз етеміз деген уәде. Осы орайда сарапшы газ өндірісіне кедергі болып тұрған екі мәселені айтып берді.

 

Рашид Жақсылықов, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары қауымдастығының басшысы:

 

- Ең бірінші жауы бізде екі баға. Дүниежүзілік нарық бекіткен баға және ішкі тұтынысқа берілген баға. Ішкі тұтынысқа беріліп отырған баға дүниежүзілік нарықтан 15 есе арзан. Сондықтан газ өндіруші компаниялар ішкі тұтынысқа бергеннен гөрі сыртқа сатқан пайдалы. Бізде газ өндірісі өзінің өмінімін соңғы тұтынушыға жеткізетін коммуникация мүлде жоқ. Осыны толыққанды өндіретін бізде мықты зауыттар жоқ. Оралдағы газ өңдейтін зауыт, болмаса Жаңаөзендегі газ өңдейтін зауыт Кеңес үкіметінне қалған. Қазіргі заманға сай модернизация жүрмеген.   

 

Сарапшы газ өндіретін зауыттан бастап, соңғы тұтынушыға жететін коммуникацияның бәрін замануи жаңа технологияға сай жасау керектігін айтты.  Сондай-ақ бұл жағдайды түзеу үшін міндетті түрде ішкі тұтыныс пен дүниежүзілік нарық бағасын теңестіру керек деп есептейді.

 

Бірақ Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бізде «үлкен мұнай-агз өндірушілер: Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобаларына өнімді сыртқа сатқан пайдалы. Олар ішкі нарықтан босатылған. Тіпті біздегі ең газды көп өндіретін Қарашығанақ жобасы әлі күнге дейін 8 миллиард текше  метр газды Ресейге апарып, Орынборда өңдеп жатыр. Бізде осындай үлкен көлемде өңдейтін зауыт салынбаған». 

 

Рашид Жақсылықов, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары қауымдастығының басшысы:

 

- Бірақ бұл жерде арзан газ немесе халқымызды газбен қамтамасыз етеміз деп. Қазіргі таңда Ресейдің газы көп босап жатыр. Еуропа бас тартып жатыр. Бұл қақпанға да түсіп қалмауымыз керек. Өйткені Солтүстік облыстардың бәрін Ресей газдандырып береміз дейді ғой. Олар тек қана  газдандырып бермейді ғой. Оған қызмет көрсететін компаниялар әкеледі. Оны басқаратын азаматтарын әкеледі.

 

Тіпті қазір дүниежүзінде болып жатқан оқиағның басы Украина мен Ресейдің текетіресі осы газдан басталған 90-шы жылдары. Сондықтан бұл жағын да ескеруіміз керек. Шамамыз келгенше өзіміздің барымызбен базар болуымыз керек. 

 

Газ негізгі қуат көзі  

 

Былтыр Қазақстанда 53 миллиард текше метр шикі газ өндірілді. Оның ішінде үш ірі жобаның үлесіне газ өндірудің 81 проценті тиесілі. Өндірілген шикізаттың 32% қысымды сақтау үшін қайтадан қоймаға айдалды, 20% жер қойнауын пайдаланушылардың өз қажеттіліктеріне, электр энергиясын өндіруге пайдаланылды, сондай-ақ 48% тауарлық газға қайта өңделді. Айта кетейік, әлем халқы пайдаланатын қуат көздерінің 57% газ. Қалғаны мұнай, көмір, атом және жасыл энергия.

 

Теңге неге құнсызданды?  

 

Ұлттық банк ақша айырбастаудың бекітілген курсына оралмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Сондай-ақ ол теңгенің неге құнсызданғанын айтып берді. Айта кетейік маусымда  теңге 13,3 процентке әлсіреді. Әлия Молдабекованың сөзінше, бұған сыртқы фактордардан бөлек бірнеше ішкі фактор әсер етті. Соның ішінде импортты қаржыландырумен байланысты болған шетелдік валютаға деген сұраныстың артуы. Өткен айда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Бірақ мамандар, ақша айырбастау бағамының еркін айналымында теңгенің бұлай құбылуы қалыпты жағдай деп отыр. Өйткені бекітілген курс нарықты қысқа мерзімге тұрақтандырады. Бірақ сол курсты ұзақ ұстап тұру үшін көп шығын кетеді. Бұл алтын-валюта қорынан үнемі қаржы бөлуді талап етеді. Ал еркін ақша айырбастау курсы экономикалық өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік береді. Сондықтан Ұлттық банк бекітілген ақша айырбастау саясатына оралмайды деді ол.

 

Экономикалық болжам

 

Еуропалық комиссия еуроаймаққа қатысты экономикалық болжамын жариялады. Коронавирус пандемиясынан кейін ЖІӨ-нің қалпына келуі баяулайды. Ал инфляция деңгейі бұрын күткеннен де жоғары болады. Комиссия биыл инфляция 7,6%, келер жылы 4% шамасында болады деп отыр. Bloomberg аймақтағы инфляция Еуропалық орталық банк айтқан көрсеткіштен төрт есе асып, рекордтық мәнге жеткенін еске салды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста