Нұр-Сұлтанда оқушы формасы қай базарда қанша?
Тамыз айы басталысымен мектепке дайындықтың қызатыны белгілі. Әрине мектепке дайындық алдымен оқушыны, оның ата-анасын толғандырады. Себебі қазіргі уақытта бір баланың мектепке керек-жарағын әзірлеуге кем дегенде 30-40 мың теңге кетеді.
Ал кейбір отбасында 2-3 оқушы бар. Сондықтан да ата-ана алдымен арзан жерді іздейді. Алғашқы қоңыраудың соғылу сәтіне санаулы күндер қалды. Осы тұрғыда бас қаламызда оқушыны мектепке дайындауға қанша қаржы жұмсалады? Мектеп киімі мен құралдарын қай жерден алуға болады және бағасы қандай деген мақсатпен elorda.info тілшісі қала базарлары мен бірнеше сауда үйлерін аралап көрді.
Алдымен халық жиі баратын әрі бағасы да қонымды Орталық базарға бардық. Бір қуантарлығы, базар дүңгіршектерінің жартысы дерлік мектеп киімі мен құралдарын сатып тұр. Демек сатушы көп болса, таңдау мүмкіндігі бар және тиісінше баға да көңілге қонымды болады.
Баға сұрамастан бұрын алдымен бірнеше дүңгіршектерді аралап бір қарап шықтық. Содан соң ғана бағасын сұрауға көштік. Сонымен Орталық базардағы мектеп киімі мен құралдардың бағасына назар аударсақ:
Қыз балаларға арналған мектеп киімі:
Жейде (блузка) (бастауыш сынып оқушысына арналған) - 2500 теңгеден басталады. Жейде (жоғары сынып оқушысына арналған) 4000 теңгеден басталады.
Белдемше – (бастауыш сынып оқушысына арналған) 2500-3000 теңгеден басталады. Белдемше – (жоғары сыныпқа арналған) 4000 теңгеден басталады.
Пиджак – (ұл/қыз) 5000 теңгеден басталады.
Көйлек - 3000-3500 теңге (бастауыш сынып оқушысына арналған), 7500 теңге (жоғары сынып оқушысына арналған);
Сарафан – 3000 теңге, жемпір – 5000 теңгеден жоғары қарай.
Бантик – 400-500 теңге, ал фартук – 1500 теңгеден жоғары қарай.
Туфли – 5000 теңгеден жоғары.
Ер балаларға арналған мектеп киімі:
Костюмдердің бағасы 6000 теңгеден басталады.
Көйлек – 3000 теңгеден жоғары қарай.
Шалбар да 3000 теңгеден басталады.
Кеудеше (жилетка) – 3000 мыңнан басталады.
Аяқ киім (туфли) – 5000 теңгеден жоғары бастауыш сынып оқушысына арналған, 6000 теңге жоғары сынып оқушысына арналған.
Дене шынықтыру киімі – 6500 теңге (бастауыш сынып оқушысына арналған), кроссовки – 5000 теңгеден басталады.
Дене шынықтыру киімі – 8000 мың теңгеден басталады (орта және жоғары сынып оқушыларына арналған).
Сөмке – 4000 теңгеден жоғары қарай (барлық сыныптар үшін).
Кеңсе тауарлары:
Дәптер (12 парақ) – 5 теңгеге алуға болады.
Қалың дәптер – 110 теңгеден (48 парақ);
Қарындаш – 30 теңге;
Қаламсауыт (пенал) – 400 теңгеден басталады;
Күнделік – 250-300 теңгеге алуға болады;
Қалам – 20 теңге;
Фломастер – 250 теңге;
Сурет дәптері – 250 теңге (16 парақ);
Өшіргіш – 30 теңге;
Акварель (12 түс) – 350 теңгеден жоғары қарай;
Гуашь (12 түс) - 450 теңгеден басталады.
«Шанхай» базары
Қыз балаларға арналған мектеп киімі:
Жейде (блузка) (бастауыш сынып оқушысына арналған) - 2500 теңгеден басталады. Жейде (жоғары сынып оқушысына арналған) 4500 теңгеден басталады.
Белдемше – (бастауыш сынып оқушысына арналған) 2500-3000 теңгеден басталады. Белдемше – (жоғары сыныпқа арналған) 4000 теңгеден басталады.
Пиджак – (ұл/қыз) 5000 теңгеден бастау алады.
Көйлек - 5000 теңгеден жоғары;
Сарафан – 3000 теңге;
Бантик – 500 теңге.
Туфли – 5000 теңгеден жоғары.
Ер балаларға арналған мектеп киімі:
Костюмдердің бағасы 6000 теңгеден басталады.
Көйлек – 3500 теңгеден жоғары қарай.
Костюм (пиджак, шалбар, кеудеше) – 10 000 теңге;
Кеудеше (жилетка) – 3000 мыңнан басталады.
Жемпір – 3500 теңгеден;
Аяқ киім (туфли) – 5000 теңгеден жоғары (бастауыш сынып оқушысына арналған), 6000 теңге (жоғары сынып оқушысына арналған).
Дене шынықтыру киімі – 5000-6000 мың теңгеге алуға болады;
Сөмке – 3000 теңгеден жоғары қарай (барлық сыныптар үшін). Сатушылардың айтуынша, сапасы сын көтерерлік сөмке 7000 теңге тұрады.
Кеңсе тауарлары:
Дәптер (12 парақ) – 15 теңге;
Қалың дәптер – 85 теңге (48 парақ);
Қарындаш – 15 теңге, түрлі-түсті – 160 теңге (6 түс);
Қаламсауыт (пенал) – 450 теңгеден басталады;
Күнделік – 300 теңгеге алуға болады;
Қалам – 18 теңге;
Фломастер (12 түс) – 150 теңге;
Пластелин (6 түс) – 350 теңге;
Сурет дәптері – 280 теңге (16 парақ);
Өшіргіш – 50 теңге;
Акварель (12 түс) – 720 теңге;
Гуашь (6 түс) - 600 теңге;
Ұшшығарғыш (точилка) – 30 теңге.
Жалпы Орталық және Шанхай базарында бір оқушыны бастан аяқ 30 мың теңгеге мектепке дайындауға болады. Оның үстіне біз көрсеткен бағаны саудаласып төмендетуге де болады. Себебі сатушылардан «бұл қатып қалған баға емес түсіріп беремін» дегенді де естідік. Сондай-ақ, 10 мың теңгеден жоғары сомаға тауар алсаңыз дәптер тегін беріледі деген сатушы да кездесті. Мәселенің екінші жағы ол базардағы мектеп киімдері мен кеңсе тауарларының көбісі дерлік қытай өнімі, осы тұрғыда оның сапасы ол бөлек әңгіме. Айта кетсек, екі базардағы бағаның аса айырмашылығы жоқ деуге болады.
Біз одан әрі салыстырмалы түрде қарау үшін сол жағалаудағы халық көп баратын «Хан Шатыр» және «Азия Парк» сауда орталықтарына да бас сұқтық. Себебі халықтың бәрі базарға бара бермейді, оның үстіне базарлардың барлығы қаланың шет жағында орналасқан. Біздің мақсат – базар мен сауда үйінің бағасын салыстыру, сол сияқты оң жағалау мен сол жағалаудың бағасын салыстыру.
Сонымен «Хан Шатыр» және «Азия Парк» сауда орталықтарында баланы мектепке қанша сомаға дайындауға болады:
Қыз балаларға арналған мектеп киімі:
Жейде (блузка) – 7000 мың теңге (Ресей өнімі);
Белдемше – 6000 теңгеден басталады.
Жемпір – 8000 мың теңге;
Сарафан – 14 000 теңге;
Кеудеше (жилетка) – 12 000 теңгеден жоғары.
Ер балаларға арналған мектеп киімі:
Костюмдердің (пиджак, шалбар) бағасы 25000 теңгеден басталады.
Көйлек – 6500 теңгеден жоғары қарай.
Шалбар – 10 000 теңгеден басталады;
Кеудеше (жилетка) – 8000 мыңнан басталады.
Аяқ киім (туфли) – 7000 теңгеден жоғары (бастауыш сынып оқушысына арналған), 9000 теңге (жоғары сынып оқушысына арналған).
Дене шынықтыру киімі – 9000 мың теңгеге алуға болады;
Сөмке – 16 000 теңгеден жоғары қарай (барлық сыныптар үшін).
Кеңсе тауарлары:
Дәптер (12 парақ) – 25 теңге;
Қалың дәптер – 100 теңге (48 парақ);
Қарындаш – 40 теңге, түрлі-түсті – 350 теңге (6 түс);
Қаламсауыт (пенал) – 300 теңгеден басталады;
Күнделік – 390 теңгеге алуға болады;
Түрлі-түсті қағаз – 150 теңге;
Қалам – 40 теңге;
Фломастер (12 түс) – 650 теңге;
Пластелин (6 түс) – 380 теңге;
Сурет дәптері – 150 теңге (16 парақ);
Өшіргіш – 50 теңге;
Акварель (12 түс) – 650 теңге;
Гуашь (6 түс) - 900 теңге;
Ұштағыш (точилка) – 60 теңге.
Иә, сауда үйлеріндегі бағаны кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейтінін байқадық. Есесіне сапасы сынға жауап береді деген үміттеміз.
Одан бөлек, мектеп оқушылары сөмкесінің салмағы бөлек тақырып болып тұр. Себебі мектеп құралдарының өзінің салмағы 5 келіні құрап тұр. Ал оған кітаптарды қосыңыз. Әрине бұл бүкіл Қазақстанда көтеріліп жатқан мәселе емес. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының сөмкесін көтеріп көргенде баланы аяйтының рас.
Біздің мақсат – сабақтың уақыты жақындаған сайын «баламды қайдан киіндірем» деген дегбірі кететін ата-аналарға нұсқаулық беру. Оның үстіне жуырда өткен баспасөз мәслихатында қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин баланы бастан аяқ мектепке әзірлеуге 30 мың теңге жетеді деген-тұғын. Басқарма басшысы сөзінің қаншалықты қала базарлары мен сауда үйлеріндегі бағамен сәйкес келетінін өзіңіз салыстырып көрсеңіз болады.