Несиені долларға айналдырып депозитке салу қисынды ма?

Несиені долларға айналдырып депозитке салу қисынды ма?

Нақ қазір көрші Ресей экономикасының ахуалы, рубльдің күн сайын құнсызданып жатқаны, Ресейдегі жағдайдың ауырлағаны, біздегі бұқараның да көңіл-күйін бұзып тұрғаны жасырын емес. Қарапайым халық қазір теңгенің бағамы қалай боларына алаңдап, қайткен күнде де ұтылып қалмаудың жайын өзінше саралауда. Қызды-қыздымен қайсыбір қауым, «теңге құнсызданған жағдайда ұтып шығамын» деген оймен теңгедей несие алып, оны долларға айналдырып, депозитік салым жинауда. Бұқараның ондағы ойы «күні ертең доллар бағамы көтерілсе, табысым еселенеді» дегенге саяды.

Негізінде, Ұлттық банк төрағасы Келімбетов мырза, 2014 жылы Қазақстан экономикасының беріктігі нығайғанын, алтын-валюта қорының өсімі 102 млрд долларға жеткенін, Ұлттық қордың 73 млрд долларға дейін өскенін, осыған орай әзірге теңгенің бағамы өзгермейтінін қанша мәрте мәлімдесе де елдің теңгеге деген сенімсіздігі күшейіп тұр. Ал «Алаш айнасына» пікір білдірген сарапшыларымыз теңгеге деген жұрттың сенімсіздігі банктердің тәуекелін тым арттырып жіберетінін алға тартуда. Экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметовтың айтуынша, қазір Ресейдің қайсыбір ірі компаниялары өз капиталдарының 40 пайызын долларлай емес, жапонның йенімен, қытайдың юанымен сақтай бастады. Ресейдің олигархтарының өзі қазірде алаңдай бастады. Санкциялардың күшейгенінен қазірде Ресейде біріккен бизнес жүргізу мүмкін болмай қалды. Оған себеп Ресей біріккен әріптестікте доллардан бас тартуға түбегейлі кірісіп отыр. «Ал қазақстандық кәсіп иелерінен бастап, қарапайым халыққа дейін долларға деген сұранысты сәл-сәл болсын азайтуға тіптен әрекет етіп отырған жоқ» дейді маман.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Жалпы, бізде дұрыс түсіндірушілік жоқ. Мәселен, бізде халықтың доллар сатып ала басатуы, теңгедегі депозиттерін долларға ауыстыруға жоғары талпынысы депозит базасындағы тұрақтылықтың берекесін кетіре бастаған. Мысалы, тек қана желтоқсан айындағы бір айдың ішінде теңгедегі депозиттерді долларға ауыстыру көрсеткіші 37 пайыздан 46 пайызға бір-ақ өскен. Қарапайым халық «тағы да девалвация болуы мүмкін» деген оймен теңгемен жиып-тергенін бірден алады да долларға айналдырып депозитке салып тастады. Бұқараның ойынша, олар осылай етсе ұтылмайды. Бірақ қазір доллар несиеге деген сұраныс жоқ. Кешелі бері банктердің біразы доллармен ипотека рәсімдеуді доғарды. Себебі оған сұраныс жоқ. Жұрт доллармен алған несиесін теңгеге ауыстыратын банктерге құжаттарын алып кетіп жатыр. Бір банктен екінші банкке жинақтарды алмастыру, жалпы Қазақстанның банк секторынан бойынан ала қашу сынды жағымсыз іс-қимылдарға жол берілуде. Ал мұның барлығы әрине қаржылық рейтингті төмендетеді. Доллар несиеге сұраныс болмағаннан кейін, халықтың доллармен жинаған депозиттері де айналымға шықпай құр бос жатып қалады. Сондықтан бұл жерде осыны да ескеру керек. Долларды құр сатып ала берудің аса қажеттілігі жоқ. Қайталап айтамын, қазір халықтың басым бөлігі депозиттегі активтерін теңгеден долларға ауыстырып салып жатыр. Ал бұл депозиттерді қабылдауға банктер дайын болғанымен, оны доллар активінде орналастыруға еш мүмкіндігі жоқ. Өйткені елде долларға бағаланған несиеге сұраныс жоқ болғаннан кейін, сәйкесінше, банктер доллар түріндегі депозитті қабылдайды, бірақ оны айналымға салайын десе долларға сұраныс аз. Тұтынушылардың басым бөлігі несиені доллармен емес, теңгемен алуды қалайды. Осыдан барып долларды депозитпен сақтауда да, несиені теңге түрінде беруде де банктер жоғары валюталық тәуекелге бой ұрып отыр. Мұның салдары жағымсыз тренд тудырады.
Сонымен кәсіби мамандардың болжамына сүйенсек, долларды жаппай сатып ала берудің, оның ішінде теңгедей несие алып оны долларға айналдыру өміршең табыс емес. Бұған қатысты мамандар «Қазір мұнай бағасы төмендеп, Ресей рубльінің бағамы құнсызданып, Батыс экономикасының да әлсіз тұстары білініп, жалпы экономикалық ахуал ауырлап тұр. Мұның барлығы біздің экономикамызға да кері әсер етіп, теңгенің бағамын түсіретіні де рас. Бірақ жаппай ұлттық валютаға деген сенімсіздік тудыруға болмайды. Қазір әлем елдерінің басым бөлігі ұлттық валюталарына, ұлттық экономикасына деген сенімді нығайту мақсатында доллардан арылып жатқан тұс. Сондықтан бұл арада бізге ұлттық валютаға деген сенімділік маңызды» дейді.
Негізінде, деректерге жүгінсек, қазірдің өзінде төл валюталарының құнын сақтап қалу үшін Жапония, Корея, Қытай, Индонезия, Малайзия, Оңтүстік Корея елдері сауда операцияларын жасауда доллардай емес, тек қана өздерінің төл валюталарын пайдалануды жөн көруде. Биылдан бастап біздің еліміз де Қазақстан-Қытай сауда-саттығында теңге-юаньмен есеп айырысуға бел шешіп отыр. Көрші Ресейдің өзі дедолларизацияға тереңдеп ену керектігін қазір жақсы түсініп отырған тұс. Мұны біз Алаш айнасында бұдан бұрын да жаздық.

Түйін: Қазірде әлем елдерінің 60 пайыз валюталық қоры АҚШ долларында сақталады. Долларға деген сұраныс Америкаға айтарлықтай жеңілдіктер тудырып отыр. Атап-атап айтсақ, доллар халықаралық сауда мен халықаралық қаржы жүйесін құрап отырған валюта болғандықтан, осы доллардың иесі АҚШ-қа әлемдік нарықта мұнай және басқа да ресурстарды сатып алуда жеңілдіктер ұсынылады. Халықаралық саудаға қатысу үшін барлық елдерге доллар керек. Тауарларды экспорттау үшін де барлық елдерге доллар қажет. Ал доллардың иесі АҚШ долларды басып шығаруға үлгеріп отырса болды, пайдаға батып отыра береді. Бұдан соң долларға негізделген халықаралық несие жүйесі деген бар. Кейбір деректерге қарағанда, осы доллардай берілген халықаралық несие сыйақысының өзі АҚШ-қа жылына 200 миллиард доллар табыс әкеледі. Тізе берсек, доллардың тек АҚШ үшін ғана қызмет етіп жатқанын жақсы түсіне түсеміз. Осыны ескерген сарапшылар «доллардан әлем біртіндеп бас тартпаса әрбір үш жыл сайын әлем экономикасы дағдарысқа түсіп отырады. Ал мұның соңы ешкімге қолайлы емес. Қазір мұны түсінген біраз елдер долларсыздануға кірісіп кетті. Демек ендігі бір жеті-сегіз жылдың көлемінде доллардың халықаралық валюта мінберінен құлауы заңдылық. Сондықтан өзіміздің ұлттық валютамызға деген сенімділікті күшейту керек» дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста