Наубайшылар технологтарға қашанғы телміреді?

Наубайшылар технологтарға қашанғы телміреді?

 

Қызылордалықтар сапасы төмен нанды талғажау етуге мәжбүр. Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімдігінің ұйғарымымен ұндар Қостанайдан әкеліне бастаған болатын. Әкімдіктің әзірге аймақта нан бағасын тұрақтандыруға ұсынатын бірден-бір жолы осы. Ал ас атасын әзірлеушілер болса, арзан ұн табыс көзін арттырмақ тұрмақ, тұтынушы талабын қанағаттандыруға мүмкіндік бермей отыр дегенді айтады. Тіпті, наубайханаларға үлестірілетін ұннан пісірілетін өнімдер өтімсіз болып тұр. Базар бағасынан едәуір төмен бағада әкелінетін ұнды дайындау барысында көптеген қиындықтар туындайтын көрінеді. Пұлы төмен ұннан дайындалатын азық тұтынушы талабын таразылауға мүмкіндік берер емес.

Қызылордадағы наубайханалар мен дүкендерде бір бөлкенің бағасы 40-45 теңге­ден сатылуда. Сатушылар нанды қымбаттатып, шеттен әкелетін ұнды шектеу керек дейді. Кәсіпкерлердің кейістік білдіруі облыста нан бағасының қалыпты құнын қамтамасыз ету үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, “ҚазАгро” Холдинг” АҚ, “Қазақстанның астық өндірушілер одағы” ЗТБ және Қызылорда об­лысы әкімдігі арасындағы төрт жақты келісімдерінің орнауымен тікелей байланысты. Қол қойылған құ­жатқа сәйкес, 2012 жылы “Мелькомбинат” Ақ-Бидай” ЖШС-нен облысқа келісі 47 теңгеден 22600 тонна ұн жеткізілген. Өңірге әкелінген ұндар бастапқыда “Аль-Асад” ЖШС мен нау­байханаларға, аудандар мен сауда орындарына арзан баға­да босатыла бастаған. Ал былтырғы наурыздан бастап “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ тара­пынан 22 208,8 тонна 1 сортты ұн аймаққа әкелінген. Биліктегілер бөлке нанның бағасын бірқалыпты сақтап тұруы үшін барлық жағдайды жасауда. Дегенмен, кәсіпкерлердiң бұған көн­гісі жоқ. Мәселенің мәнісін аймаққа арнайы шақыртумен келген технологтар түсіндіріп берді. Облыстық ішкі саясат басқармасының пресс-турында тәжірбиелі технологтармен біздер де кездесіп, наубайханада нан пісіру технологиясының жай-жапсарына көз жет­кіз­дік.
Аймаққа арзан бағада ұн жіберіп отырған комбинаттың өкілдері бірнеше аптадан бері өңірде жүр. Олар наубайханадағы нанның пісірілу технологиясымен танысып, мазасыз мүйісті біржақты етуге келген. Өкініштісі сол, біздегі технологтардың тәжірбиесі төмен көрінеді. Қостанайлық технологтар кез келген ұннан сапалы нанды шығаруға болады дегенді айтады. Анығында, біздегі нау­байханаларда арнайы технологтар жұмыс жасамайды, көпшілігі өздігінен нан пісіруді үйреніп алған. Осыдан келіп ортақ мәмілелер болмай отыр. Дегенмен, арзан ұнға қатысты барлық сауалдарды өңірге келген технологтар наубайхана кезіп жүріп түсіндірді. Нан цехы өкілдерінің арзан ұнға қатысты арыз-шағымдары негізсіз болып шықты. Кінәрат ұннан емес, нау­байхана қызметкерлерінің өздерінен екен.
Ерхан Агибаев, облыстық ауылшаруашылық басқар­масы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:


- Қазір біздер Қостанайдан арнайы мамандар ша­қырт­тық. Бірнеше күннен бері олар арзан ұннан нарықта өтімді нан  өнімдерін  қа­лай жасау керектігін нау­байшылар­ға  үйретуде. Арзан ұннан дайын­далатын өнім­дерді дұрыс дайындау керек. Технологтар тәптіштеп бәрін түсіндіруде. Негізі бізге әкелінетін ұндар анау айтқандай сапасыз емес. Ұндарды нау­байшылардың өздері дұрыс дайындамайды екен. Нанды пісіру барысында ұнға қосылатын су мөлшері мен оның температурасын қатаң еске­ру керектігін біліп жатырмыз. Аймақтағы наубайханаларда алдағы күндері технологтар тәжірбиелерімен бөлісіп, жеуге жарамды нанды дайындауды біздің нау­байшы­ларға үйретіп кетеді деп сене­міз. Былтырғы қарашада облыс әкімдігі және “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰҚ” АҚ арасында қараша, желтоқсан айларында облысқа тоннасы 42 мың теңгеден 7274 тонна астықпен қамтамасыз етуге­ меморандумға қол қойыл­ған болатын. Алайда өткен меморандум бойынша бөлінген астық­ты қоймаларда 563,9 тоннадай көлемін өз мерзі­мінде тауып бере алмағандықтан,  қараша айының 3637 тоннасынан 563,9 тонна астық шегеріліп, нақтысы қарашаға 3073,1 тонна, желтоқсанға 3637 тонна астық, барлығы 6710 тонна бөлініп сатылуда.
 
Анатолий Маклов, “Кустанайская мукомольная компания»  ЖШС-нің өкілі:
- Біздер қызылордалық наубай­ханаларда өз тәжір­биеміз­бен бөлісудеміз. Нау­байшылар ұнның көтерілмеуіне, ашы­мауына, күйіп кетуіне­ арызданады. Ал біздің Қос­танайдағы наубайханалар осы ұнмен нан пісіреді. Бірақ сапалы шығады. Бұл ретте, наубайханада жұмыс жасайтын қызметкерлердің нанды пісіруден хабары жоқтығы байқал­ады. Олар бұрын қымбат ұнмен нан пісір­ген. Ол сапал­ы ұн болғандықтан, өздігінен көте­ріліп, пісіп шығад­ы. Бірақ бұл сіздерге жеткізі­ліп жатқан ұнның сапас­ы төмен деген сөз емес. Тек, нау­байшылар  дұрыс нан пісір­мейді екен. Көбісі ұнға ыстық су құяды. Ашытқыны аз қосады. Су мөлшерін дұрыс сақтамайды. Содан соң бұл ұндарға ешбір майлы қосын­дылар мен дәмдеуіштер қосудың қажеті жоқ. Осындай қателіктерден  нанның са­пасы төмендеп тұр. Біз ұнға қымбат бағадағы ұнды ара­лас­тырмай-ақ, нарықта өтімді өнімді қалай дайындау керек­тігін үйретудеміз. Біздің тәжірбиелер ұнап жатса, наубайшылар нан пісіру кезінде осы әдіс-тәсіл­дерді  қол­дана  жатар.


 
Ләззат Ерназарова, “Қожасов Қ” наубайханасы басшысының  орынбасары:
- Алғашында  ұндар  сапалы болған. 2012 жылдан бері Қостан­айдан ұндар әкелініп тұрды. Бірақ жыл басынан бері нанның пісуі мен көтерілуі, жалпы, сапасы төмендей бастады. Содан бері арзан ұнға қымбат ұнды араластырып келдік. Бірақ бұл материалдық шығындарға әкеліп соқтыруда. Егер біздер әкімдік ұсын­ған қостанайлық ұндарды алмасақ, қымбат ұнды пайдала­намыз. Ал бұл өз кезегінде нанның­ сауда нүктелерінде сатылу­ бағасын көтереді. Құрығанда 40-45 теңгеден сатыла­ды. Бірақ әкімдікте­гілер нан бағасын көтеруге болмайтын­дығын, бұл  әлеуметтік  маңызы жоғары жайт екендігін айту­да. Біздер бастапқыда тәулігіне 6000-6500-ге жуық нан  пісі­ретінбіз. Бірте-бірте сауда дүкендері біздің нан­дарды алмай­ қойды. Себебі, пісірі­летін нан сапасыз. Мұның  барлығы ұнның сал­дарынан. Қазір  небәрі 1500-дей нан пісіреміз. Оның өзінің сапасы­  төмен. Біздер  мүмкін­дігімізше тырысып келеміз.
Қазір шеттен келген ұнды тарататын бірден-бір оператор «Қызылорда қар­жы компаниясы» ЖШС болып­ отыр. Бұл мекеме өз кезегінде облыстағы нау­байханалардың барлығына дерлік ұн жеткізеді. Технологтардың тәжірбиесімен бөлісу басқосуында осы компан­ияның өкілдері де болды. Олардың айтуынша, наубайшылар нанды пісіру технологиясын меңгеріп, аймаққа әкелінетін арзан бағадағы ұннан бас тартпағандары жөн дейді.

Н.ЕРБОЛАТ,
www.halyk-gazeti.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста