Мыс бағасы маусым сайын қымбаттауда

Түсті металдар нарығында мыстың алар орны ерекше. Қара темірдің өзі қымбаттап жатқан шақта қызыл металл тіптен шарықтау шегіне жетті десе де болады. Бұрын-соңды тарихта болмаған бағаға дейін көтерілді. «Бұл тіпті мыстың соңғы тұрақтаған бағасы да емес», дейді мамандар. Мыстың бағасы әлемдік нарықта бұдан да жоғары шекке жетуі бек мүмкін. Мәселен, былтыр мыстың тапшылығы 560-570 мың тоннаға дейін жетті дейді Forex Club-тың сарапшылары. Ал бағасы Қытайда – 8,5 пайызға, Жапонияда – 1,4, Германияда – 2,6, АҚШ – та 3 пайызға дейін жоғарылаған.

Өткен жылдың қаңтар-қазан айлары ара­лығында 404 мың тоннаға сұраныс бол­ғанымен сатуға деген ұсыныс бол­ма­ған. Қызыл металл дағдарыс уақытында да беделін жоғарылатып, жаңа тарихи бағаға кө­те­ріл­ді. Фунты 4,6370 доллар болды. Түсті металдардың баға­сының өсуі биыл да тоқ­та­майды деп отыр маман­дар. Әлемдік нарықта әсі­ресе мыс бағасының мүлдем түспеуі инвестициялық са­лым ретінде де бағалануда. Осы бағалы металды өндіру­ден еліміздің аты алысқа жетіп, таны­мал­ды­ғы артып келеді. «Қазақмыс» – әлемде мыс өндіруші компа­ния­лардың алғашқы он­дығына енген әрі 2005 жыл­дан бері Лондон­дағы қор биржасына өз акция­ларымен қосыл­ған отандық ком­па­ния. Бұрынғы кеңес одағы елдерінің ішіндегі алғашқы компа­ниялардың бірінен саналады. Осы уақыт ішінде компания ак­ция­сының жалпы құны 10 миллиард дол­лар­ға дейін жеткен. Бүгінде ол жылына 400 мың тоннадай мыс өндіреді. Компания өндіретін осын­ша­ма көлемдегі мыстың тек бір пайызы ғана Қазақстанның ішкі нарығына арналып, қал­ған 99 пайыз өнім шетелге жөнелтіледі екен. Әсіресе соның ішінде негізгі бөлігі Қытай­ға сатылады. Елімізде компанияның мысын Жезқаз­ғандағы мыс жіптерін жасау зауыты алып, өңдеп, оны Павлодардағы транс­форматор зауытына жөнелтеді. Бұдан басқа елімізде мыс алып оны кәдеге жара­та­тындай ешқандай зауыт та, өндіріс орны да жоқ. Жуырда ғана Лондон биржасында бір тонна таза мыстың бағасы 6 930 АҚШ долларын құрады. Бұл қатып қалған баға да емес, себебі жыл сайынды айтпағанда бұл металдың бағасы күн санап көтеріліп келеді. Соңғы бір жылда мыс өндіру әлем бойынша 0,8 пайызға өскен екен. Өндіруге тыйым салынғанына қарамастан, әлемде мыс өндіру 3,8 пайызға артқан. Қандай дағ­да­ры­сы­ңа да қарамастан, мысты пай­да­лану жоға­ры деңгейде қала береді. Сон­дай-ақ өндіру мен қайта өңдеу саласында да ілге­рілеу бар.

Әлемдегі мыс тұтыну жағы­нан бірінші орында Қытай тұр. «Қазақ­­мыс»  қытайдың «Цзиньюй» компа­ния­сы­мен Ақтоғай-Айдарлы мыс кен орнын бірлесіп пайдалану жөнінде келісім­ге кел­ді. Соколов-Сарыбай кен-орны бірлестігі Қытайға жылына 6 миллион тон­на темір кен өнімдерін жеткізіп беріп отыр. Бұл – жер байлықтарын қопара отырып, өн­ді­ріліп жатқан өнім. Ал қолдағы яғни, бұрын тұрмыста пайдалануда болған тұрмыстық техникалардан бұзылып алын­ған мысты металл қабылдау орындары был­тыр келі­сіне 1 200 теңгеден сатып алған болатын. Ара­ға аз уақыт салып 1 500 теңгеге дейін көтерілген кезі де бар. Бүгінде әр қалада бар осындай металл қабылдау бөлімдері жинап-тергендерінің бәрін Қытайға асы­рып жатыр. Осыдан оншақты жыл бұрын бір келісі 50 теңгеге бағаланған бағалы металл бүгінде шарықтау шегіне жетті. Енді аз ғана уақыттан кейін тіпті ескі, пайда­ла­ну­да болған мыс атаулы қалмауы да мүм­кін. Одан бері де мыс кен орындарын бар­лау жұмыстарында да шабандылық бар. Еліміздегі қазба байлықтарға геоло­гиялық барлау жұмыстарына жыл сайын 40 мил­лиард теңге бөлінуі тиіс. Бұл туралы ҚР Ин­дуст­рия және жаңа технологиялар ми­нистр­­лігінің геология және жер қой­науын пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Болат Ужкенов мәлімдеген бола­тын. Бұл – қаржы жер қойнауын пайда­ла­ну­шы­лар­дан түскен салықтың 5 пайыздайы ғана. 2000-2009 жылдар аралығында жер қой­науын пайдаланушылардан түскен салық көлемі 7,8 триллион теңгені құраған. Яғни, жыл сайын 780 миллиард теңге түседі де­ген сөз. Бірақ барлау жұмыстары ойда­ғы­дай емес. Егер тау, қойнау, қолат­тарды әлі де зерттей түссе небір пайдалы қазба­лар­дың көзі ашылары сөзсіз. Бүгінде астын аршып алынып жатқан қазба көздері де бір кездері сарқылары белгілі. Сонда жаңа пайдалы қазба көздерінің қажет болары айдан анық. Ол үшін бүгіннен бастап-ақ геоло­гиялық барлау жұмыстары басталуы тиіс…

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста