Мұнайдың бағасы, қинап тұрғанын қарашы...

Лондон биржасында кеше Brent маркалы мұнай барреліне 84,63 доллар болса, бүгін ол бірден 81,84 долларға төмендеді. Сол-ақ екен, бірқатар халықаралық сарапшылар экономикасы мұнайға байланған елдердің болашағына болжам жасай бастады. Тіпті Қазақстан-Ресей нарығының жайын бақылап, бағдарлап отыратын Renaissance Capital ақпараттық қаржылық орталығы «мұнай бағамы 80 доллар болып түзілетін болса, Қазақстанның ұлттық банкі теңгені 15,5 пайызға құнсыздандырып, бір долларды 220 теңге етуге мәжбүр» деген болжамдарды да тартты.
Жалпы, мамандардың пайымдауынша мұнай бағасының арзандауына ұсыныстың артып, сұраныстың төмендеуі тікелей ықпал еткен. Мысалы, халықаралық энергетика агенттігі «2014 жылы әлем бойынша тәулігіне 92,4 млн баррель мұнай тұтынылады» деген болжам жасаған. Бірақ бұл болжам дөп келмей, сұраныс күрт төмендеген. Алаш айнасына пікір білдірген мамандардың да пайымдауынша, мұнай бағасының төмендеуіне бірден-бір ықпал етіп отырған фактор осы.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Мұнай шығаратын елдердің өнімді шамадан тыс көп өндіруі, мұнайдың әлемдік тұтыну қорының тұрақты болжанбауы мәселені осыған әкеп тіреді. Мысалы, халықаралық энергетикалық агенттік «әлем бойынша тәулігіне 92,4 млн баррель мұнай тұтынылады» деп болжады. Артынан аталмыш агенттік бұл деңгейді 1,3 млнға дейін түсірді. Ал күні бүгін мұнай бағамы 81, 84 доллар болған тұста агенттік бұл көрсеткішті 700 мыңға дейін түсіріп отыр. Осылайша ұсыныстың артып сұраныстың төмендеуі мұнай бағамының күрт арзандауына әкеліп соқтыруда. Бір ғана қыркүйек айында нарыққа сатылымға шыққан мұнайдың көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 миллион баррельге артық. Қазір мұнай өңдеуші елдердің барлығы шикі мұнайды көптеп сатуды ғана ойластырып отыр. Соның ішінде біздің Қазақстан да мұнай экспортын жыл сайын ұлғайтуда. Осылайша шикі мұнайды ауқымды көлемде экспорттай берудің соңы осыған апарып соқтыруда. Ал кеше ғана ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндіріс көлемін төмендетуді қарастырмайтынын мәлімдеді. Егер жағдай осылайша орын алып ОПЕК ірі көлемде мұнай экспорттаушы елдерге өндіріс көлемін төмендетуді, мұнай өңдеуді белгілі бір көлемде шектеуді нықтап міндеттемесе, онда мұнай бағасы одан әрі төмендей түседі. Ал бұл әлем үшін қауіпті жағдай. Сондықтан ОПЕК мұндайға жол бермейді деп жорамалдау керек.
Сөйтіп, маманның байыптауынша, мұнай бағасының күрт төмендеуіне басқа фактордан бұрын нақ осы сұраныстың төмендеп, ұсыныстың артуы әсер етіп отыр. Ал «көршілес елдерде болып жатқан саяси ахуал, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс, оған АҚШ-тың араласуы бұл қосымша ықпал етуші күш» дейді сарапшылар.
Марал Төртенова, экономист-сарапшы:
- Сыртқы саяси жағдайдың да мұнай бағамының түсуіне әсер етіп отырғанын жоққа шығармауымыз керек. Қазір АҚШ Ресейді тұқыртып сабасына түсіру үшін Сауд Арабиясымен, Ливиямен келісімдерге келе бастады. Егер Сауд Арабиясы мұнай өндірісін одан әрі арттыру арқылы оның бір баррель құнын 80 доллардан түсіруге ықпал етсе, Ресей қаржылық шыңырауға құлайды. Бұдан экономикасы әбден байып алған Сауд Арабиясына аса қорқыныш жоқ, бірақ өзге елдерге бұл ауыр соққы болады. Сондықтан қазірде халықаралық сарапшылар - ОПЕК 2015 жылы мұнай өндіруді 500 мың баррелге қысқартуы мүмкін деген болжамдар айтуда. Егер жағдай бұлай түзілетін болса, онда келер жылы мұнай бағамы қалыпқа келеді. Ал жалпы, ел бюджетіне мұнайдан түскен түсім 9 айдың қорытындысына қарап түзіледі. Сондықтан қазір ел бюджетіне қатысты нақты-нақты дүниелер айту қиын. Тіпті бір айлық болжамды да жасай алмаймыз. Себебі баға күн сайын құбылып отыр. Біздің елдің бюджеті әлемдік нарықта мұнай бағамының 90-95 доллармен түзілуіне қатысты жоспарланғанын есептесек, ол үшін тоғыз айдың қорытындысы керек. Сол тоғыз айдан түскен түсімді есептеп, барып қорытынды шығаруға болады. Өз басым, аса ұтыла қоймаймыз деп есептеймін. Себебі бұған дейін әлемдік биржада мұнай бағамы 105-110 долларды да құрады ғой. Міне, осы тоғыз ай бойы түскен түсімді бөліп еспетеген кезде түскен түсімнің қаншалықты екені нақты білінеді. Бұл арада екі немесе үш айдың қорытындысымен «бюджет шығын көрді» деп айта алмаймыз. Рас, мұнай 50- 60 долларға дейін төмендесе онда алаңдауға негіз бар. Ал қазіргі бағам сақталып, келер жылы баға тұрақталатын болса онда аса ұтылмайтынымыз анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста