Мұнай бағасы 40 долларға құлауы әбден мүмкін, ал бізге қайтпек керек?
Халықаралық сарапшылар кешелі бері «осы қаңтар айының өзінде-ақ әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 40 долларға құлауы әбден мүмкін» деп отыр. Бұл ретте Argus халықаралық баға жөніндегі агенттігінің вице-президенті Вячеслав Мишенко «Қазір мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін жеткізу туралы ұсыныстар қозғалуда. Бұл дегеніңіз-алты айдың ішінде мұнай өндіру көлемі 300 млн баррелге жететінін көрсетеді. Сұраныстың аздығына қарамастан Сауд Арабиясы осылайша «мұнай өндіру көлемін азайтпаймыз» деп отыр. Қазір Қытай экономикасы да, Батыс экономикасы да әлсіреп кетті. Әлемдік экономикаға қысым түсті. Сондықтан мұнай бағамы осы қаңтар айында-ақ 40 долларға құлауы әбден мүмкін» деді.
Негізінен, бірқатар сарапшылар Мишенконың бұл сөзінің жаны бар деседі. Қазір әлемдік нарықта мұнай бағасының бір барелльі шамамен 53 долларды құрап отыр. Сарапшылар болашақта әлемдік нарықта мұнай өндіру көлемі одан әрі арта беретін болса, баға одан әрі құлдырайтынын жоққа шығармайды.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Мұнай шығаратын елдердің өнімді шамадан тыс көп өндіруі, мұнайдың әлемдік тұтыну қорының тұрақты болжанбауы мәселені осыған әкеп тіреді. Мысалы, халықаралық энергетикалық агенттік «әлем бойынша тәулігіне 92,4 млн баррель мұнай тұтынылады» деп болжады. Артынан аталмыш агенттік бұл деңгейді 1,3 млнға дейін түсірді. Енді келіп тәулігіне тәулігіне 1,8 млн баррель мұнай өндіруді жоспарлануда. Ал молынан өндірілгенмен ол мұнайға сұраныс жоқ жоқ қой. Осылайша ұсыныстың артып сұраныстың төмендеуі мұнай бағамының күрт арзандауына әкеліп соқтыруда. Бір ғана 2014 жылдың қыркүйек айында нарыққа сатылымға шыққан мұнайдың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2,8 миллион баррельге артық. Бұл жерде қайсыбір сарапшылар тарапынан АҚШ, Ливия, Сауд Арабия келісімге келіп мұнайды өндіру көлемін ұлғайтты. «Бұл АҚШ-тың Ресейді тұқырту үшін істеп отырған әрекеті» деді. Бірақ өз басым мәселенің астары мұнда ғана жатпағанын айтқым келеді. АҚШ-тың сыртқы қарызы қазір шамадан тыс көбейіп кетті. Бұл тығырықтан шығу мақсатында АҚШ 2001-2012 жылдар аралығында ірі көлемді мұнай өндіру арқылы табысын еселеуге тырысты. Қазір мұнай өңдеуші елдердің барлығы шикі мұнайды көптеп сатуды ғана ойластырып отыр. Соның ішінде біздің Қазақстан да мұнай экспортын жыл сайын ұлғайтуда. Осылайша шикі мұнайды ауқымды көлемде экспорттай берудің соңы бағаның құлдырауына апарып соқтыруда. Бұл әлем үшін қауіпті жағдай. АҚШ өзінің экономикасын күшейтемін дегенімен АҚШ-та ірі-ірі компаниялар бірінен соң бірі құрдымға кетіп жатыр. Демек бұл жерде АҚШ-тың және басқаның пайдасына да бұл жайт жайлы тиіп отырған жоқ. Төмендегі инфографикаға көз салсаңыздар, сол 2001-20012 жылдар аралығында АҚШ-та біршама ірі компаниялардың тоқырауға ұшырағанын аңғарамыз. Сондықтан бұл арада Ресейге ғана емес, жалпыға бірдей экономикалық қысым күшейіп келе жатқанын жасырмағанымыз абзал.
АҚШ-тағы ірі компаниялардың тоқырауға ұшырауы төменде сызбада көрсетілген:
Жалпы, мұнайдың бағамының кері кетуі белгілі мөлшерде валюталар бағамына да, әрі елдің экономикалық рейтингіне де, жалпы ішкі өнімдік табысына да кері әсер ететінін біз бұған дейін де бірнеше мәрте жаздық. Бұл ретте мамандар мұнай бағасының түсуі одан көп табыс тауып үйреніп қалғандарға үлкен әсер ететінін жасырмай керектігін нықтап отыр. Бұған қатысты сарапшыларымыз «бір ғана Ресей экономикасын бір жылда әлдендіру үшін 170 млрд доллар қажет болады. Негізінде 2015 жыл мұнай экспорты арқылы ЖІӨ айтарлықтай көтеріп отырған елдер үшін ауыр жыл болмақ. Сондықтан Ливия, Ирак, Сауд Арабия, Қазақстан, Катар, Алжир, Ресейден бастап тағы біраз елдердің экономикасы ауырлықты сезінеді» дейді.
Біз мамандар айтып отырғандай мұнай экспортының үлесінен ЖІӨ толықтырып отырған елдердің тізімін де инфографикамен беруді жөн көрдік:
Міне, сыртқы саяси жағдайлардың әсері бар, экономикалық жағдайдың ушығуы бар бүгінде қара алтын төңірегіндегі болжамдар көңіл көншітпей отыр. Күні кеше біздің еліміздің Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәдина Әбілқасымова «Мұнай бағамы 40 долларға түссе Үкімет болжамды бюджет нұсқасын әзірлеп қойды дегенді де жеткізді. Қалай десек те мамандар Үкіметке биылғы жылы сауатты, әрі қарқынды жұмыс істеуге тура келетінін алға тартып отыр.
Ал қара алтын бағамына қатысты мамандар «мұнай бағамы тек 2015 жылдың екінші жартысында сәл-сәл қалыпқа түсіп, ол барреліне 65-70 долларды құрайды» деп жорамалдауда.