Кеңестік көзбояушылықты ұмытпаппыз...

Кеңестік көзбояушылықты ұмытпаппыз...

Кейде тоқсан, кейде жыл аяғында көмір жөнелту жоспары орындалмай, жоғары жақ жан алқымнан алады. Тиейтін көмір жоқ. Әбден қысылған бастықтар ашық вагондардың түбіне кен жынысын толтырып, үстіне көмір салып жөнелтуге пәрмен береді. Жоспар да, социалистік міндеттемелер де аракідік осылайша орындалып жүрді,- деп еді сол жолы әлгі ардагер кенші.
Жоспарлы экономика кезінде ауыл шаруашылығы саласында да өсіріп жазу жаппай етек алғаны белгілі. Үйілмеген мая, тумаған қозы есепке ілігіп, төменнен жоғарыға сатылаған сайын еселеп көбейе түсетін. Айтпақшы, мынадай бір қулықтың да куәсі болғанмын.
Кеңшарда мал азығын дайындау жөніндегі аудандық семинар өткізілді. Ел ішінде «касета» аталып кеткен темірмен торланған тіркемелердің жаңа шыққан кезі. Пішеншілер бригадасы басында «касеталар» тізіліп тұр. Кеңшар директоры облыс пен ауданнан келген басшыларға мақтанышпен көрсетіп шықты. Семинар аяқталған соң, басшылар қайтып кетті, біз бөгеліп қалдық. Әлгі қаз-қатар тұрған «К-700» тракторлары даланың шаңын бұрқыратып теріскейге тартты. Мен аң-таңмын. Ауыл басқа жақта. «Е,е, бұл тіркемелер көрші шаруашылықтікі, апарып тастамақшы ғой», - деді механизатор жігіт менің таңырқап тұрғанымды сезе қойып.
Кеңес Одағы құрдымға кетер алдында осындай көзбояушылық шегіне жетіп еді, ақыры не болғанын ел біледі. Тарихтан тағылым алу – ақылдылық. Бірақ, адам да, қоғам да бойына жақсылықтан гөрі, жамандықты тез сіңіреді. Өкінішке қарай, көсегені көгертпейтін көзбояушылық тағы да көбейіп барады. Жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр деп бөркімізді аспанға атып, сүйінші сұраймыз. Арада көп уақыт өтпей-ақ өнеркәсімізді өрге сүйреуге тиіс сол кәсіпорындардың біразы өндірістік қуатына жете алмай пұшайман хал кешеді. Қоғамның қай саласын алсақ та, төменнен жалған ақпар беру өріс алды. Бір ғажабы, билік басындағылар бұған көз жұма қарайды, бәлкім солай ыңғайлы шығар. Әйтпесе, денсаулық сақтау мекемелеріне қып-қызыл қаржыға сатып алынған заманауи медициналық аппараттар білікті мамандардың болмауы себепті қаңтарылып тұр.
Көзбояушылықтың тағы бір түрі – көрсеткіш қуу. Білім беру саласына совет заманының сарқыншағы «социалистік жарыс» қайта оралған. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде бір аудан бір ауданнан, бір облыс бір облыстан озып шығу үшін жымысқы әрекеттерге көз жұма қарау қалыптасты. Қысқасы, мемлекеттің өркендеуіне зиянын тигізетін жағымсыз дүние жетерлік.
Айтпақшы, жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы: «Халықтың ақшасының қайда кетіп жатқанын бұл елде менен басқа бақылайтын адам жоқ па?» деп билік төріндегілерге шүйлікті. Бұл сөз жемқорлыққа қатысты айтылғанымен, ақиқатында бізде қайда болмасын бақылау әлсіз. Ал бақылау аз жерде көзбояушылық, жалған ақпар беру сияқты қоғам дертінен құтыла алмаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста