Инновацияланамыз десек, ойлау қабілетімізді өзгертейік!

Инновацияланамыз десек, ойлау қабілетімізді өзгертейік!

Инновация туралы бізде пайым басқаша, әлде бұл реттегі түсінігіміз шамалы. Мәселен, еліміздің басты стратегиясы – Үдемелі индустриалық-инновациялық бағдарламасын толықтай жүзеге асыру үшін билік «ең алдымен, бизнестің ойлау қабілетін өзгерту керек» десе, ал мамандар «инновациялық жобаға нақты баға беру үшін қазіргі статистика тәсілін халықаралық стандартқа сәйкестендіру қажет» дегенді айтады. Сонымен қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Елімізге инновацияны әкелу үшін міндетті түрде құрал-жабдықты жаңасымен емес, ең алдымен кәсіпкерлердің өзінің ойлау қабілетін өзгерту керек. Осылайша, тұжырым жасаған индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев: «Біз мұнай мен мемлекеттік тапсырысқа сүйеніп өмір сүруге бейімделіп қалдық. Ал жаңа өнімді ойлап табуға үйренбегенбіз, ол үшін жаңа ойлау қабілеті керек. Бизнесмендер: «Бізге ақша бер, оған құрал-жабдық алып келіп, жұмыс істейміз», – дей­ді. «Ол дұрыс емес, оның орнына, ең ал­дымен, адамдардың өзінің ойлау қабі­ле­тін өзгерту керек», – дейді мамандар.
Яғни бізде инновация туралы кәсіп­керлердің пайымы басқаша. Тіпті таң­далған жобаға инновациялық деген баға беруге келгенде біздегілер көп ойланып қалатын көрінеді. Сол себепті билік, ең алдымен, кәсіпкерлердің ойлау қабілетін өзгерту керектігін ұсынады.
Ал таяуда Алматыда өткен «Орталық Азиядағы ғылыми-технологиялық ин­ди­ка­тор­ларды жақсарту» туралы халық­аралық семинар аясында берген сұх­батында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқармасының төрағасы Айдын Құл­сейіт: «Қазақстанда инновация деген не, қандай да жоба қаншалықты инно­ва­циялық деген тұрғыда дау-дамай әлі жү­ріп жатыр. Ал біле білсеңіз, бұл мәселе Ба­тыста әлдеқашан шешіліп қойған. Ол үшін отандық статистиканы халықаралық стандартқа сәйкестендіру керек. Кез келген нәрсе, өндіріс деңгейіндегі болсын, радикалдық болсын, оны бағалап, есептеп, одан қорытынды шығара білгенде ғана инновация болады. Қазір біздің статистикалық жүйе осы бағытта жетілдіріліп жатыр», – дейді.

  Абай ОМАРОВ (коллаж)
Оның пікірінше, бізге инновациялық процестерді бағалаудың басқа амалы, тәсілі мен көрсеткіштері керек. Сонымен қатар оның айтуынша, статистикалық тә­сіл еліміздегі инновациялық техноло­гия­лар және ғылыми-инновациялық қыз­мет­тің дамуына ықпал етуші факторларды уақы­тында анықтауға мүмкіндік береді екен.
«Халықаралық стандартқа көшкенде мамандардың білігі артып қана қоймай, олар инновациялық процестерді жақсылап көрсетудегі алдағы міндетін нақты білетін болады», – дейді Айдын Құлсейіт.
Бұл пікірді экономикалық сарапшы Оразалы Сәбден де қолдайды. «Отандық статистиканы халықаралық стандартқа көшіру керек. Сонымен қатар онымен шек­теліп қалмай, еліміздегі статистика­лық агенттіктің мәртебесін арттырып, оны тәуелсіз ету қажет. Сонда бұл бағыттағы жұмыста жандану болады», – дейді ол. Ал экономика ғылымының докторы, профессор Рахман Алшанов сол инновациялық жобалардың есебін зерттейтін бізде маман­дардың жоқтың қасы екенін айтады. «Дамыған елдерде маркетинг қызметі қатты дамыған. Бұл мамандар әр нарықты бүге-шігесіне дейін зерттеп, соңғы санына дейін шағып есептейді. Оның ішінде тәуекел, сақтандыру – бәрі-бәрі болады. Ал бүгіндері біздің кәсіпорындардың 26 пайызында ғана маркетолог бар екен. Осының өзі өнеркәсіп саласының тәуекелі қаншалықты жоғары екенін байқатады. Сұраныс пен мүмкіндік дұрыс есептелсе, өндіріс жұмыссыз тұрмайды. Міне, мәселе осы есептеуде. Сондықтан өндіріс саласындағы маркетологияны дамытып, оны пайдалануды жандандыруымыз керек», – дейді маман.
– Шынымен де, қазір халықтың сұранысы өзгерді. Адамдар қарапайым емес, өзгеше тамақ ішіп, өзгеше киім кигісі келеді. Ал экономикамыз, өкінішке қарай, осы сұранысқа қарай өзгере алмай жатыр. Бізде 2 миллион халық өз-өзін жұмыспен қамтушылар деп саналады. Міне, соларға жаңа өндірістер, жаңа салалар ашып беру керек. Яғни бізде жоқ өндірістерді ашу қажет. Ал жоқ өндірісті ашатын – білім мен ғылымға сүйенген жастар. Сол үшін тиісті құзырлы ведомстволар деңгейінде бұл арада ауқымды жүйелі мәселелерді шешу өздігінен сұранып отыр, – дейді Р. Алшанов.
Яғни жастарды ойлап тапқыштыққа мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықта тәрбиелеу керек. Әрине, сондай жұмыстар жүргі­зіл­мегендіктен, инновация дегенде дүм­білездік танытатындығымыз сондық­тан болар.
Міне, осы пікірлерді сараптай келе, Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін, міндетті түрде бір жобаны айқындап, оған қаржы бөлумен шектеліп қалмай, тиісінше мынандай кешенді мәселелерге де баса назар аударып, нақты іс-шаралар қабылдануы керек. Яғни білім саласынан бастап құзырлы мекемелерге дейін:
а) бизнестің ойлау қабілетін өзгерту керек;
ә) сол үшін білім, ғылым және өндірісті байланыстыратын мемлекеттік бағдарлама жасалуы тиіс;
в) инновациялық жоба есебін жүргізетін статистик, маркетолог мамандарды көптеп әзірлеу қажет;
г) отандық статистикалық тәсілді халықаралық стандартқа сәйкестендіру керек;
ғ) Статистикалық агенттіктің мәртебесін арттырып, тәуелсіз ету қажет және т.б.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста