Ядролық «дәл соққының» қызығын қашан көреміз?

Ядролық «дәл соққының» қызығын қашан көреміз?

Қазақстан үшін қатерлі ісік аурулары ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін дерттердің қатарында тұр. Қазір елімізде 80 мың адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Жылына бұл дерттен шамамен 18 мың адам көз жұмады. Дәрігерлердің айтуынша, бұған онколог-мамандардың жетіспеуі, ауруханаларда қажетті жабдықтардың тапшылығы себеп. Әрі онкологиялық ауруды ерте бастан анықтау жағынан да ақсап жатырмыз. Батыс елдері диагностиканың соңғы үлгілерін қолдануға айрықша мән береді. Соңғы жылдары қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен оны емдеуде, әлемде ядролық медицинаның үлесі артып келеді. 
Батыс елдері онкологиялық ауруларды анық­тау мен емдеудің осы тәсілін өткен ға­сырдың ортасында-ақ бастаған. Бұл са­ла­да АҚШ, Жапония, Канада секілді ел­дер үлкен жетістіктерге жетті. Ядролық ме­ди­цина өнімін шығара алатын, тәуелсіз яд­ро­лық медицина орталығын құруға мүм­кін­­ді­гі бар елдер саны әлемде 30 шақты ға­­на. Қазақстан осы отыздықтың қатарына кі­­ре­­ді. Алматының іргесіндегі ядролық фи­­зи­­ка институтының мамандары, инс­титут негізінде отандық ядролық медици­на­ның негізін қалауға болады деп отыр. Осын­­дағы зерттеу бағытындағы су-сулы атом реакторы арқылы радиациялық ме­ди­­ци­наға қажет радиоизотоптар да­йын­да­­лып жатыр.
Бұл зерттеу реакторы әлемдегі бі­ре­гей санаулы зерттеу реакторларының қа­та­­­рына жатады. Реактордан алынған ра­дио­­изо­топтар – радиофармпрепараттар да­­йын­дайтын кешенге жеткізіліп, онда ме­дицина мен өнеркәсіп мұқтажына қажет өнім­дер жасалады. Қазір мұнда негізінен тех­неций мен йод-131 элементтерінің негі­зінде радиофармпрепараттар дайын­дай­­ды. Диагностикалық пре­па­рат­тар не­­гі­­­зі­нен Ал­матыдағы онколо­гия­лық жә­­­не радиологиялық аурулар ғы­лыми-зерт­­теу институтына, Астанадағы ме­ди­­­ци­­налық орталыққа жеткізілуде. Қа­жет­­­­ті өндірістік қуаттың жоқтығынан ра­­дио­­фар­мпрепараттар кешені сұра­ныс­ты қанағаттандыра алмай отыр. Жә­­не біз яд­ролық медицинаның тек диаг­нос­тика­лық мүмкіндігін ғана пай­да­ла­­ну­да­мыз.
Қазірдің өзінде радиофар­мпре­парат­тар­дың тапшылығы сезілуде. Оның үстіне тех­­неций секілді элементтің негізіндегі сұ­­­йық қоспалар небары 6 сағатқа дейін жа­­­райды. Отандық мамандар қазір тех­не­ций­­дің жарамдылық мерзімін ұзартудың тех­­­нология­сын жасаған және технецийге ар­­­нал­ған реагенттердің жинағын дайын­дап қойған. Ол диагностика ауқымын ке­­­­ңей­туге мүмкіндік береді. Алайда ра­дио­ну­клидті препараттарды өндіретін ор­та­лық құрылмайынша, толыққанды яд­ро­лық медицина препараттарына ие болу мүм­­кін емес.
Радиофармпрепараттар шығару өте жо­­ғары технологиялық өндіріске жатады. Яғ­­ни жо­ғары рентабельді сала. Бұл – ме­ди­цина нарығындағы ең қарқынды да­мып келе жатқан бағыт. Мамандар, «Қа­зақстанның ядролық медицина өнім­де­рін са­ту жағынан, әлемдік экспортта ойып тұ­рып орын алуына толық мүмкіндігі бар» деп отыр. Ядролық физика институтындағы атом реакторы қажет радиоизотоптардың бә­рін дайындап бере алады. Тіпті ра­дионуклидті дәрі жасамаған күннің өзінде, олар­ды дайын шикізат ретінде шетелге са­ту­ға болады.
 Ең бастысы, бұл мыңдаған қатерлі ісікке шал­­дыққан жандарға нақты көмек беретін мүм­кіндік. Ядролық медицинада қалқан бе­зінің ісігі ауруларын операциясыз, сәу­ле­мен күйдірусіз емдеу әдістері бар. Мұндай операция жасату үшін Ресейдің Обнинск қаласына барып, бес жыл бұрын ке­зек­ке тұру қажет.
Отандық ғалымдар заманауи талапқа жа­уап бере алатын ядролық медицина ор­талығының жобасын жасап қойған. Бұл іске қатысқан халықаралық атом энер­гетикасының мамандары оған үл­кен баға беріп отыр. Жобаның құны – 7 мил­лиард теңге. Орталық радиофарм пре­па­рат­тарды шығару, оны өндіріске ен­гі­зу тех­но­логиясынан бастап, осы салаға қа­жетті ма­ман­дарды дайындауды да қам­тиды. Яғни ядролық медицина толық цикл­да осы орталықта дамытылатын бо­ла­ды. Ядро­лық физика институтының бас­шы­лы­ғы «орталық бес жыл ішінде өзін ақ­тап қана қой­май, қазынаға пайда әкеле бас­тай­ды» деп отыр.
Ел үкіметі мамандардың ядролық ме­ди­цина орталығын құру туралы ұсынысын қа­­был алғанымен, қажетті қаржы бір-екі жыл­­­дан кейін ғана бөлінбек. Ал ғалымдар ке­­лесі жылдың өзінде жұмысты бастауға 1 мил­­лиард теңге қажет деп отыр. Бірінші ке­­зек­те атом реакторын модернизациядан өт­­кі­зу жұмыстарын бастау керек.
Мұндай орталық құру үшін өзге мем­лекеттер 500 миллион АҚШ долларын жұм­сайды. Бұл дегеніміз – 75 миллиард тең­­­ге. Ал отандық ғалымдар 7 миллиард тең­геге әлемдік деңгейдегі орталық құ­ру­ды ұсы­нады. Ғалымдар «егер жедел қи­мыл­да­­масақ, Қазақстан ядролық медицина са­­­ла­сын­да тым артта қалады» деп отыр. Өйт­кені әлемдік ядролық медицина сала­сы нейтрондардың жылдамдығымен да­мып келеді.
Уақыт жоғалтқан сайын, біз қан­ша­ма адам­­дардың денсаулығын, әлем­дік на­рық­­тағы орнымыз бен ба­ға жетпес ма­ман­­дарымызды бірге жоғалтатыны­мыз­ды ой­­ла­уы­мыз керек.

Керек тастың ауырлығы жоқ
Ядролық медицина — ауруды анықтау мен оны емдеу мақсатында ядролық процестердің қасиеті қолданылатын медицинаның саласы. Медицинаның бұл түрінде радионуклидттері бар фармацевтикалық препараттар қолданылады. Олар – иненің көзіндей қатерлі ісікті анықтап, оны емдей алады. Әскерилер тілімен айтқанда, радионуклидттер «дәлдеп соққы беру» арқылы тек ауру ұлпаны жояды. Әсіресе жүрек, өкпе, қатерлі ісік, бауыр мен бүйрек және сүйек ауруларын анықтау мен емдеуде теңдесі жоқ нәтижелер береді.

Ұсыныс
Радиофармпрепараттарды өзі­міз­­­де өндірсек, олардың бағасы екі-үш есе­ге, ал кейбірінікі он есеге де­йін ар­зандар еді. Қазір Қазақстан тек хи­мия­лық пре­па­рат­тарды сатып алу­ға жы­­лына 25 мил­лион доллар жұм­сай­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста