Forbes Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің тізімін жариялады
Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылы Қазақстанда болған саяси және экономикалық өзгерістер отандық бизнес элитаға да өз әсерін тигізбей қоймады. Рейтингке көз жүгіртсек, 2022 жылы ең ықпалды 50 кәсіпкердің 11-і биыл жаңадан қосылды. Яғни, ең елдегі ықпалды кәсіпкерлер 22% өзгерді деуге толық негіз бар.
Мәселен, 2021 жылы 5-орында болған Қайрат Боранбаев, 20-орында болған Абылай Мырзахметов, 29-орында болған Райымбек Баталов, 30-орында болған Нұрәлі Әлиев, 32-орында болған Ерлан Нығматулин және тағы бірнеше кәсіпкер рейтингтен түсіп қалды.
Олардың орнына ең ықпалды кәсіпкерлер ретінде Ораз Жандосов, Фаррух Махмудов, Мұхамед Ізбастин, Жұмабек Жанықұлов кірді.
Алдыңғы жылдары ықпалы жүріп тұрған бірақ былтыр қандай да бір себептермен рейтингке енбей қалған Александр Машкевич, Иван Сауэр, Марат Сәрсенов, Владимир Денисов, Мұрат Әбдірахманов, Александр Дериглазов, Алмас Құдайберген рейтингке қайта оралды.
Сонымен Forbes Kazakhstan басылымының 2022 жылғы Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің рейтингі мынадай:
1.Тимур Құлыбаев – әртараптандырылған бизнес;
2.Вячеслав Ким – әртараптандырылған бизнес;
3.Болат Өтемұратов – әртараптандырылған бизнес;
4.Нұрлан Смағұлов – авторитейл, машина құрастыру, девелопмент;
5.Александр Машкевич – тау-кен металлургия, қаржы;
6.Владимир Ким – металл, қаржы;
7.Михаил Ломтадзе – қаржы технологиясы;
8.Тимур Турлов – қаржы технологиясы;
9.Айдын Рахымбаев – құрылыс;
10.Кеңес Рақышев – әртараптандырылған бизнес;
11.Александр Белович – құрылыс;
12.Серікжан Сейітжанов – әртараптандырылған бизнес;
13.Шухрат Ибрагимов – тау-кен металлургия, қаржы;
14.Эдуард Огай – металл;
15.Еркін Тәтішев – әртараптандырылған бизнес;
16.Олег Новачук – металл;
17.Рашит Сәрсенов – әртараптандырылған бизнес;
18.Райымбек Баталов – FMCG, инвестиция;
19.Бақытбек Байсейітов – қаржы;
20.Александр Клебанов – әртараптандырылған бизнес;
21.Арманжан Байтасов – медиа, телеком, құрылыс;
22.Данияр Әбілғазин – әртараптандырылған бизнес;
23.Айдан Кәрібжанов – инвестиция, энергетика;
24.Дінмұхамед Ыдырысов – әртараптандырылған бизнес;
25.Берік Қаниев – әртараптандырылған бизнес;
26.Сергей Кан – әртараптандырылған бизнес;
27.Қайрат Мәжібаев – FMCG;
28.Ельдар Әбдіразақов – сақтандыру, қаржы;
29.Эдуард Ким – ритейл;
30.Марғұлан Сейсембаев – инвестиция;
31.Ерлік Балфанбаев – құрылыс индустриясы;
32.Иван Сауэр – АӨК;
33.Сайдулла Қожабаев – машина құрастыру;
34.Александр Гарбер – FMCG;
35.Алмас Сұлтанғазин – ритейл;
36.Ораз Жандосов – консалтинг, энергетика;
37.Қайрат Итемгенов – әртараптандырылған бизнес;
38.Фаррух Махмудов – әртараптандырылған бизнес;
39.Бахаридин Аблазимов – мұнай мен газ;
40.Марат Сәрсенов – тасымал;
41.Серік Толықбаев – құс шаруашылығы;
42.Владимир Денисов – әуе тасымалы;
43.Мұрат Әбдірахманов – инвестиция;
44.Мұхамед Ізбастин – құрылыс индустриясы;
45.Сергей Терещенко – әртараптандырылған бизнес;
46.Жұмабек Жанықұлов – әртараптандырылған бизнес;
47.Марат Баққұлов – машина құрастыру;
48.Бауыржан Оспанов – әртараптандырылған бизнес;
49.Александр Дериглазов – дистрибуция, ритейл;
50.Алмас Құдайберген – мұнай саласында қызмет көрсету.