Фермерлік шаруашылық ашу. Неден бастау керек?

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығының маңызды секторы- фермерлік шаруашылықтарды дамыту өзекті тақырыпқа айналып отыр.

Мемлекет тарапынан бөлінген субсидияның арқасында өз шаруашылығын ашып, кәсібін жүргізіп отырған адамдардың саны күннен күнге артып келеді. Дегенмен әлі де фермерлік шаруашылық жұмысын неден бастау керек, деген сауалдар қойған хаттар біздің редакциямызға жиі келеді.

Осы орайда біз Жамбыл облысында тұратын фермер Бейқұт Өтегеннің әлеуметтік желідегі мына жазбасын ықшамдап, ұсынуды жөн көрдік.

«Негізінде фермерлік еңбек арқылы тек отбасын асырау мүмкін, деген шолақ айтылған пікір. Фермерлік шаруашылықты тиімді бағытта жүргізгенде отбасыңды ғана емес, ауыл- аймақтың тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, мемлекетке тиісінше пайда келтіруге болады. Ол үшін жұмыс істеу механизмі оңтайлы құрылу керек.

Ертеректе фермерлік шаруашылық дегенде ірі қара мал бордақылайтын цех көз алдыма елестейтін. Шындығында қазір фермерлік шаруашылық мал шаруашылығының немесе егін шаруашылығының бір немесе бірнеше бағыттарымен айналысып, табыс алуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметтің субъектісіне айналған.

Фермерлік шаруашылықтың осы екі саласы пайдалы бизнес ұйымдастырудың ең қолайлы түрі екені жасырын емес. Және де осы екі бағыт қазіргі заманғы фермерлікті құруға ниет білдіргендерді орнықты экономикалық жағдаймен, табыспен қамтамасыз етуге қабілетті.

Дегенмен де фермерлік шаруашылықтың жоғарыда санамаланған нұсқаларынан басқа еліміздің ауыл шаруашылығы саласында қызмет етушілерге мынадай өзекті бағыттарды ұсынар едім: жылыжай шаруашылығы, жүзім өсіру, бақ өсіру шаруашылығы, балық аулау кәсібі, түйеқұс өсіру, жем-шөп дайындаумен айналысатын шаруашылық, агротуризм және т.б.

Фермерлік шаруашылық ашу – бизнес жоспар жасаудан басталады. Бизнес жоспар тұрғылықты жердің ауа-райы мен климаттық ерекшеліктеріне сай дайындалады. Онда: 1. Іс-қимыл тәртібі көрсетіледі. Бұл дегеніміз- жоспарланған жұмыстарды іске асыру күндерін жазып және жауапты адамдарды тағайындап, жан-жақты ойластырылған әрі теңдестірілген нұсқаулық;

2. Қажетті ақша қаражатының көлемі көрсетіледі. Онда іс-қимыл тәртібінде жазылған кезеңдердің әрқайсысын жүзеге асыруға жеткілікті қаражатының көлемі бойынша шығыс баптары жазылады;

3. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу – алдағы қызметіңіздің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті органдар мен инстанцияларда кәсіпкер ретіңде тіркеуден өту қажет.

Одан кейін қабылдаған шешіміңізге сәйкес жобаны тікелей асыруға кірісуге болады.

Кез келген қызмет жетістікке қол жеткізу үшін табандылық пен қажырлы еңбекке негізделетінін түсіну маңызды. Фермерлік шаруашылық ашу екі есе ауыр. Пайданың кепілдігі – ол сауатты жоспар жасап, жүзеге асыру».

naryk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста