Ескі тоңазытқыштарға елдің есі неге кетіп жүр?

Ескі тоңазытқыштарға елдің есі неге кетіп жүр?

«1952-1957 жылдары шыққан «Зил-Москва» тоңазытқыштарын сатып аламын!»
Ғаламтор кеңістігінде мұндай жарнамалардан көз сүрінеді. Расында да, делдалдардың ұсынып отырған бағалары 1000-10 000 АҚШ долларының айналасында екен. Тауарға қойылатын негізгі талап: тоңазытқыш есігінің тұтқасы тік орналасқаны қажет және мұздатқыш камерасы жоғарғы оң жақ бөлігінде тұруы керек міндетті түрде. Ескінің көзін іздегендер соңғы уақыттарда ауыл-ауылдарды аралап, қаладағы пәтерлердің есігін қағып жүргенге ұқсайды. Тоңазытқыштар көп табылып жатқан жерлер қала сыртындағы саяжайлар екен. Сонымен адам сенгісіз сомаға бағаланып тұрған абажадай тоңазытқыш несімен құнды, неліктен қымбат, әлде бұл алаяқтардың әдеттегі қойылымы ма? Осыған жауап іздеп көрейік.
990 мың теңгеге алып кетіпті
Ел ауызындағы аңыздарға сүйенсек, өткен ғасырдың ортасында қолданысқа шыққан «ЗИЛ-Москва» тоңазытқыштарында табиғатта сирек кездесетін, бәлкім мүлдем кездеспейтін қызыл сынап бар көрінеді, оның бір түйірінің өзі миллион долларға бағаланады-міс. Онымен қоса агрегаттың мұздатқыш камерасына фреон орнына құйылған сұйықтық ұялы телефондардың сигналын тұншықтырады екен, тағы біреулердің айтуынша, тоңазытқышта кезінде құны бағаланбаған ядролық қару жасауға пайдаланылатын қымбат металл бар. Тоңазытқыштарын сатқандардың айтуынша, сатып алушылар келіп ұялы телефондарын мұздатқыштың ішіне салып, есігін жауып оған қоңырау шалады екен. Егер «абонент қызмет көрсету аясынан тыс жерде» болса, түкке жарамай тұрған ескі жәдігеріңіз кем дегенде 100 мың теңгеге бағаланады.
Осыдан бір апта бұрын жерлесіміз Еламан Тұрысбеков әкесі екеуі гараждағы ескі-құсқыны тазалап жүріп, аталмыш тоңазытқышты тауып алады. Әлдеқашан істен шыққан ескі агрегаттан бәрібір құтылу керек, оның бағасының шарықтап тұрғанын білетін Еламан сол күні интернетке «ЗИЛ-Москва» тоңазытқышын сатамын» деген хабарландыру орналастырады. Сол түні-ақ толассыз түскен қоңыраулар мен сатып алуға ниет білдіргендер саны көбейе бастаған.
-Тоңазытқышыма құда түскендер көп болды, әркім әртүрлі баға ұсынып бақты, әрине біз ең көп ақша ұсынған адамға саттық. «ЗИЛ-Москваны» ертеңінде 990 мың теңгеге алып кетті, қуанышымызда шек жоқ, - дейді Еламан Тұрысбеков.
Қымбат металдардың бар екендігіне Камшикировтің өзі сенбейді, ал жұрт ше?
Соғыстан кейінгі ауыр жылдары ел-жұрттың тоңазытқыш сатып алуға аса жағдайлары да болмаған еді. Ол кезде қаладағы жұрт шағын азық-түліктерін терезе алдына жасалған тордың ішінде сақтаған. Сол себептен де 50-інші жылдардың басында тоңазытқыш шығарып оны сатудың аса пайдасы да болмаған көрінеді. Әу баста санаулы сериясы шығып, агрегат кейін жаппай қолданысқа ене бастаған. Қарапайым тұрмыстық техника темірді көп «жейтіндіктен», оған жұмсалатын қаржы да аз болмаған сияқты.
Қазір сатылымға түсіп жатқан тоңазытқыштардың ең алғашқы моделі «ЗиЛ-Москва ДХ-2» 1951 жылы дүниеге келген. Оның құрастырушысы Сергей Камшикировтің ұлы Игорь Камшикиров журналистерге берген сұхбатында тоңазытқыштарда қымбат металдардың бар екендігіне сенбейтінін айтыпты. «Бұл ешқандай ақылға сыймайтын дүние. Мен ол агрегаттың құрылымын жақсы білемін, кез келген қарапайым тоңазытқыштардағыдай оның артында кәдімгі компрессор, буландырғыш пен конденсатор тұр. Егер оның өндірісіне құпия технологиялар пайдаланылса, зауыт жұмысы жабық жағдайда болар еді. 50-інші жылдары ондай режим болған жоқ», - депті атақты инженердің ұлы.
Осыдан бірнеше жыл бұрын немістің «Зингер» тігін мәшинесін сатып алушыларда да есеп болмаған. Аңызға сәйкес, оның да инесі аса бағалы металдан жасалған. Тағы бір құрылғылары палладийден құрастырылған деген сияқты қауесеттер ел арасына көп тарап, 1917 жылға дейін шыққан тігін мәшінкесінің бағасы күрт көтерілгенін білеміз. Тоңазытқыш саудасы да осыған ұқсас болуы мүмкін. Ақша табудың алуан жолын меңгерген алаяқтардың бірі ескі дүниеден құтылу үшін халық арасына жалған хабарландыру таратты делік. Ары қарай іс қаржы пирамидасы принципімен жалғаса береді. Халық қармақты қапқан тұста алаяқтар да көппен бірге ескі агрегатты алғашқы болып арзан бағамен сатып ала бастайды. Жарнама, пиар, ел арасына қауесет тарату сияқты «өнерді» ерекше меңгерген айлакерлер баға күннен-күнге өсіп, мыңдаған долларға жетіп жығылып жатқаны туралы ақпараттарды үдете түседі. Ауылдағылар қалаға, қаладағы пысықтар бірінен-бірі сатып алып шулап жатқан тұста, жоба авторлары арзанға алған қоқысты байлық қуған бәтшағарларға біртіндеп өткізе бастайды. Арғы жағы белгілі – «іс бітті, қу кетті».
Әрине, алғашқы лекпен ауласындағы ескі тоңазытқыштарын сатып жібергендер пайдаға кенелері анық, алыпсатарлықпен айналысып, ақша қуған делдалдар ойын аяқталар тұста түкке жарамайтын темір-терсек құшақтап қалуы әбден мүмкін.
Қытайға өткізетін көрінеді
Ескі-құсқылар нарығындағы аспандап тұрған бағаны білмек мақсатпен хабарландырулардағы телефон нөмірлеріне біз де қоңырау шалып көрдік. Телефон тұтқасын көтерген жігіт мәселенің мәнісін тез түсінді. Бірден сұрақтың астына алды. «Қай жылы шыққан, есігінің тұтқасы қалай орналасқан, мұздатқышы қай жағында, менен бұрын біреу келіп көрді ме, қай жерде тұр?» деген сияқты сұрақтарды төпелетті, біз де шамамыз жеткенше жауап беріп жатырмыз. «Қаншаға бересіңдер?» деді сосын. Одан да үлкен бағаны айту керек пе еді, әйтеуір аузымызға түскені 4000 доллар ғана болды.
Өзін Дима деп таныстырған жігіт егер бұл талапқа сай тоңазытқыш болса, ойланбай сатып алатынын, жарты сағаттан кейін қайта телефон шалып, жауабын айтатын болды. Жарты сағат өтпей жатып хабарласқан ол агрегатты 4 мың АҚШ долларына сатып аламын деді. Тек мекенжайыңды айтсаң болғаны, өзіміз алып кетеміз дейді. Біз делдалдан кешірім сұрап, өзіміздің осы тақырыпқа ақпарат жинап жүрген журналистер екенімізді, ешқандай тоңазытқышымыздың жоқ екендігін жеткіздік. Диманың айтуынша, интернеттегі ғарыштық бағалардың көбі өтірік екен, негізгі баға 500 мың мен 1 млн. теңгенің айналасында көрінеді. «Сонда бұл абажадай темірдің қандай қасиеті бар?» деген сұрағымызға «Оның ішінде қызыл сынап бар, тоңазытқышты қытайға өткізеді, естуімізше, ол жақта талапқа сай келетін тоңазытқыштың әрқайсысына 18 мың АҚШ долларын төлейді екен, мен ел арасынан кездесіп жатса, сатып алып, үстіне 1-2 мың доллар қосып пайда таппақшымын», - деп жауап берді.
Құзырлы органдар не дейді?
Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаевтың айтуынша бұл – әккі алаяқтардың кезекті бір қойылымы болуы мүмкін.
- Әзірге ескі тоңазытқыштар төңірегінде нақты бір заң бұзушылық оқиғалары тіркелген жоқ. Біз, дегенмен, қарапайым халықты ескі заттарды жинап жүрген пысықтардан сақтандырғымыз келеді. Қазір - ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Түрлі смс хабарламалар, интернет арқылы жалған хабарландырулар жариялап, жұрттың басын қатырып жүргендер жетерлік. Қазақта: «Бұл не деген батпан құйрық – айдалада жатқан құйрық?» деген сөз бар. Оңай олжаға қызығып, байлық қуып жүрген делдалдар түптің-түбінде жиған-тергенін тозған темір-терсекке айырбастап, түксіз қалуы мүмкін. Біздің ойымызша, өткен ғасырдың ортасында құрастырылған тоңазытқышта қандайда бір құнды металдың немесе ел айтып жүрген қызыл сынаптың болуы тіптен де мүмкін емес. Бұл халыққа арнап жасалған кәдімгі қарапайым тұрмыстық техника екендігін ескеруміз қажет. Сол себептен де алаяқтар әрекетінен сақ болуға шақырамын, - дейді ІІД қызметкері Бақытжан Торғаев.

P.S. Білгіш википедияның мәліметтеріне сүйенсек, жарнамаларда жарияланып жүрген тоңазытқыштарға құйылған қызыл сынап табиғатта мүлдем кездеспейтін көрінеді. Келесі біреулердің айтуынша, тоңазытқыш ішінде -500 градус суыққа төтеп бере алатын сұйықтық бар-міс. Ал физика заңдылықтарына сүйенсек табиғаттағы ең төмен абсолюттік температура Цельсий бағанасы бойынша -273 градусқа дейін ғана жетеді екен.
Әзірге ескі тоңазытқыштар дүрбелеңі басылған жоқ, бірі алып, бірі сатып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста