Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді

Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейдегі сауда өкілдігін жабу туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-премьердің айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, Мәскеудегі мәселелерді, соның ішінде кәсіпкерлік қызметті де шеше алатын, барлық салада құзыретті адамдар жұмыс істейді.

 

"Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен мәлімдеме болды. Біздің Ресеймен тығыз қарым-қатынасымыз туралы сөз болғанда, Еуразиялық экономикалық комиссия бар екенін білдірді. Онда Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, барлық бағыт бойынша, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет бойынша өте құзыретті адамдар бар, олар Мәскеуде болғандықтан бұл мәселелерді жаба алады", - деді Ерұлан Жамаубаев Сенаттың қулуарында.

 

Сондай-ақ, ол Мәскеуде Қазақстан елшілігі, түрлі мемлекеттік құрылымдардың белгілі өкілдері бар екенін атап өтті.

 

"Сондықтан мәселе тек мемлекеттік қызмет көрсету құрылымдарын оңтайландыруға қатысты. Сонымен қатар, бұл мәселемен айналысатын бөлімшелер дәл сондай маңызды басқа мәселелерді шешуге бөлінуі мүмкін", - деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста