«Энергетикалық соғыс» басталды

Энергетикалық, оның ішінде әлсіз алкогольді сусындардың сатылуына шектеу қою керек. Олар көпшілік сауда орындарында емес, дәріханаларда ғана сатылуы тиіс. Өйткені қуаттандыратын сусындар кәмелетке толмаған жастар, жүкті және нәрестелі аналардың денсаулығына зиян. Депутаттардың бастамасынан кейін бас көтерген дәрігерлер кеше Алматыда арнайы дөңгелек үстел өткізді. Ал энергетикалық өнім шығарушылар болса, дәрігерлердің пікіріне үзілді-кесілді қарсы.

Қазақстан нарығына ене бастағанына көп уақыт бола қоймағанымен, энергетикалық сусындардың жастар мен көлік жүргізушілерінің тұрақты асына айналғаны сөзсіз. Алайда адамның шаршауын әп-сәтте басып, сергектік сыйлайтын сусындардың пайдасы қандай? Адам ағзасына тигізер зияны бар ма? Соңғы уақытта көпшілікті алаңдата бастаған осы сауалдарға жауап беріп, нақты шешім шығармақ ниетте дәрігерлер, Қазақ тағамтану академиясының мамандары мен сусын шығарушы компаниялар өкілдері кеше Алматыда бас қосты.

Медицина мамандары адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бұл сусындардың құрамындағы түрлі заттардың жүрек пен жүйке жүйесіне айтарлықтай кері әсер ететінін айтады. Бірақ олардың сауда орындарында сатылуына тыйым салу мүмкін болмай отыр. Себебі аталған өнімдер тағамтану академиясының талаптарына сай жасалуда. Ингредиенттері күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің құрамында да кездеседі екен. Сол себепті олардың таралуына белгілі бір шектеулер қоюға ғана мүмкіндік бар. Энергетикалық сусындарды тұтыну адамның тахикардия, психомоторлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз және депрессия секілді дерттерге душар ететінін айтқан Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының бас директоры Сәуле Диқанбаева өнімді күніне бір құтыдан артық пайдалануға болмайтынын жеткізді. Әсіресе, энергетикалық сусындарды алкогольді ішімдіктермен араластырып қолдануға мүлдем болмайтын көрінеді. Сусынның құрамындағы кофеин қан қысымын арттыратындықтан, алкоголь оны тіпті күшейтіп жібереді. Сол сияқты аяғы ауыр келіншектер, балалар мен жасөспірімдер және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастар мен глаукомасы бар адамдарға да бұл сусынды ішуге тыйым салынады.

Сәуле Диқанбаева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының бас директоры:

– Энергетикалық сусындардың тұрғындар денсаулығына тигізер кері әсерінің алдын алу үшін бірқатар шектеулер енгізбекпіз. Атап айтсам, бұл өнімдерді балалар мен жасөспірімдер жиналатын көпшілік көңіл көтеру орындарында сатуға тыйым салу керек. Сусын өндіруші компанияларға олардың құрамына екеуден аспайтын, ал әлсіз алкогольді сусындар құрамына тек бір ғана сергіткіш компонент қосу ұсынылады. Сол сияқты сусынның сыртына жапсырылатын этикеткадағы кері көрсеткіштер қатарына 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және жүйке жүйесінің дерттерінен, гипертониялық аурулар мен жүрек ауруынан жапа шегетін адамдарға қолдануға болмайтыны ескертілуі тиіс.
Алайда сусын шығарушы компания өкілдері бұл ұсыныстармен келіскісі жоқ. Олардың есебінше, дәрігерлердің айтқаны негізсіз. Яғни олардың қолында сусындардың адам ағзасына зияны жайлы нақты деректер жоқ. Кәсіпкерлер сонымен қатар өнімдердің сатылу нүктелерін шектеуге де қарсы болып шықты.

Дмитрий Маханов, Dizzy сусынын шығарушы Riks зауыты директорының орынбасары:


– Сусындардың сатылып жатқанына бес жылға жуық уақыт болса да, осы күнге дейін оның адам денсаулығына келтірген зияны жайлы қандай да бір мәлімет тіркелген жоқ. Біз әрбір ингредиентке сәйкестік сертификатын аламыз. Алкогольсіз сусын өндіру стандарты жасалып, бекітілген соң Тағамтану институтында адам ағзасына қауіпсіздігі жөнінде сынақтан өтеді. Сондықтан өніміміз Қазақстан заңнамасына толығымен сәйкес келеді деп сенімді түрде айта аламыз. Қатаң тәртіп бойынша дәріханаларда ғана сатылсын дейді. Өнімді тұтынушылардың басым бөлігі көлік жүргізушілері. Тәулік бойы жұмыс істейтін дәріханалардың аздығын ескерсек, адам сусын алу үшін біраз жерді шарлауы керек пе сонда?!

Жанғали ҮРБІСІНОВ, Қазақ тағамтану академиясының аға ғылыми қызметкері:

– Энергетикалық сусындарды сату, сатпау, болмаса оларға шектеу қою туралы мәселе көтермес бұрын елімізде ерікті адамдарға және жануарларға эксперимент жасау арқылы ғылыми қорытынды шығару қажет деп есептеймін. Яғни энергетикалық сусын құрамындағы кофеин, таурин сияқты қоспалардың мөлшері мен адам ағзасына тигізер зиянын анықтап алу керек. Содан соң ғана бұл туралы нақты шешім қабылдаған орынды болар еді.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста