Еліміздің бірнеше өңірінде автогаз бағасы қымбаттауы мүмкін

Еліміздің бірнеше өңірінде автогаз бағасы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанның 5 өңірінде сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған деп хабарады turkystan.kz.

Енгізілгелі отырған өзгеріске сай, енді мына облыстарда сұйытылған мұнай газының құны өседі:

Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;

Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;

Солтүстік Қазақстан облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;

Абай облысы– 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.

«Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюы, сұйытылған мұнай газын (СМГ) бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаны көтеру қажеттігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтінішін ескере отырып, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ның бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды», – деп түсіндірме берілген агенттік бұйрығына.
Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста