Елімізде «Жастарға кеңес» жобасы іске қосылды
Жаңа бастама жастардың баспана алу, емделу, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелерін шешуге бағытталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жастарға өздерін толғандырған сұрақтар бойынша әртүрлі саланың білікті мамандары тегін кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетеді.
Мобильді кеңес беру пункттері ірі сауда үйлері мен моноқалаларда жұмыс істейтін болады. Қолжетімді болуы үшін тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерге де барады.
Бұл іс-шара аптасына 2 рет тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Жобаны «AMANAT» партиясының жастар қанаты қолға алып отыр.
Нұржан Жетпісбаев, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы:
– Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 100 мың жас азаматты жұмысқа орналастыру бастамасын қолдау арқылы өзіміздің жаңа жобаны қосып отырмыз. Бүгінгі шараның ең негізгі мақсаты – бұл жастарға қажетті кеңесті беру, қажет болса, сол жерде лезде жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасау, қандай да бір жаңа қабілеттерін арттыруға, жаңа білім көздерін ашуға, жастарымызға сол жердегі ресурстарымызды көрсету.