ЭКСПО-2017 көрмесіндегі таза энергияның «жұмағы»…
Латын Америкасы дегенде ойымызға не келеді? Музыка, сериалдар, түрлі тағамдар, жағажай, күннің астындағы алаңсыз өмір! Дегенмен бұл елдердің ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесінде де айтары бар. «Жасыл» энергиядағы үлесі 90% Латын Америка елдері туралы «Деловой Казахстан» газеті жазды.
ЭКСПО көмесіндегі Латын Америка плазасында 8 мемлекет бар –Боливия, Гватемала, Гондурас, Доминикан Республикасы, Коста Рика, Мексика, Парагвай және Чили. Павильонда әр мемлекеттің өз бұрышы орналасқан, мұнда қонақтарға әр елдің мәдениеті, дәстүрі және әрине, энергия саласындағы жаңа инновациялар туралы айтылады.
Чили – электр энергиясы тегін ел
Чилиде күн энергиясы көп болғандықтан қолданушылар оны тіпті тегін алады, құны 0 теңгеге дейін түсіп кетеді. Мұнда мықты күн электростанциялары жұмыс істейді, олар күн энергиясын артығымен өндіреді. Күн энергиясы көп өндірілетіні соншалық, кейде оны сату мүмкін болмай қалады да, тегін беріледі. «Мұның өз артықшылығы мен кемшіліктері бар. Өз тәжірибесімен бұл мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесінде бөліседі», - дейді Чили секциясының комиссары Чили Роберто Гонзалез.
Судың күші
Парагвай да әлемдегі «таза» энергия өндірушілердің бірі. Ондағы гидроэлектростанцияларында энергияның 100 % өндіріледі. «Бразилиямен бірлесіп салынған «Итайпу» атты ГЭС Парагвайдың қажеттілігін 90 % қамтамасыз ете алады. Дегенмен біз күн және жел энергиясын да дамытпақпыз», – дейді Парагвай секциясының комиссары Бернардо Балбуэна-Приэто.
Табиғатқа деген махаббат
Ресейдегі елші, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Коста-Рика секциясының комиссары Артуро Фурнье осы елдің 90% энергияны табиғи бастаулардан алатынын мақтан етеді. «Айталық, өткен жылы біз 90% энергияны гидроэнергетика, геотермальды бастаулар, күн панелі, жел энергетикасынан алдық», - дейді комиссар. Сондай-ақ Коста-Рика ормандар мен биотүрлердің сақталуына аса мән береді.
Гондурас күнге ұмтылады
Гондурас әлі дәстүрлі энергия көздеріне тәуелді, бірақ жекелеген аудандарында күн энергиясын қолданушылар 70%, гидроэнергияны пайдаланушылар – 90%, жел энергиясын қолданушылар – 45%-ға жетеді. Гондурас шағын ғана мемлекет болғанымен оның халқын климаттың өзгеруі қатты алаңдатады. Сондықтан олар альтернативті энергияға көшуді қолдайды. Бұл ел күн энергиясына ұмтылып отыр, елдің оңтүстігінде заманауи күн батареяларының ірі инсталляциясы орнатылған.
Вулкандар мен су елі
Өзінің вулкандарымен танымал Гватемала 61% энергияны жаңа бастаулардан алады. Гидроэнергетика үлесі 57%. Сондай-ақ мұнда күн, жел биомассалардан энергия өндіріледі.
Куба – энергетикалық революция
Қазіргі таңда Кубада 4% энергия ғана альтернативті бастаулардан өндіріледі. Алайда Бостандық Аралында жаңа саясат қабылданды, 2030 жылға дейін мұндағы альтернативті энергияның үлесі 24%-ға өсуі тиіс.
Мексика мұнайдан бас тартады
Мұндай және көмір өндірісі Мексика экономикасының жетекші салалары болып саналады. Альтернативті энергияның үлесі мұнда әзірге тек 4 %. Көмірсу құнының құлдырауына орай басқа да мемлекеттер секілді Мексика да дағдарысқа ұшырады. Сондықтан олар жаңа энергия көздерін дамыуға ниетті.
Туризм энергиясы
Доминикана – қазақстандықтар үшін турситік бағыт ретінде танымал. Алайда ЭКСПО көрмесінде бұл елді басқа қырынан тануға болады. Доминикана да әлі дәстүрлі энергия көздеріне тәуелді. Сондықтан мұнда альтернативті энергияны дамытудың жаңа стратегиясы қабылданған. Республикада гидростанциялар, күн және жел-электростанциялары салынуда. Биомассадан электроэнергиясын өндіруді де дамытпақ.
Қуатты Боливия
Боливияда жеке энергетика министрлігі 2017 жылдың қаңтарында құрылды. Президент Эво Моралестің басшылық етуімен бұрын көмірсулар және энергетика министрлігі болған. Жаңа ведомстваның сәтті дамуына барлық мүмкіндік бар. Өйткені мұнда энергия көздерін бақылаудың саяси маңызы жоғары. Боливия осы секторды дамыту арқылы Оңтүстік Американың локомативіне айналатын мүмкіндігі зор. Боливия табиғи газ қорына бай болғанымен ел билігі альтернативті энергия көздерін дамытуға күш салып отыр.
***
Жорғарыда айтылғандарды саралай келсек, Латын Америка елдері басқалардан оқ бойы озық тұр. ЭКСПО-2017 көрмесі біз үшін латынамерикалықтардан табиғатпен үйлесімде өмір сүруді, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзып алмай, табиғаттың байлығын пайдалануды үйренуге үлкен мүмкіндік.