Бүгінде «Алматы жастары» бағдарламасының талаптары тиімді ме?

Бүгінде «Алматы жастары» бағдарламасының талаптары тиімді ме?

Елімізде «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім беру басталады. Сағат сайын өтінім бергендердің саны өсіп жатыр. Дегенмен, сарапшылар нарықта 18 млн теңгеге баспана табу қиын екенін және бағдарлама талаптарына өзгеріс керек екенін айтады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 
 
 
Мамандар бағдарламаның ұтымды әрі кемшіл тұстарына тоқталып өтті. 

1 бөлмелі үйдің нарықтағы бағасы 21-22 млн теңгені құрайды. Ал 18 млн теңгеге үй табылғанның өзінде қаланың шетінде, жөндеу жұмыстары жасалмаған үйлер ұсынылады. Жастардың жөндеу жұмыстарына біраз ақшасын шығаруы керек. Бағдарламаның шарттары негізінде өте тиімді, алғашқы жарнасы – 10%, жыл сайын – 5%-ды құрайды. Дегенмен, үй алу үшін жастар қалталарынан тағы ақша қосуы керек болады. Сондай-ақ бағдарламаның бір кемшіл тұсы, белгілі бір саладағы мамандар ғана қатыса алады. Басқа саладағы жастарымыздың қатысуына мүмкіндік туындаса, жақсы болар еді, – дейді «Алматы студенттер Альянсы» КҚ директоры Жасұлан Қуандық. 
Айта кеткен жөн, былтыр бағдарламаға 11 мыңнан астам адам өтініш берсе, оның тек мыңы (1000) ғана пәтер ала алды. Сондықтан бағдарлама аясында шағын дау да туындаған. Өтініші қабыл болмаған азаматтар жұмыс өтілі, бала-шағасы, отбасы жоқ үміткерлердің бағдарлама аясында үй алып кеткеніне шағымданған. Олардың айтуынша, оншақты жыл жұмыс істеген, 2-3 балалы отбасылар 20-30 баллмен өтпей қалған. Бірақ тізімде 0 баллмен баспаналы болған жағдайлар кездескен.

Биыл бағдарламаның 18 млн теңгесі еш өзгеріссіз қалыпты. Қазіргі уақытта Алматы қаласында мұндай бағада үй түгілі жатақханадан бөлме табу мүмкін емес. Сол себептен, көпшілігі үйлі болу үшін кредит алып, қарызға белшеден батып жатқанын байқаймыз. Құжат қабылдауында былтыр қателіктер болды. Мен бұл тұралы айттым да, жаздым. «Алматы жастары» бағдарламасында еш жерде жұмыс істемеген 0 баллмен, жұмыс өтілі 6 айға толмағандардың үй кезегіне ілінгенін көзіміз шалды. Есесіне 30-40 баллмен 15 жыл еңбек өтілі бар, 4-5 баласы бар кейбір отбасылар ілінбей қалды. Сол кезде дұрыс құжат тапсырмады деген желеумен шығып қалған еді. Менің жазбамнан кейін Алматы қаласының прокуротурасы Тұрғын үй саясатына арнайы тексеру жіберген екен. Дегенмен, ешқандай заң бұзу фактісі тіркелмеді деген екен. Жыл сайын теңге құнсызданып жатыр, жылжымайтын мүліктің бағасы шарықтап жатыр. Сол себептен биыл «Алматы жастары» бағдарламасына 25 млн теңге бөлінсе дұрыс болар еді, – дейді журналист Дияс Нұрақын.
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай нарықтағы баға мен бағдарлама бекіткен бағада айырмашылық бар екенін растағанымен, «Алматы жастары» адамдар үшін әлі де тиімді екенін айтады.

Менің ойымша, «Алматы жастары» өзінің керектігін дәлелдеді. Екінші жағынан екі лимиті бар. Біріншісі 35 жасқа дейінгі үміткерлер ғана құжат тапсыра алады, екіншісі қаржы лимиті. Солар нарықтың қызып кетпеуіне әсер береді. 18 млн болғандықтан тұрғын үйлерді сол бағада сатып алу керектігін айқындайды. Бағдарлама экономикаға кері әсерін тигізбейді. Нарықтағы баға мен «Алматы жастарының» бекіткен бағасында қарама қайшылықтар бар. Бірақ, мемлекет бәріне зәулім сарай, 3-4 бөлмелі пәтер беремін деп өзіне міндеттеме алып жатқан жоқ. Жас отбасылар 1 бөлмелі пәтер болса да, өз үйлерін алып, әрі қарай өз жағдайларын жасап кетуі керек, – дейді қаржы сарапшысы Айбар Олжай.
Ал «Алматы студенттер Альянсы» КҚ директоры Жасұлан Қуандық бағдарлама талаптарына өзгеріс екенін айтады және оның іске асырылуынан әкімдік басқармасынан бөлек арнайы топтың қадағалауын ұсынады.

Бізде әрбір салаға денсаулық, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика салаларында белгілі бір деңгейде өзінідік квота беріледі. Егер спортқа 50 орын берілсе, құжат тапсырғандардың 50-і де 0 баллмен алып кете алады. Бұл жерде міндетті түрде әр адамның зейнетақысы, жұмыс өтілі барлығы ескеріледі. Алайда өткен жылы мамандар адамдардың құжаттарын тексеру кезінде қателіктер жіберген еді. Былтыр барлық талаптарға сәйкес келген үміткерлердің үй кезегіне ілінбей қалғанын көзіміз шалды. Себебі бүгіннің өзінде бағдарламаға 1760 өтінім түскен. 15 күнде 15 000 өтініш түсуі мүмкін. Оның барлығының құжатын тексергенде қателік кетеді. Біз бұрындары жастар кеңесінде Тұрғын үй басқармасының басшысынан бөлек, арнайы топ құру керектігін ұсынғанбыз, – дейді Жасұлан Қуандық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста